.
.
Жас маманмен жұмыс жүйесі 1-жыл Жас маманмен жұмыс жүйесі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 440 | Просмотров: 10938 | Размер: 334.5 Kb | Автор: ТәрбиеЖезқазған қаласындағы №2 орта мектебі
Жинақтап құрастырушы: әдіс бірлестік жетекшісі
Бөлегенова Ақшабақ Тыныштыққызы
1- отырыс
1. Әдістемелік нұсқау хаттың құрылымы
2. Оқулықтар тізбесі
3. Оқу бағдарламасының құрылымы
4. Бағдарламаға сүйеніп күнтізбелік жоспарды құруды үйрету
2- отырыс
1. Жас маманға сынып журналының жүргізілуіне нұсқау
2. Пән мұғалімінің лауазымдық міндетімен таныстыру
3. Мұғалімнің педагогикалық техникасы
4. Тоқсан сайын әдіс бірлестік жетекшісіне өткізуге тиісті құжат (білім сапасы)
5. Дарынды оқушыылармен жұмыс жүргізу жолдары
3- отырыс
1. Қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын мектептердегі жазбаша бітіру емтихандарына қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері
2. Диктантты бағалау
3. Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері
4. Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар
5. Шығарма көлемі мен уақыты
4- отырыс
1. Мұғалім портфолиосының құрылымы
2. www.pedsovet.kz , http://cdo.kz/ , http://ustаz.kz сайттарына тіркелуді, файл жариялауды үйрету
3. Ғылыми басылымдарға мақала жолдау талаптарымен таныстыру.
4. Білім көтеру жоспарының жобасымен таныстыру
5. Қазақ тілі кабинетіне қойылатын талаптар
5-отырыс
1.Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
2. Жас маманды сабақ түрлері және оның құрылымымен таныстыру.
3. Сабақты талдау әдістері мен түрлері
4. Сабақты талдау диагностикалық картасымен таныстыру
5. Психолог зерттеуі
6. Жас маманды мұғалімдердің динамикалық өсу картасымен таныстыру ( толтыру)
Нұсқау хаттың құрылымымен танысу
1.Кіріспе
2013-1014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуіріндегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу бағдарламасының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік» кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен анықталған.
3.Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
«Тіл және» әдебиет білім саласы
5-8- сыныптарда оқу бағдарламасы ана тілінің қызметі, қазақ тілінің қоғамдық рөлі туралы кіріспе тақырыптан әрі қарай әдеби тіл және мәтіннен басталады да, әдеби тілдің жазу мен сөйлеудегі мәні, мәтіндер бойынша ауызша әдеби тіл мен жазбаша әдеби тілдің ерекшеліктері аңғартылып, мәтіннің түрлеріне тілдік талдау жүргізу үйретіледі.
9-сыныптағы негізгі тақырып- қазақ тілінің стилистикасы. Мұнда стиль түрлерімен бірге пунктуация заңдылықтарын сөйлесім әрекеттерінің мақсаты мен ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдалана білуге төселдіру біртұтастықта және сабақтастықта кеңейтіледі.
5-6-сыныпта: «Сөз сыры», Сөзжасамдық норма;
7-8 сыныпта: «Сөз таптарының қолданысы», «Мәтін және сөйлем»;
9-сыныпта: «Тіл тарихы»,«Стиль және сөз мағынасы»,«Қазіргі терминжасам»
Әдебиет
7-8 сыныптарда пәннің білім мазмұнын қамтитын ХІХ-ХХ ғасырдағы әдебиеттің үш тегі: лирика, эпос, драмалық шығармаларды және әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын оқытуда оқушылардың әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын оқытуда оқушылардың әдеби білім аясын кеңейту қарастырылады.
4.Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Қазақ тілі. 10-11-сыныптардағы қазақ тілінің бағдарламасында тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік қызметтерін өзара бірлікте меңгерту көзделеді.
Әдебиет. 10-11 сыныптарда ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқытылатындықтан, шығарманы мүмкіндігіне қарай тұтастай оқыту қажет.
