Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жаңа сөздер» -

«Жаңа сөздер»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 380 | Просмотров: 2780 | Размер: 66.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Күні: 14.12.2009
Сыныбы: 5 «А»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Жаңа сөздер»
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардан өтілген тақырыптарды
сұрай отырып, жаңа сөздермен
таныстыру.
б) Мәтіндерден көнерген сөздер мен
жаңа сөздерді тапқыза отырып, ой-
өрісін дамыту.
в) Сын тұрғысынан ойлау
стратегиясының әдіс-тәсілдерін
қолдана отырып, сауаттылыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: Топтастыру, жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой шақыру, іздену, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне суреттер,
семантикалық карта.
|Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу.
Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. 160,161,162-жаттығу жұмыстарын тексеру.
2. Қызығушылығын ояту. «Сандар сыр шертеді»
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Қорытындылау. Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
«Сандар сыр шертеді»
1. Лексика дегеніміз не?
2. Лексика нені зерттейді?
3. Қолдану аясы шектеулі сөздерге қандай сөздер жатады?
4. Көнерген сөздер дегеніміз не?
5. Көнерген сөздер қанша түрге бөлінеді?
6. Тарихи сөздер дегеніміз не?
7. Тарихи сөздерге қандай сөздер жатады?
8. Архаизмдер дегеніміз не?
9. Архаизмдерге қандай сөздер жатады?

Жаңа сөздер

Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа сөз болады. Кейір тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, космос, космонавт,спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш,ғарышкер,жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп,жаңа сөздер болып есептеліп жүр.

Ішіне Сыртына
неологизм архаизм

кеден таможня
ұшақ самолет
жарнама реклама
делдал посредник
зейнетақы пенсия
саябақ парк
кешен комплекс
құжат документ

жылыжай

қызанақ орамжапырақ

қаудан дернәсіл

үлескі

жасуша өскін
ағза

 Мәтінмен жұмыс.
163-жаттығу. Бастауыш сыныптарда оқып-үйренген пәндеріңнен білетін атау мәніндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып шығыңдар. Олардың ішінде қайсысы жаңа болса, сол сөздің астын сызыңдар.
Еңбек құралдары: қағаз,қалам,қарындаш,желім,ермексаз,қайшы,түйме т.б.

164-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Бұл «Нұрқадам» үшін, оның иесі үшін шынында нұр жауған күн болды. Әу баста қазақтың ырымдауымен жақсы ат алған шаруа қожалығының қадамы нұрлы да құтты екен. Колхоздан жерді бөліп алған. Өзіне үш жүз гектар жайылым мен жүз гектар суармалы жер тиген.Суармалы жерге астық, мал азығын өсіріп отыр. Биылғы егісті сеуіп болыпты.Бау-бақша салып жатыр.Қонысбек бірыңғай мал соңында кетпей, көп салалы шаруашылық жүргізбек екен.
Банкіден несие алып, соның ақшасына колхоздан алты жүз бас қой сатып алған. Малдың жүні мен былтырғы астықтың түсімі арқасында банк қарызынан құтылған. Ендігісі – таза пайда.Өзіне пайда.Ал қожалықтың пайдасынан мемлекетке салық түсерін ескерсек, бәрімізге пайда.
 Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.
 Сол сөздердің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын сөздіктерге сүйеніп анықтаңдар.
 Ауыл шаруашылығына қатысты тағы қандай жаңғырып (қайта жаңарып) қолданылып жүрген сөздер барын айтыңдар.
165-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

 Мәтіндегі неологизм сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
 Әңгімедегі Патшайымның кім екенін анықтаңдар.
 Мәтін мазмұнына сүйеніп, оқиғаның өту кезеңіне, ұлттық дәстүрлерге назар аударыңдар.

 Семантикалық картамен жұмыс.

№ түрлері

мысалдар тарихи сөздер архаизм жаңа сөз
(неологизм)
0 тасаттық
1 ханзада
2 үнпарақ
3 асадал
4 әдістеме
5 уез
6 желім
7 алаш
8 самолет
9 қор
10 бастаңғы
11 бірәдар
12 бессайыс
13 қорамсақ
14 болыс
15 төраға
16 космос
17 жасуша
18 қызыл әскер
19 мәжіліс
20 аэрофлот
21 даңғыл
22 класс
23 шөгінді
24 төлемақы
25 сауыт

Қорытынды, бағалау.
Үйге тапсырма:166,167-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.