.
.
Тақырыбы: Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1783 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;
7)ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
ХХІ ғасыр адамның құқықтары мен бостандығын бірінші орынға қойды. Әрбір демократиялық мемлекет адам құқықтарын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндеттенеді.
1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблесясы «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын» қабылдады. Онда адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етіледі. Бұл Декларация 30 баптан тұрады. Олардың
Кейбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
1-бап «барлық адам өзінің абыройы мен құқығы жөнінен бір-бірімен тең әрі азат болып туады. Оларға ақыл-ой мен ар-ождан берілген, ендеше бір-бірімен бауырмалдық рухында ғана қарым-қатынас жасауға тиісті»
3-бап «әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қолсұғылмайтын дербестікке құқығы бар»
7-бап «барлық адам заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңды түрде теңдей қорғалуға құқылы»
29 бап «әрбір адам өзінің еркін әрі толық кемелденуіне мүмкіндік бере алатын қоғам алдында борышты»
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясынан басқа адам құқықтары туралы халықаралық пактілер бар. Олар – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті. 1966 жылғы 19 желтоқсандағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті»
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада «Бала құқықтары туралы Конвенцияны» қабылдады. Бала құқықтары туралы Крнвенцияға бүгінгі таңда 191 мемлекет қосылған, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Конвенция декларативтік акті болып есептелмейді. Бұл әлемдік қауымдастыққа кіретін мемлекеттер жасаған көп жақтылы заңды міндетті құжат. Осы Конвенцияны бекіткен мемлекеттер өз елінің аумағында оның нормаларын сақтауға міндетті.
Конвенция балалардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қамтитын 54 баптан тұрады. Бұл құқықтарды 3 бөлімге бөлуге болады.
1. Қамтамасыз ету;
2. Қорғау;
3. Қатысу;
Конвенцияның негізінде 2002 жылы шілде айында Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» заң қабылданды.
Қазақстанда Сара Алпысқызы Назарбаеваның басшылығымен «БӨБЕК» балалар қоры құрылған, ол бала құқықтарын қамтамасыз етумен айналысады.
Сабақты қорытындылау: Әрбір демократиялық мемлекет адамның құқықтарын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндеттенеді
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §32,175-182 бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.