Оқу бағдарламасының құрылымымен танысу
Тіл және әдебиет білім саласы
1. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты- ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсініп, әдеби тіл нормаларын жетік қолдана білетін, сөйлесім әрекеті мен қарым-қатынастық білігі қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, ұлтымыздың рухани мұраларын қастерлейтін дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
2. Оқу пәнінің міндеттері:
- қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі маңызы мен мәнін, қызметін, даму жолдарын таныту;
- тіл білімінің ғылыми негіздерін, олардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгерту;
- оқушылардың тіл туралы түсінігін кеңейту, тілдік қоғамдық-әлеуметтік мәнін, қызметін түсіндіру;
- оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын және логикалық ойлауын қалыптастыру;
- мәтін бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;
3. Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесі
сынып 5 6 7 8 9 10 11
қазақ тілі аптасына
жылына
3 сағ
102 с 3 сағ
102 с 3 сағ
102 с 3 сағ
102 с 1 сағ
34 с 2 сағ гум.-68 с
1 сағ жарат-34с 2 сағ гум-68 с
1 сағ жарат-34с
әдебиет аптасына
жылына 3 сағ
102 с 2 сағ
68 с 2 сағ
68 с 2 сағ
68 с 3 сағ
102 с 2 сағ гум.-68 с
2 сағ жарат-68с 3 сағ гум-102 с
2 сағ жарат-102с
Оқу бағдарламасының құрылымымен танысу
Жас маманға сынып журналының жүргізілуіне нұсқау
1. Сынып журналы қара сиямен толтырылады.
2. Журналда түзету енгізілмейді.
3. Пән мұғалімі сынып журналын бекітілген күнтізбе негізінде толтырады
4. Мұғалім оқушылардың білімдерін ұдайы тексеріп, білімін бағалауға, сондайақ қатысуын белгілеп отыруға міндетті. Журналдың ашылған бетінің сол жағында мұғалім сабақтың болған күнін жазуға, сабаққа қатыспағандарды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті.
5. Мұғалім журналдың ашылған бетінің оң жағына өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазуға міндетті.
6. Біріктірілген сабақтар өткізгенде әр сабақтың күні мен тақырыбы жазылуы тиіс.
7. Жазбаша жұмыстар бойынша бағалар сол жұмыстар өткен күні көрсетілген бағанға жазылады.
8. Жазба жұмыстарының нақты тақырыбы көрсетіліп жазылады.
9. «Үй тапсырмасы» бағанында тапсырманың мазмұны және оны орындау сипаты (оқу, жатқа айту, т.б.), беттері, тапсырма және жаттығу нөмірі жазылады.
10. Журнал толтырарда бірінші бағаннан келесі бағанға шығып кету қатаң ескертіледі.
Жас маманды мұғалімдердің лауазымдық міндетімен таныстыру
1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының жарғыларымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызмет нұсқаулықтарымен айқындалады.
2. Педагогтік қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлері болып есептеледі.
3. Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің:
1. Педагогтік қызметті ұйымдастыру.
2. Оқу орнының жұмыстарына қатысу.
3. ҚР заңдарын оқып,үйрену.
4. Бес жылда бір рет өздерінің біліктілігін арттыру.
5. Әкімшілік бұйрықтарын орындау.
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік және дағды алуын қамтамасыз етуге тиісті.
7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілетерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуі тиіс.
8. Өз біліктілігін арттыру.
9. Педагогтік әдет нормаларын сақтау.
10. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қадір-қасиетін құрметтеуге, салауатты өмір салтын жүргізіп, оны білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттауға міндетті.
11. Олимпиадаға оқуша дайындау.
12. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.
13. Дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.
14. Оқушылардың дәптерлерін уақытылы тексеру.
15. Сабақ беретін сыныптардың журналдарын күнделікті толтырып отыру.
16. Мектепішілік, қалалық іс-шараларға оқушыларды тарту.
17. Ақпараттармен уақытылы танысып, сабақтарда қолдану.
18. Жаңа технолгоияны меңгеру.
19. Педагогикалық кеңестерде баяндама оқу.
20. Санатын көтеру, қызметінде өсу мақсатында мерзімнен бұрын аттестатталуға міндетті.
Мұғалімнің педагогикалық техникасы:
- өз ойын көркем жеткізе білуі;
- ашық және түсінікті сөйлеу
- оө ойын толық және ұғынықты түсіндіру,
- сауатты жазу;
- оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу;
- оқушыны құрметтеу, оны жеке тұлға деп тану;
- ұлтық мәдениет, әдет-ғұрыптың сақталуы;
- мұғалімнің киім киісі, жүріс-тұрысы;
- салт-дәстүрді сақтауы;
- мінез ерекшелігі, психология, педагогика ілімін меңгере білуі.
Тоқсан сайын әдіс бірлестік жетекшісіне өткізуге тиісті құжат (білім сапасы)
Кеңгір селосының №2 орта мектебі
Қазақ тілі пәні бойынша І тоқсан қорытындысы
Пән мұғалімі: Жас маман- Дүйсен Мөлдір Дүйсенқызы
2013-2014 оқу жылы
Сыныбы Оқушылар саны
Пәні Оқу үлгерімі Көрсеткіштер
«5» «4» «3» «2» Үлгерім
% Сапа
%
Диаграммалық көрсеткіштері
Пән мұғалімі: _____________
Оқу жылдамдығы
№ Аты-жөні 5 «А»-сынып
2013-2014 оқу жылы
І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІҮ тоқсан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Нормадан жоғары
Нормамен
Нормадан төмен
Дарынды оқушылармен жұмыс
Мұғалімге қойылатын талаптар:
1. Дарынды баланы анықтау.
2. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу.
3. Сабақты жаңа технологиямен өту.
4. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру.
5. Ата-анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.
6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.
7. Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де біліп отыру.
8. Тапсырманың орындалу дәрежесін қадағалау.
Қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын мектептердегі жазбаша бітіру емтихандарына қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 9 және 11-сынып бітірушілері қазақ тілінен жазбаша бітіру емтихандарында диктант, мазмұндама (9 сынып) және шығарма (11-сынып) жазады. 11-сынып оқушыларын шығарма жазуға төселдіру үшін мазмұндама мәтіндері арнайы енгізілді.
Мектеп бітірушілердің сауаттылығын, білімін бағалау үшін жүргізілетін бақылау диктантарындағы сөз саны белгіленген нормаға сәйкес болуы қажет.
Бақылау диктантының белгіленген нормасы төмендегідей:
5-сынып-90-100 сөз; 7-сынып-110-120 сөз; 8-сынып-120-150 сөз; 9-сынып-150-170 сөз; 10-сынып-170-190 сөз; 11-сынып 190-200 сөз.
Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері:
1. Қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;
2. Сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін, оқылу интонациясын ескерту;
3. Жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің қандай түрлерінің барын анықтау, ондағы екпін, тыныс белгілеріне көңіл бөлу;
4. Сызықша, тырнақша тәрізді тыныс белгілерді қолдану жүйесі.
Егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады.
Мұғалім мәтінді әуелі мәнерлеп оқып шығады, содан кейін жеке сөйлемдерді оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтін бояу оқылады. Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтінін таза қағазға көшіруге рұқсат етілмейді.
Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке-жеке есептеледі де, жалпы бір баға қойылады.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (0/1) диктанттарға қойылады.
«4» деген баға емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5) диктанттарға қойылады.
«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5) немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате бар (5/6) немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) диктанттарға қойылады.
«2» баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады.
«1» деген баға қате саны «2» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан арттық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.
Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.
Мазмұндама және шығарма жұмыстарының
көлемі мен бағалау өлшемдері
Мазмұндама-оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.
Мазмұндама мәтінінің көлемі төмендегідей болады: 5-сынып-100-150 сөз; 7-сынып-200-250 сөз; 8-сынып-250-300 сөз; 9-сынып-300-350 сөз; 10-сынып-350-400 сөз; 11-сынып-400-450 сөз.
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптық толық ашылуы, баяндайу жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлеу құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.
Жоспар құру-оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс. Сондықтан бұл жинақта мазмұндамалардың үлгі-жоспарлары берілмейді.
Емтиханда әр мазмұндама мәтіні бойынша жоспар құру міндетті деп саналады.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, алекіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.
Шығарма- оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркінұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі. Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес) кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сонымен бірге материалды баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.
Ескерту: Бітіру емтиханында еркін тақырыпқа жазылатын шығармаларды ғана өлеңмен жазуға болады. Өйткені еркін тақырып оқушыдан ерекше қабілет-дарынды, терең білімді, көркем әдебиетті көп оқуды талап етеді. Ерікті тақырыпқа жазылған шығарманы бағалау-оқушымен қатар мұғалімге де үлкен сын. Өлеңмен жазылған шығармаға өте жоғары талап қойылады. «Өлең-сөздің патшасы» болғандықтан, оның бағасын төмендетпей, өлең құрылысына қойылатын талаптарды (буын, бунақ саны, тармақ, шумақ өлшемі, ұйқас түрі, тегі т.б.) ескеру керек. Өлеңмен жазылғанның бәрін бірдей жоғары бағалау оқушыларды әдеби талғамсыздыққа, өресіздікке тәрбиелейді, өлеңнің қадірін қашырады. Емтихан жыр мүшәйрасы емес екендігін мұғалім дұрыс түсінуі керек. Бағдарламалық материал бойынша алған шығарманы өлеңмен жазуға болмайды. Кіріспе мен қорытынды бөлімде оқушы орнын тауып бір-екі шумақ өз өлеңін кіргізуіне болады. Жалпы емтихандық шығарма оқушының орта мектеп курсы бойынша әдебиеттен алған теориялық білімін, дағдыбіліктілігін тексеру болғандықтан, тақырып жан-жақты, шығарма талаптарына сай терең талдануы қажет. Сондықтан ол қара сөбен жазылады.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей) толық аша білуі.
2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
3. Арттық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөздікке жол бермеу.
4. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес, басқаларға да түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы.
5. Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып, негізгі ой арқылы шебер байланысуы.
6. Шығарманың кіріспе мен қорытынды бөлімдері қоса алғанда тұтас жұмыстың ¼ бөлігіндей болуы қажет.
7. Міндетті түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жоспар болмауы себепті шығарманың бағасы кемітілуі мүмкін.
8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
9. Оқушының өз шығармасында әр түрлі көркем шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз екелтіруі, ауыз әдебиеті үлгілерінен, сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен өте шағын үзінділерді қисынымен қолдануы жоғары бағаланады, оның терең білімін танытады.
10. Шығармада қолданылған дәйексөздің қайдан алынғандығы айқын көрсетілуі және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуі, жалғастыруы қажет.
11. Шығарма жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек.
12. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой, көркем тілі, тілінің образдылығы, ой сергектігі, сезімталдылығы) бағаланады.
Шығарма көлемі мен уақыты төмендегідей болады:
5-сынып -0,5-1бет; 6-сынып-1-1,5 бет; 7-сынып-1,5-2 бет; 8-сынып-2-3 бет; 9-сынып -3-4 бет; 10-сынып-4-6 бет; 11-сынып-6-8 бет (оқушы дәптерінің беті).
Сыныпта жазылатын шығарма сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі. Бітіру емтиханында -6 сағат.
Шығарманың бағалануы туралы
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы.
2. Ой-пікірдің жүйелілігі.
3. Стилі.
4. Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы дәйексөздігі қолдана білуі, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.
Әдебиет бойынша
«5» деген баға:
- әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе;
- тақырыпқа толық әрі нақты жауап берсе;
- мәселені өзіндік ой-пікір тұрғысында дұрыс талдай білсе;
- ойын жүйелі желімен жаза білсе;
- тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болса;
- шығарма құрылысы ой жүйесіне сай шебер қиысып стиль бірлігі сақталса;
- фактілік қателер болмай, сөзді орынды қолдана білсе;
- қорытынды пікірі орынды, тиянақты болса.
Мазмұнында 1, тілінде 1 елеусіз қате болуы мүмкін.
«4» деген баға:
- жұмыс мазмұны негізінен тақырыпқа сай болса;
- әдеби тілмен жазса, бірақ ойын баяндауда бірен-саран дәлелсіздіктер жіберсе;
- қажетті қорытындылар мен түйіндемелерін дұрыс жасай алса;
- ой жүйесінің шамалы бұзылуы байқалса;
- стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі, бай болса.
Мазмұнында 2, тілінде 2-3 кемшілік болуы мүмкін.
«3»деген баға:
- тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса;
- материалды баяндау негізінен дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлелсіздіктер кездессе;
- баяндау желісі аздап бұзылса;
- сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса;
- стиль бірлігі сақталмаса, тілі солғын болса.
Мазмұнында 4 тілінде 5 кемшілік кездесуі мүмкін.
«2» деген баға:
-жұмыс тақырыпқа сай келмесе;
-көптеген фактілер бұрмаланса;
-шығарманының барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;
-сөздік қоры өте жұтаң, сөйлемдері қысқа, біркелкі, өзара байланыспаса, сөзді орнымен қолданбау жиі кездессе;
-стильдік біркелкілік сақталмаса.
Мазмұнында 6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін.
«1»деген баға:
-тақырыпты мүлде ашып жаза алмаса;
-мазмұнында 7 және тілінде 7-ден артық кемшіліктер кездессе.
Қазақ тілі бойынша
«5»деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қателері болса;
«3»деген баға: емле және тыныс белгілерінен 4-5 тен қателері болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
«2»деген баға: емле және тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6-дан 10-ға дейін қате жіберсе;
«1»деген баға: емле, тыныс белгілерінен қателер саны «2» деген баға нормасынан асып кетсе қойылады.
Мұғалім портфолиосының құрылымы
Түсінік хат
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.
Мұғалім портфолиосы дегеніміз не? Бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары.
Қолданыстағы атауы: мұғалім портфолиосы, педагог портфолиосы, электронды портфолио
Мұғалім портфолиосын жасау. Бұл дәстүр қайдан пайда болған? Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.
Портфолио
• Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына;
• Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерленген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.
Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.
Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональді міндеттеріне:
• педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға;
• педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
• мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы);
Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.
Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама
«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
Сыртқы беті:
- фото (5х6),
- тегі, аты, әкесінің аты,
- диплом бойынша мамандығы;
- жұмыс орны, атқаратын қызметі;
- білім беру ұйымындағы еңбек өтілі,
- үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;
- аттестаттау парағы (Ереженің 8 — қосымшасына сәйкес формасы бойынша);
- жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі;
- білімі туралы диплом көшірмесі;
- ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;
- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;
- алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша). Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері
Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):
- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
-сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
- Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;
- Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: — педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;
- өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);
- жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);
- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес):
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің,
- әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
Кері байланыс жұмысының материалдары:
- сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес)
- оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары,
- ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;
- педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;
- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.
Портфолио бөлімдері
1. Басылымдар (таблица түрінде) №,Мақала атауы, Басылым атауы, күні, № жылы
2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде) №Жұмыс атауы Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.Сынақ нәтижесіКүні
3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату (шебер- сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер) (таблица түрінде) №ШараларҚалалық, республикалық, халықаралық деңгейде Дәлелдейтін құжаттар Күні
4. Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес) (таблица түрінде) №ПәнТақырыпСынып/топСабақ бойынша ұсыныс, пікірлерСабаққа қатысушының аты-жөні, қызметіКүні
5. Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде) №Қызмет мазмұныДәлелдейтін құжаттарСынып/топ Сараптама қорытындысыКүні
6. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) №ПәнШараларНәтижеДәлелдейтін құжаттарКүні
7. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде) №ПәнСынып/топСараптау түріНәтиже (білім сапасы)Күні
8. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде) №Бағалауға қатысушыларБағалау пәніСараптау түріСараптау жұмысының нәтижесіКүні
Ескерту: №7 тараудан басқа тараулар соңғы 5 жыл көлемінде жасақталады
Жас маманға www.pedsovet.kz , http://cdo.kz/ , http://ustsz.kz сайттарына тіркелуді, файл жариялауды үйрету
Кез келген материалды www.pedsovet.kz сайтына жібере аласыз және бұл тегін, ол үшін мына адреске жіберіңіз: [email protected]
немесе жоғарыдағы батырманы басып арнайы форманы толтырасыз.
Материал жіберу
Аты-жөніңіз (обязательно)
E-mail (обязательно)
Облыс
Қала (аудан)
Ауыл
Мектептің аты
Құжатты жүктеу
Құжаттың тақырыбы
Қысқаша мәлімет
Суреттегі символды еңгізіңіз
Жіберу
Интернет олимпиада http://cdo.kz/ сайтына оқушыны және мұғалім өзін тіркеуді жас маманға үйрету
1. Регистрация в системе (мәліметтерді толтыру)
• Имя пользователя (логин)
• Пароль
• Электронный адрес
• Повторить электронный адрес
• Введите код с картинки
• Зарегистрироваться
http://ustsz.kz сайттарына тіркелуді, файл жариялауды үйрету
• Сайтқа кіру
• Тіркелу
- Ат
- Логин
- Құпия сөз
- Құпия сөзді қайталау
- Электронды поштаның мекен-жайы
- Қала
- Облыс
- Мемлекет
- Туылған күні
- Тіркелу
Тіркелгеннен кейін сайтқа кіру
*Логин
*Пороль
*Кіру
Негізгі бет Жаңалықтар Сайт бөлімдері Ең соңғы файлдар тізімі Оқу жылы Пайдаланушы мәзірі
Пайдаланушы мәзірінде файлды жариялай аласыз.
Ғылыми басылымдарға мақала жолдау талаптарымен таныстыру.
1. Мақала құрылымы төмендегідей талаптармен толтырылуы керек.
Мәтіннің сол жақ жоғарғы бұрышына ӘОЖ (УДК) басылады. Жаңа жолдан мақаланың атауы (әріптері жартылай жуан, барлығы да бас әріппен) жазылады. Одан соң тағы да жаңа жолдан авторлардың аты-жөні, келесі жолдан ұйымның атауы жазылады; мемлекеттік тілде жарияланатын мақаланың қысқаша мазмұндамасы орыс және ағылшын тілдерінде, ал орыс тілінде жарияланатын мақалалардың мазмұндамасы мемлекеттік және ағылшын тілдерінде болуы керек.
2. Мақала мәтіні кегль – 12, Times New Roman әрпімен, жоғарыдан және төменнен – 3,0см,
сол және оң жақ тұсынан – 2,5см.
3. Суреттер кестелерімен және формулаларымен анық ақ-қара түспен көрсетілуі тиіс;
4. Мақаланың астын сызып көрсетуге болмайды
5. Мақала көлемі 4-8 беттен аспауы тиіс.
Мақаланы дұрыс толтырудың үлгісі
ӘОЖ
САПАҒА ЖЕТУДІҢ ЖОЛЫ- ТИЯНАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ
Булегенова А.Т.
Жезқазған қаласындағы №2 орта мектебі
В статье рассмотрены виды работ с учащимися при подготовке к ЕНТ
The report describes the various types of work in preparation common national examination
Мақала мәтіні...................................... [1].
