.
.
№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі КММ “Жолбарыс”
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2227 | Размер: | Автор: Тәрбие(4 а сынып)
Тақырыбы: “Жолбарыс”
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі Бахтина Айнұр Нұрбекқызы
Семей қаласы
2012 оқу жылы
Күні :06.04.12
Сынып: 4 а
Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс
Сабақтың мақсаты:
Мәтінмен жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, жолбарыс жайлы түсіндіру
Сабақтың міндеті:
Білімділік.Өткен сабақта жануарлар жайлы алған білімдерін жалғастыра отырып, жолбарыс жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық. Жануарлар жайлы өз ойларын айта білуге дағдаландыру,ауызекі сөйлеу, әңгімелеу арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік.Таза, ұқыпты жазуға баулу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, оқулық, үлестірмелі қағаздар, слайдтар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
(Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау,сынып тазалығына мән беру)
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар!
- Сыныпта кім кезекші?
- Бүгін кім жоқ?
- Сабаққа дайынсыздар ма?
ІІ. 1. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген 177 беттегі 2-тапсырманы оқушылардан тексеру.
2. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Көк кит қайда мекендейді?
- Оның салмағы қанша екен?
- Ұзындығы ше?
3. - Енді балалар, тақтаға назар аударайық. Сонымен, өткен сабақта біз қай жануармен таныстық?
- Ия, дұрыс айтасыңдар балалар,кит. Енді сол кит сөзін септеп көрейікші.
А.с. кит
І.с. киттің
Б.с.китке
Т.с.китті
Ж.с.китте
Ш.с.киттен
К.с.китпен
ІІІ.Жаңа сабақты өтпес бұрын,өткен сабақта танысқан сөздерді есімізге түсірейік.
Салмағы – вес
Ұзындығы – длина
Енді балалар осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құрап көрейікші.
Киттің ұзындығы – длина кита
Сызғыштың ұзындығы – длина линейки
Киттің салмағы – вес кита
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жолбарыс»
Сабағымыздың мақсаты: жануарлар тақырыбын жалғастырып,жолбарыс жайлы өз білімімізді толықтыру
Алдымен балалар, жалпы жануарларға не жататынын атап өтейікші. Жануарларға: Аю,піл, жолбарыс, тасбақа, кит, керік, т.б. жатады. Осы аталған жануарлардң ішінен балалар, біз бүгін жалбарыс жайлы сөз қозғаймыз.
Енді балалар, долбарыстың қандай екенін білу үшін, бүгінгі сабақтың жаңа сөздерге назар аударайық
Жолбарыс – тигр
Күшті – сильный
Жыртқыш – хищник
Қабан – дикая свинья
Оңай – легко
Ертеде – давным-давно
Қамыстың жағасында – в прибережных камышах
1-тапсырма. Мәтінді оқы, әңгімеле
Жолбарыс - өте күшті жыртқыш аң. Ол 9-10метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды, сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 120 км жүгіре алады.
Ертеде Қазақстанның Іле, Балқаш, Сырдария,Зайсан сияқты өзен, көлдерінің қамысты жағасында жолбарыс көп болған.
Алдымен оқушыларға оқытамын. Аудартамын.
Мәтін бойынша сұрақтар қоямын.
- Жолбарыс қандай аң?
- Ол қанша метр жерге секіреді?
- Жолбарыс қандай жануарларды өлтіре алады?
- Сагатына неше мерт жүгіре алады?
- Ерте заманда жолбарыстар еліміздің қай өңірінде мекендеген?
2-тапсырманы орындату. Сөйлем құрап үйрен.Ұқсас тапсырма жазу
1. Жолбарыс
2. Үлкен жолбарыс
3. Үлкен жолбарыс көрдім
4.Мен үлкен жолбарыс көрдім
5. Мен хайуанаттар бағында үлкен жолбарыс көрдім
3-тапсырма. Сөйлемдерді жаз.
Сен білесің бе?
Ең ірі маймыл – горила
Ең ірі бақа – голиаф
Ең кіші кенгуру – валлаби
Ең жүйрік сүтқоректі – гепарт
Ең ірі қолтырауын – Ніл қолтырауыны
Ең ірі- көбелек – агриппитина
4-тапсырма. Оқы, біліп ал. Тапсырманы ауызша орындау
Оңай жаттығу, оңай жазу, оңай есеп, оңай тапсырма, оңай сабақ
5-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.
ІҮ.Сабақты қорытындылау
Балалар, біз бүгінгі сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?
Қане есімізге түсірейікші, жолбарыс қандай жануар?
Ү.Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау,1-тапсырма, оқып, мазмұнын айту
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.