.
.
Сабақтың тақырыбы: Өзендер қайдан басталады және қайда құяды ? Сұрау есімдігі Өзендер қайдан басталады және қайда құяды ? Сұрау есімдігі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1933 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Табиғат туралы білімдерін кеңейте түсу; жүйелі сөйлеуге үйрету.
Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға, жалпы тіршілік иесі үшін қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру.
Сабақтың білімділік мақсаты: мәтінді мәнерлеп оқу. Оқу түрлері:
түсініп оқу, іштей оқу, жылдам оқу, теріп оқу, тізбектей оқу, кідіріп оқуға басты назар аудару. Сұрау есімдігі туралы алған білімдерін практикада қолдану, пысықтау
Сабақтың дамытушылық сипаты: Оқушының ой - өрісі, дүниетанымын кеңейту, оқушының ойлау, елестету, жүрекпен жете сезіну, қабылдау қабілеттерін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту
Сабақтың тәрбиелік міндеті: Оқушыларды ізденуге жетелеу, жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу; Қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беріп, әсемдіктісезінуге, туған жерін қадірлеуге, мақтан етуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көрінісі.
Сабақта пайдаланған әдіс - тәсілдер: сұрақ- жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Жақсы тілек тілейік!
- Көркем сөз. ( «Ана», «Отан» туралы)
Үй тапсырмасын сұрау:
- Есімдік дегеніміз не?
- Оның қандай түрлері бар?
- Мысалдар келтіру. Әр нәрсені білу мақсатында сұрақ қойып жүретін бүлдіршіндерді негеш деп еркелетеді емес пе? Есімдіктің ішіндегі негеші - сұрау есімдігі. Өзі аты айтып тұрғандай сұрау есімдігі сұрау сөздерден тұрады. кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы және т. б. сұрақтарға жауап береді.
Тақтаға ілінген тірек сызбадан сұрау есімдіктерін көрсету.
3. Жаңа сабақ.
а) «Табиғатпен тілдесейік». Әдісі: сұрақ - жауап
- Біздің айналымызды не қоршап жатыр?
- Табиғат дегеніміз не?
ә) Табиғатқа байланысты «Жер», «Су», «Ауа» топтарына бөлу. Оқушылардың өз аттарын қорғауы
б) «Табиғат және адам», « Табиғат - менің өз үйім», «Табиғатты аялау, қорғау» тақырыпарында әңгіме жазу.
- Табиғаттың тамаша көрінісін көзімізді жұмып, жан дүниемізбен сезініп алып, енді қағаз бетіне түсіріңіздер
(Теледидардан « Табиғат тамашалары»
тақырыбындағы бейнебаяны жіберіледі)
в) « Табиғат - менің өз үйім» тақырыбындағы тарауға байланысты пікірлерін тыңдау.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені....
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
- Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...
- Мен табиғатты қорғаймын, өйткені....
ғ) «Өзендер қайдан басталады және қайда құяды?» мәтінінін мұғалімнің оқуы. Әдісі: мәнерлеп оқу. Теледидардан «Өзеннің ағысы» тақырыбында бейнебаян жіберіледі
4. Оқулықпен жұмыс
а) оқушылардың оқуы. Әдісі: іштей оқу, кідіріп, мәнерлеп оқу, «түртіп алу» стратегиясы
ә) сөздік жұмысы әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу
5. Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі
а) Қазақстандағы өзендерді еске түсіру. Әдісі: сұрақ - жауап
7. «Жер - Анаға» хат жазу
8. «Су - тіршілік көзі» ой толғау.
Суға байланысты тыйым сөздер айту.
9. «Сыңарын тап» ойыны.
әдісі: мақал - мәтелдердің сыңарын табу.
10 «Білімге деген кұштарлық» ойыны.
Әдісі: топпен жұмыс
11. Өзеннің суретін салу
12. «Не білдік?» «Не үйрендік?»
әдісі: топпен жұмыс. Сызбаларды толтыру.
13. Қорытындылау. Әдісі: Оқушылардың жауабы арқылы басқару, сызба құрастыру, сатылай - кешенді талдау.
14. Бағалау. Әдісі: мониторингті әр топқа беру, таныстыру.
15. Үйге тапсырма
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.