Әдебиеттер
1.Исаев С.М. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 1996. – Б.158-185.
2.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1991. – Б.93-117.
Білім көтеру жоспары (жобамен үйрету)
Бағыты № Іс - әрекет әдебиеттер мерзімі
1.Теориялық білімді жетілдіру 1 Әдістемелік-нұсқаулық хатпен танысу Әдістемелік-нұсқаулық хат қыркүйек
2 Жаңа бағдарламаларды оқу. «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасы қыркүйек
3 5,8.9, 11-сыныптарға жаңа оқулықтармен күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы,
әдістемелік құралдар қыркүйек
4 Заң және заңнамаларды оқу. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.08.1995), Еңбек кодексі (15.05.2007), «Неке және отбасы» туралы заң (17.12.1998), «Бала құқығы» туралы конвенция (8.08.2002), «Сыбайлас жемқорлық» туралы заң (2.07.1998) қазан
5 Пәндік әдістемелік журналдарды оқу «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Оқыту технологиялары», «Қазақстан мектебі», «Тәрбие жұмысы» журналдары үнемі
6 Оқытудың педагогикалық технологиясы С.Исаев «Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері үздіксіз
2.Тәжірибелік шеберлікті дамыту 7 Арнайы ұйымдастырылған курстардан өту, курс аралық қалалық семинарларға қатысусеминарларға Жоспар бойынша
8 Білім көтеру курстарынан өту Жыл бойы
9 Ақпараттық коммуникативтік технологияларды зерттеу «Педагогикалық технологиялар» журналы,баяндамалар әзірлеу Жыл бойы
3.Жаңашыл іс-тәжірибемен танысу 10 Интерактивті тақтамен жұмыс істеуді оқып үйрену Active Inspire Studio бағдарламасын меңгеру Жыл бойы
11 Озық ұстаздармен тәжірибе алмасу жыл бойы
12 Қазақ тілінен қалалық семинарларға қатысу, практикада қолдану «Тіл тұғыры» қалалық әдеби үйірме, «Жарқын болашақ» олимпиада, «Сарыарқа дарыны» шағын жоба жасау, Интернет -олимпиадаға қатысу жыл бойы
4.Мектепішілік іс-шаралар 13 Ғылыми–практикалық конференцияларға баяндамалар даярлау: «Мұқтар Әуезов-қазақ әдебиетінің классигі», «Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерінің гуманитарлық бағытты пәндерде оқыту нәтижесі», «Оқушылардың ақпараттық білім алу ортасының құзырлығын дамыту», «Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану» жыл бойы
14 Мұғалімдердің сабағына қатысу жыл бойы
Жас маманды қазақ тілі кабинетіне қойылатын талаптармен таныстыру
Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті-оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, арнайы жабдықталған оқу бөлмесі.
Кабинет арнайы жабдықтармен, жиһазбен, оқудың техникалық құрал-жабдықтарымен, оқу-көрнекілік, диотека, фонотека, анықтамалық және көркем-әдебиеттермен қаруланады.
Стенд жүйемен жасалады.
Кабинетке қойылатын талаптар
1. Оқу құралдары, техникалық және көрнекі құралдар мен оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер және дидактикалық материалдары бар, қызметтік бағыты айқын көрсетілген қазақ тілі және әдебиет кабинетінің төлқұжаты болуы тиіс.
2. Оқу жылына арналған қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің мектеп директоры бекіткен жоспары.
3. Қазақ тілі мен әдебиет кабинетінде сабақ жүргізуге берілген акт-рұқсатнама.
4. Пән бойынша оқу бағдарламасын орындауға қажетті оқу жабдықтар мен техникалық құралдар кешені
5. Қазақ тілі мен әдебиет оқулықтары, диктанттар мен мазмұндамалардың, тестілеу тапсырмалар жинақтары және оқыту үрдісінің сапасын анықтауға арналған басқа да материалдар.
6. Оқушылар орындаған жазба жұмыстарының, рефераттардың, баяндамалардың, кесте мен сызбалардың және шығармашылық еңбектерінің жиынтығы.
7. Қазақ тілі және әдебиет пәнін оқыту барысында пайдаланатын тұрақты және ауыстырмалы оқу-ақпараттық стенд материалдары.
8. Оқу жұмысын жобалау (сынақ, тестілеу, жаттығу жұмыстары, емтихандар бойынша оқушыларға арналған нұсқаулар)
9. Қазақ тілі мен әдебиет кабинетіндегі жабдықтармен оқытудың техникалық (аудио, бейне) құралдары көрсетілген инвентары кітабы.
10. Кабинеттің қазіргі замандық талаптарға сай талғампаздықпен жабдықталуы.
