.
.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жолаушы жігіт. Жолаушы жігіт.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1503 | Размер: | Автор: ТәрбиеСАБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: Адамзат тарихында жұлдыздай жарқырап із қалдырған, Шығыстың «Екінші Аристотелі» атанған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, оқушыларды өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Шәкірттердің шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Әбу Насыр әл-Фараби өнегесі арқылы еңбексүйгіштікке, білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары, сұрақ-жауап, пікір алмасу, әңгімелеу.
Жұмыс түрі: топтық, жұптық.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география, музыка.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшімен әңгіме.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
(Әл-Фараби туралы жаңа, қосымша мәліметтер тауып келу, «Отырар кітапханасы» мәтінінің мазмұнын айту).
ІІІ. Жаңа мәтінмен жұмыс.
1. Жаңа сөздер:
ұлық – правитель
құмар болу – быть сильно увлеченным
қара мұртты – черными усами
өткір көзді – с проницательным взглядом
қыр мұрынды – прямым носом
кең маңдайлы – широким лбом
бидай өңді – белолики, светлый
ат жақты – с широким, открытым лицом
кең иықты – широкоплечий
ашаң жігіт – худощавый
а) сөз тіркесін құрау;
ә) сөйлем құрау;
б) мәтінді оқып, танысып, аудару.
2. Сұрақ-жауап:
(Әсіресе соңғы сұраққа мән беру, оқушылардың ойын білу).
3. 2-тапсырма: Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтау.
4. 4-тапсырма: Мәтіннен Әбу Насыр әл-Фарабидің бет-әлпетін суреттеген сөз тіркестерін тауып айтыңдар.
IV. Ой қозғау стратегиясы. (Оқушылардың өз тобындағы бір оқушыны суреттеуі, екі топқа қағаз беріледі).
Есте сақтаңдар!
Адам жасын мөлшерлеп атау:
25 жасқа дейінгі кезеңді «дәурен» дейді.
50 жасқа дейінгі кезеңді «ел ағасы» дейді.
75 жасқа дейінгі кезеңді «аталық жас» дейді.
75 жастан кейінгі кезеңді «қарттық жас» дейді.
100 жыл, бір ғасыр, оны «дәуір» дейді.
(Оқушыларға кеңірек түсіндіріп кету).
Жаттап алыңдар:
Мүшел жастар: 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97.
Балалық мүшел – он үш жас.
Жігіттік мүшел – жиырма бес, отыз жеті жас.
Ағалық мүшел – қырық тоғыз, алпыс бір жас.
Аталық мүшел – жетпіс үш жас.
Кәрілік мүшел – сексен бес, тоқсан жеті жас.
Топтық жұмыс.
V. Лексикалық ойын. «Синонимдер мен антонимдер».
Мәтіннен алынған мына сөздердің синонимдері мен антонимдерін табыңдар:
ұлық –
өмір –
қызықты –
босаға –
өңді –
сауық –
VI. Мәтіннен сабақтас және салалас құралас сөйлемдерді тауып, оларды сөйлем мүшелеріне талдау.
Мақалдарды түсініп оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар:
1. Бірінші байлық – денсаулық.
2. Адамның жүрген жері – абат.
3. Өнерлі бала – сүйкімді.
4. Оқы да біл,
Ойна да күл.
VII. Антоним сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
қызықты – қызықсыз жіңішке – жуан
құмар болу – жек көру қара – ақ
үстінде – астында өткір – ұяң
кең – тар алыс – жақын
босаға – төр ашаң – толық
VIII. Ойын «Құпия хат».
Сөздерді дұрыс тауып, сандардың орнына тиісті әріптерді қойып, құпия хатты толық шешкенде Әбу Насыр әл-Фарабидің екі ғылыми еңбегінің аты шығады.
1-топтың тапсырмасы:
Ұлттық ойын түрі – 1, 3, 7, 8. (асық).
Маңғыстау облысының орталығы – 8, 9, 1, 6. (Ақтау).
Н.Назарбаев кім? – 2, 4, 5, 1, 3, 7. (Елбасы).
«Қас» сөзінің синонимі – 10, 1, 6. (жау).
«Бар» сөзінің антонимі – 10, 11, 8. (жоқ).
«Дело» сөзінің аудармасы – 12, 3. (іс).
2-топтың тапсырмасы:
Орманды мекендейді – 1, 10. (аң).
Сиырдың төлі – 2, 11, 8, 1, 4. (бұзау).
Ер қанаты – ... – 1, 14. (ат).
Тышқанның мекені – 13, 6. (ін).
«Саз» сөзінің аудармасы – 7, 4, 8, 5, 9, 1. (музыка).
«Ұл» сөзінің синонимі – 2, 1, 3, 1. (бала).
IХ. Сабақты бекіту.
Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрастыру, сол жоспар бойынша әңгімелеу.
Х. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма. (49-беттегі 9-тапсырма).
Сабақты өткізген: ХАСАНОВА НҰРГҮЛ ҚАЛАМҒАЛИҚЫЗЫ,
Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1-санатты ұстаз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.