Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыл мезгілдері. -

Жыл мезгілдері.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 277 | Просмотров: 1920 | Размер: 50.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Мен, Шынар Меңдіханқызы Бақтыгереева Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде,орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс беріп келемін. Бүгінгі хатымда, 3-сынып бойынша “Жыл мезгілдері” тақырыбында өткізген сабағымды өз әріптестеріме тәжірибе алмасу мақсатында жолдап отырмын.
Тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: жыл мезгілдері туралы қайталай отырып, оқушыларды
мәтінді мәнерлеп оқуға, оқығанын түсініп, дұрыс жауап
беруге үйрету. Сурет бойынша сөйлем құрастыра отырып,
сөздік қорын арттыру.
дамытушылық: Табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын
байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын
қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
тәрбиелік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, ауызша суреттеу, ауызекі сөйлеу, топпен
жұмыс.
Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреттері, тақырыптық суреттер,
мультимедиалық проектор.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Бүгін ауа- райы қандай?
Аптаның қай күні?
Кім кезекші? т.б.
II. Жаңа сабақ .
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың мақсатымен таныстыру. «Жыл мезгілдері туралы» қайталау.
2. Сынып оқушыларын 1-2-3-4 реттік санымен 4 топқа бөлу.
III. Оқулықпен жұмыс:
I-топ
1.мультимедия арқылы жаңа сөздерді оқып, танысу
әдетте- обычно
сақталу- сохранится
2. жаңа сөздерді хормен қайталау
II- топ
1. 4- 5 сөзді қолданып сөз тіркесін құрау
III- топ
«Жыл мезгілдері » мәтінін оқып көрсету.
IV- топ
Мәтінді қатесіз мәнерлеп оқу.
V. Оқушы шығармашылығы.
I- топқа: «Күз» суреті бойынша өлең жолдарын жазу тапсырылады.
II- топқа «Қыс» сызбасы бойынша жоспарды қолданып әңгіме құрау.
III- топқа «Көктем » сызба бойынша жоспарды қолданып әңгіме құрау.
IV- топқа: «Жаз », «Қыс » айлары бойынша «Венн » диаграмасын құру тапсырылады.
VI. Көңіл сергіту.
1. Жаңылтпаштарды тез- тез оқу
Көктем - өлкемді өркендеткен,
Өлкем көктемде көркем неткен!

Тысты қыста құс бола ма?
Қысқа- қысқа қыс бола ма?
Тыста қыста құста болады
Қысқа- қысқа қыста болады.

VII. Қорытынды. Сөз жұмбақты шеш.

1. Ай аты.
2. Жүз жылда........ болады.
3. Аптаның үшінші күні.
4. Мезгілдің біреуі.
5. Аптада жеті ........ бар.
6. Аптаның басы.
7. Жер аударатын құрал- сайман.
8. Немен су тасиды?

VIII. Үйге тапсырма: 1. Жаңылтпашты жаттау.
2. Ауа райы суреті бойынша әңгіме құрау.
IX. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.