.
.
ЖАС ДАРЫНДАР ЖАС ДАРЫНДАР
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1299 | Размер: | Автор: ТәрбиеСайыстың мақсаты:
1.Білімділік: өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау және сөйле қабілетерін дамыту.
3. Тәрбиелік: даналыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын молайту,елге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Cайыстың көрнекілігі: білім туралы даналық сөздер.
Ұйымдастыру кезені:
1. Таразалып,талқылар,
Алдыңда тұр асқар сын.
Орта шық, ұландар,
Сайысымыз басталасын!
2. Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Сәт сапар! Ойынға қатысушы сайыскерлер!
1. Қайырлы күн, құрметті ойыншылар, жанкүйелер бүгін
“Жас дарындар” сайысына екі топ қатысып отыр .
“Жұлдыз” және “Үміт”. Қарсы алыңыздар!
Бүгінгі сайысымыз 6 деңгейден тұрады.
1-деңгей: Менің Отаным- Қазақстан.
Капитандар сайысы. 2-3 минут.
2-деңгей: Ел тану. Карточкаларға жауап беру.
3-деңгей: Өнер алды – қызыл тіл.
4-деңгей: Дикторлар бәйгесі.
5-деңгей: Полиглот.
6-деңгей: Тоғызқұмалақ – деген сөзден сөз шығару.
Құрметті көрермендер! Енді сахнаға екі топты шақырамыз.
«Жұлдыз» тобы:
Жұлдыз болып жанамыз,
Білімді бала боламыз.
Қарама-қарсы топқа:
Сайысқанда жаңылмаңдар,
Жамандарға табылмаңдар.
Әділ-қазыларға:
Білімдерді сынаңыздар
Ақыл салып шыдаңыздар.
Бәрімізге жүлде беріп,
Үйге әнмен тараңыздар.
«Үміт» тобы:
Қиялданған үмітпіз,
Келдік бәрін біліп біз.
Қарама-қарсы топқа:
Алға қарай зырлаңдар,
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Жеңеміз деп бөспеңдер
Мақтаңбаңдар тек сендер.
Әділ-қазыларға:
Онша қатты сынамаңыз,
Басымызды қинамаңыз.
Бірінші орын бере салып
Қиын сұрақ сұрамаңыз.
Ал,енді «Капитан»- сайысын бастайық.
2-деңгейге келіп қалды.
Мына интерактивтақтада карточкалар көрсетілген.
Қызыл түсті – бұл қиын сұрақтар.
Жасыл түсті –орташа деңгейлі сұрақтар.
Сары түсті – жеңіл деңгейлі сұрақтар.
Ойынның шартты,егр,бір топтың ойыншысы сұрақты ашып,жауап бере алмаса, сөз кезегі басқа топқа кетеді.
Ұпайлары: қызыл түсті-5 ұпай, жасыл-4 ұпай,сары-3ұпай.
Қызыл түсті карточкалардың сұрақтары:
1.Жамбыл облысы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
2.Спорт туралы не айтуға болады?
3.Қандай атақты спортшыны, патриот спортшыны біз оқыдық?
4. Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қашан тойланды?
5. Бауыржан Момышұлы туралы не айтасың?
6. Абайдың ғылымға,білімге шақырған қандай өлеңі бар?
Жасыл түсті карточкалардың сұрақтары:
1. Қазақстан тәуелсіздігін қашан қабылдады?
2. Қазақстанның неше астанасы болды?
3. Қазақстанның әнұраны қай жылы өзгертілді?
4. Тоқтар Әубәкіров деген кім?
5. Тіл білімінің атасы кім?
6. Қазақ халқының баспанасы не?
Сары түсті карточкалардың сұрақтары:
1.Қазақ тілінде неше септік бар? Атаңдар.
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Кел,балалар, оқылық деген өлеңді кім жаған?
4. Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
5. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
6. Шығыс Қазақстанда қандай су қоймасы бар?
Келесі сайыс: Өнер алды қызыл тіл.
1-топ: Оқу,білім туралы айту.
2-топ: Отан,тіл туралы айту.
«Жұлдыз» тобы:
А) оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.
Б)Оқу-білім шырағы.
В)Білім алу-инемен құдық қазғандай.
Г)Ақыруымен бірді, ақылмен мыңды жығасың.
Д) Ойлай білсең, дана боларсың.
«Үміт» тобы.
А) Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
Б) Білім кілті – тіл.
В) Сөздің көркі мақал,атасы –ақыл,анасы-тіл.
Г) Отансыз адам,ормансыз бұлбұл.
Д) Отан оттан да ыстық.
Жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берейік.
4-деңгейді бастайық. Дикторлар бәйгесі.
Деңгейдің шарты,жаңалықтар болсын,спорт,ауа туралы мәлімет болса,оны дұрыс,әдемі,әдеби тілде айтып жеткізу.
«Жұлдыздар»- спорт туралы.
«Үміт»- ауа райы болжамы.
Жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берейік.
5-деңгей де келіп қалды. Ол өте қызық деңгей.
Полиглот- деген. Екі топқа жеті сөзден беріледі.
Сөздердің аудармасын қатесіз,анық айту керек.
Жұлдыз Үміт
Земля- Знание -
Природа- Государство-
Воздух- Здоровье-
Небо- Пословица-
Море- Жизнь-
Степь- Ум-
Жүргізуші: Тоғызқұмалақ деген сөзден кім көптеген сөздерді шығарып жазады, сол ұтады осы деңгейді. Ал кәне,балалар, қолдарына бір қаламмен бір қағаз алып,отрыңдар.
1. Тоғыз
2. Құм
3. Лақ
4. Тымақ
5. Қыз
6. Қалақ
7. Құлақ
Жүргізуші: Сөз кезегі қазылар алқасында.
6-деңгейдің ұпайын айтып беріп,қай топ көптеген ұпай жинағанын айтып беруге өтінеміз.
Марапатту. Қоштасу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.