.
.
Күні: 11.02.13 Жаттығу жұмысы
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 237 | Просмотров: 4142 | Размер: 9.2 Kb | Автор: ТәрбиеСыныбы: 7 «а»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы
(есімше, көсемше түрленуін қайталау)
Мақсаты: а)Оқушылардың есімше мен көсемшенің түрленуі туралы алған
білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикамен
ұштастыру
ә) сөздік қорларын байыту, ойлау, қабылдау қабілеттерін
жетілдіру, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту
б) сауатты, ұқыпты жазуға баулу, нақыл сөздер арқылы
адамгершілікке, батылдыққа, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдіс – тәсілі: сұрақ –жауап,түсіндіру,ой-толғау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, перфокарта, тест тапсырмалары,бағалау қағаздары
Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
- оқушылармен амандасу;
- құрал –жабдықтарын тексеру;
- кезекшімен сұхбат;
- сынып гигиенасы;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі (ереже жаттау), жаттығу
ІІІ Өткенді пысықтау
1)Оқушыларға тест жұмысын беру, орындап болғаннан кейін жауабын экранға шығарып, бір-біріне жауаптарын тексерткізу
IV Жаңа білімді меңгерту
1) «Біліміңді байқап көр» - сұрақтарға жауап беру
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің ерекше түрі?
3. Есімшенің түрленуі, мысал келтіру
4. Көсемшенің жасалу жолдары қандай?
5. Есімшенің сөйлемдегі қызметі, мысал келтіру
6. Көсемше қай жалғауды қабылдайды?
7. Көсемше сөйлемнің қандай мүшесі бола алады?
2) «Талдап білеміз бе?»- морфологиялық талдау
Тапсырма:Етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жасау
1.Түлкі төлден өседі.
2. Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.
3. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
4. Оспандар трактор айдап, бір күн де тоқтатқан жоқ.
5. Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.
6. Осыны сезген Абай тоқтаусыз жыр тереді.
3) «Сен қалай ойлайсың?» - синтаксистік талдау жасау
Берілген мақал-мәтелдерге,нақыл сөздерге синтаксистік талдау жасап, етістіктің атқарып тұрған қызметін анықтау
1. Көрмес – түйені де көрмес
2. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді.
3. Елге еткен жақсылық еленбей қалмайды
4. Үнсіз күліп тұрған –бағанағы шәкірт бала
5. Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.
ІV Оқулықпен жұмыс
206-жаттығу.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
208 – жаттығу. Мәтінді оқу. Есімшелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жазу
V Шығармашылық жұмыс
Берілген сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрау
Көмектесіп келдік, жиналған, келісіп, көргелі, ертіп әкелдік, айтады, сұраған жоқ,
VI Қорытындылау
Венн диаграммасын толтыру
Есімше мен көсемшені салыстыру
VII Бекіту
Кестені толтыру.INSERT әдісі
Білемін Жаңа ақпарат Ізденемін
VIII Үйге тапсырма
Ереже қайталау, әдеби кітаптардан есімше мен көсемшенің түрленуіне 7 сөйлем жазып келу
ІХ Бағалау
Оқушыларды бағалау парақтары бойынша тиісті бағаларын қою
Асылхан-5,Темірлан-5, Әсел- 4, Фариза-4, Рауза-3
Бүгінгі сабағымыз аяқталды, Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.