11. Дәрі-дәрмектер қобдишасы
12. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мен оқытудың жаңа технологияларын енгізуді тәртіпке келтіруші нормативтік құжаттардың (Мемлекеттік стандарт, ҚР қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бағдарламаларының, нұсқау хаттардың) кабинетте болуы шарт
Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
1.Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.
2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.
3.Оқу матералын талдаңыз.
4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.
5. Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.
6.Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.
7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.
8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
11. Өзіңізді тексеріңіз.
→ а/ сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;
→ ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;
→ б/ қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптастыру керек;
→ в/ берілген материалды оқу барысында оқушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.
1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын /жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,
ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз.Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз
2.Сынып жорналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.
3. Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді ? деген сұрақты қоймаңыз.Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік- тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
4. Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.
5. Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.
6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.
7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.
8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.
9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз.Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
10.Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.
11. Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада
тәртіпке шақыру - мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.
12.Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
14. Н.А.Добралюбованың «Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім – бұл әділ мұғалім» деген сөзін есте сақтаңыз.
Жас маманды сабақ түрлері және оның құрылымымен таныстыру
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар
1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:
1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Коммуникативті бағдары
7. Даралап оқыту
8. Ана тіліндегі оқытылуы
9. Жеке дара оқыту
Сабақты талдау әдістері мен түрлері
Педагогикалық сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің құрлымын, білім сапасын, оқытушының кәсіби біліктілігін анықтау, болып табылады.
Оқушылардың білім, білік іскерлігі мен сабақты талдаудың мақсаты:
-оқушыларды кәсіби мамандықты игеру деңгейі, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқыту процесінің мазмұндылығын анықтап, оған нұсқау беру;
-оқу-тәрбие процесінің құрлымымен мазмұның анықтау;
-оқушылардың білім, білік, дағды,іскерлік сапасын, деңгейін бақылау;
-мұғалімнің не шебердің кәсіби біліктілігін анықтау;
-мұғалімге нұсқау, педагогикалық шеберлікке жетуге көмек беру;
-мұғалімнің жетістігін анықтау, және оны жариялау
-мұғалімнің кемшіліктерінің себебін анықтау,оны жоюға көмектесу
-мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты талдау барысында оқытушының немесе оқу шеберінің, оқушының сабақтың іс-әрекетін төмендегі көрсеткіштермен талдайды.
Оқытушы немесе оқу шебері:
-ұйымдастыру мақсатын дұрыс және айқын қоюы;
-теориялық білімділігі;
-педагогикалық мәдениеті;
-уақытты тиімді пайдалануы;
-сабаққа тиімді және жаңа әдістерді қолдануы;
-оқушыға жеке дара көңіл бөлуіді іске асыруы;
-көрнекі, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдалануы;
-оқушылар білімін дұрыс бағалай біліуі;
-сабағын өзіндік талдауы.
Оқушылардың сабаққа қатысуы:
-оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі;
-білімі дайындығы;
-жан-жақтылығы, логикалы ой-дәрежесі;
-практикалық, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті;
-тәртібі мәдениеті, киіну мәдениеті;
-оқу-құралдарының сапасы.
Сабақтың өтілу барысы:
-сабақтың тартымдылығы;
-жаңалығы,өмірмен байланысы,ғылымилығы;
-интенсивтілігі,тиімділігі;
-оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілетін арттыру;
-сабақтың жүйелілігі, сабақ құрлысының сақталуы;
-сабақтың нәтижелігі,оқушы нені қаншалықты үйренгендігі;
-үй тапсырмасының, берілуі, мөлшері,эстетикалық,
-санитарлық –гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Оқытушылар өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа еніп,теориялық және практикалық сұрақтардан, сабақтың түрі мен әдісі жағынан,оқу-тәрбие жұмысының нәтижесімен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, қажет жағдайда озық тәжірибесін өз сабағына пайдаланып,үйренеді.
Оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақты талдауы төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асады:
-оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттері;
-сабақтың негізгі құрлысы;
-оқу-материалды тиімді іріктеу;
-оқыту әдісін үйлесімді таңдап алу;
-оқушының жалпы білім, дағды деңгейі;
-оқыту әдісін даралауды жүзеге асыру;
-көрнекілік ожәне техникалық оқу құралдарын пайдалану;
-пәнаралық дайланыс және өмірмен байланыс;
-үй тапсырмасының берілуі;
-оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі,ұйымшылдығы,белсенділігі;
-уақытты тиімді пайдалануы;
-эстетика, санитарлық-гигеналық шарт;
-моралды-психологиялы ахуал
-Сабаққа деген талаптардың орындалуы.
Сабақты талдау парағында пән аты, тобы, қатысқан күні, оқытушының аты-жөні, сабақтың тақырыбы жаылады. Талдау соңында өткізген сабаққа жалпы пікір, ұсыныстар мен қорытындылар жазылады.
Сабақтың диагностикалық картасы
Мектебі _______________________
Мұғалімі ______________________
Пәні__________________________
Сыныбы ______________________
мотивация Сабақтың мақсатын айқындау
Сабақтың міндетінің дұрыс қойылуы
Оқушының сабақтың міндетінің дұрыс түсінуі
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
Сабақтың мазмұндық компоненті Сабақтың мақсаты мен міндетінің сәйкестігі
Сабақтың ғылымилығы
Сабақты түсінуге оңтайлығы
Сабақтың жүйелілігі
Сабақтың дәлдігі және мөлшері
Уақытты тиімді пайдалануы
Сабақтың сарамандық бағыты
Сабақтың тәрбиелілігі
Сабақтың дамыту мүмкіндігі
Сабақтың жүзеге асыру компоненті Сөздік қоры
Көрнекіліктер арқылы түсіндіру
Оқушының түсінуі, қабылдауы
Ішінара зерттеу
Проблемалығы
Сабақтың ұйымдастырылуы, жүргізілу тәртібі
Танымдық көзқарасын жетілдіру
Сабаққа ынталандыру қабілеті
Бірін-бірі бақылау
Өзін-өзі бақылау
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс
Бағалау. қорытынд Бақылаудың уақытында өткізілуі
Оқу үрдісінің жинақтылығы
Қойылған бағалардың нақтылығы
Сабаққа педагогикалық талдау жасалу
Оқытудың алдағы міндеттерін болжауы
Қатысқан күні ____________
Қатысқан мақсатыңыз _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақты талдау __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Психолог зерттеуі
Жас маман- Дүйсен Мөлдір Дүйсенқызы
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі 8 «б» сынып жетекшісі
Методикалық тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
1. Тест: Г.Жақыпова. Педагогикалық қабілетті зерттеу
Мақсаты: Педагогикалық қабілеттің даму деңгейін зерттеу.
Педагогикалық қабілеті орта деңгейде дамыған
2. Мұғалімнің методологиялық мәдениетін өз бетінше бағалауы жоғары
3. Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетінің деңгейін бағалауы
4. Өздігінен білім алу әрекетіне дайындықты педагогикалық бағалау және өзін-өзі бағалау картасы
1. Мотивациялық компонент – 6 ұпай
2. Когнитивті компонент – 7,3 ұпай
3. Рухани – ерік-жігерлік компонент – 8,3 ұпай
4. Гностикалық компонент – 8 ұпай
5. Ұйымдастырушылық компонент – 8 ұпай
6. Педагогикалық қабілеті – 9 ұпай
7. Коммуникативтік қабілеттері – 9 ұпай
Мұғалімдердің кәсіби деңгейін айқындауға арналған сауалнамалар мен тестілер қорытындысы бойынша мұғалім ІІ то кәсіби шеберлігін жетілдіру тобына жатады.
1.Дүйсен Мөлдір шынайы білім сапасы – 65 пайыз
• Қосымша сабақ кестесімен жұмыс жүргізеді
• Сабақтарға жаңалық енгізуді «қажет» деп санайды
• Берілген апталық жүктемеге келіседі
Мұғалімнің динамикалық өсуі (әр пән мұғалімі толтырып отырады)
Пән мұғалімі ______________________________________________
Іс-әрекет 2013-2014 2014-2015 2015-2016 Қорытынды
Санаты
Білім сапасы
(үлгерім сапа) 5-сынып-
6-сынып-
7-сынып-
Бақылау кесіндісі
(үлгерім сапа)
Олимпиада (қалалық)
Ғылыми жоба
ҰБТ
(үлгерім сапа)
ОСЖБ
(үлгерім сапа)
Білім көтеру курсынан өту
(жылы, тақырыбы)
Шығармашылық жұмыстар
(ғаламторларда жариялануы, баспаға мақала жариялауы)
Оқу әдістемелік кешен
Ғылыми практикалық конференция
Мұғалімдердің кәсіби байқауға қатысуы
Дидактикалық материалдар
Тереңдетілген сыныптар
Шығармашылық есеп бергендер
Жаңа технология
Пән мұғалімдердің марапатталуы
Оқушылардың жетістігі (орын, іс-шара атауы)
Авторлық бағдарлама жасау
Таңдау курстарының жүргізілуі
Мұғалімдердің шығармашылық әуестігінің деңгейі
-педагогикалық шеберлігі жоғары топ
-педагогикалық шеберлігі қалыптасқан топ
-қалыптасу жолындағы топ
Мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығы
Мұғалімнің шығармашылық потенциялы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.