.
.
Бақтығалиева Ә.Б. Орал гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,Н.Сыдықов к-сі 78/64. Тел:87018493132. Адам және Отбасы.”
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: “Адам және Отбасы.” Сабақ мақсаты: Неке және отбасы ұғымы,мазмұны туралы түсінік қалыптастыру.Отбасының құрамы,түрлері және қызметі туралы ,отбасы қайшылықтары оны шешудің жолдары туралы айту. Дамытушылық міндеті:Қ.Р-ның Отбасы заңына сүйеніп ,сұрақтар қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік міндеті:Адам баласының қасиетті борыштары мейірімділік, адамгершілік,отансүйгіштік сезімдердің отбасынан бастау алатынын ұғындырып,некені ,отбасын қадірлеп,оның жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеу. Сабақ көрнекіліктері:Отбасы түрлері туралы сызбалар,статистикалық мәліметтер келтірілген слайдтар, «Отбасы туралы »нақыл сөздер.
Сабақ барысы: I Ұиымдастыру бөлімі. IIЖаңа сабақ жоспары: 1. Отбасы ұғымы, мазмұны.
2. Неке ұғымы,мазмұны,түрлері.
3. Отбасының қызметі, құрамы, түрлері.
4. Отбасының қайшылықтары. Отбасы-әлеуметтік инстетуттардың белгілерін бойына сіңірген әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы-қоғамдық құрылымның шағын ерекше үлгісі,сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы,қоғамның алғашқы ұясы. (Отбасы мазмұны туралы шағын лекция оқу.) Отбасы болуы үшін неке қалыптасуы қажет.Неке-әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік,олардың табиғи шарты,өзара құқықтары мен міндет терін белгілейтін формасы.Неке ер мен әйел арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік,эстетикалық ұйытқысы. Неке-отбасының заң жүзіндегі негізі,ер мен әйелдің өзара түсінісуінің,еріктілігінің негізінде құрылатын ода ғы,адамның әлеуметтік,табиғи,сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке- махаббаттың іс жүзіне асуы.Сүю,сүйген адамның өмірімен өмір сүру,басқаның бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу,берік,шын махаббаттың негізі. Некенің қазіргі уақытта көптеген түрлері бар:
1. Заңды неке АХАТ-қа бірер ай бұрын некеге тұратын жастар арыздарын беріп тіркеледі. Олардың қолына некеге тұрды деген куәландыратын құжат беріледі. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салдарлары болады. ( Ағайындылар сериалынан үзінді. ) Санымен қатар кейбір неке қиюшылар арасында неке шарты жасалады.
2. Өмірде тіркелмей-ақ некеде тұрушылар, екінші сөзбен айтқанда, ерлі – зайыптыларша бірге тұратын дар кездесе береді. Олар өздерін “азаматтық некеде” тұрмыз деп айтады. Бұрынғы өткен уақыттарда неке қию үрдісі мұсылмандар үшін мешітте, христиандар үшін шіркеуде өткізілетін болған. Қазіргі кезде мешітте қиылған некеде ерлі-зайыптылардың қолына куәлік беріледі.
3. Жалған неке әдетте заңды рәсімдердің бәрін сақтап отырып жасалады. Ондайға адамдар белгілі бір материалдық игілікке қол жеткізуі үшін баруы мүмкін.
Отбасының атқаратын қызметі
Отбасының ұрпақ жалғастыру қызметі.
Отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық-
Жыныстық байланысына қарай отбасылар негізіне моногамды және полигамды болып бөлінеді. Бір әйел мен еркектің одағы моногамды отбасы делінеді. Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамды дейді. Көп жағдайда екі әйел алушылық отбасының шаруашылығын жүргізуге қолайлы болады. Өмір сүру сипатына қарай жас отбасының үш түрі болады: 1)дәстүрлі отбасы-бұл ерлі-зайыптылардың жал пы отбасының құндылықтарына байланысты.Отбасы бос уақыттарын бірге өткізеді. 2) Ер мен әйелдің қатынасы-кәсіби жетістікке,жеке бастарының дамуына бағытталыды.Отбасында 1ғана бала болады.3) Жас отбасы-мұнда бос уақытты бірге да,бөлек те өткізеді.Мақсаты-2 бала өсіру.Шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктерді бірге іске асырады. Отбасы құрған жастар кей жағдайда отбасындағы қайшылықтарға байланысты ажырасып жатады. Отбасы ның тұрақты болуының екі жағдайы бар:ішкі және сыртқы жағдайлар. Зерттеу қортындысына қарағанда некенің тұрақсыздығы некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға байланысты да байланысты екен.Олар- әлеумет тік - экономикалық жағдай,қыз бен жігіттің білім деңгейі,мәдени дәрежесі,жас ерекшелік-тері,күйеудің не қыздың ата-анасының теріс көзқарастары. Сонымен қатар арақ ішу,жұбайлардың опасыздығы,балалы болғысы келмеушілік,үй жағдайының қолайсыздығы,мінез құлұы мен көзқарастарының сәйкеспеуі ,жыныстық кемшілік т.б. ажырасудың негізгі себептері болып табылады. Сонымен ,отбасы-ереке әлеуметтік институт.Оның қалыптасуы және дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. III Қортынды бөлім: Интерактивті тақтаны пайдаланып «Отбасы»туралы мақалдар жазу.Тест сұрақтарымен жұмыстанып,балаларды бағалау.
1. Қай елде бала санын шектеу саясаты жүргізіледі?
а) Америкада ә) Истонияда
б) Қытайда в) Өзбекстанда
2. ҚР қандай демографиялық саясат ұстануда?
а) Халық санын өсіру ә) Тежеу
б) Белгілі бір мөлшерде ұстау
3. Полигамды отбасы деп қандай отбасын айтамыз?
а) Бірнеше әйел алушылық ә) Бір әйелмен тұру
б) Бір әйелдің бірнеше еркекпен тұруы
4. Неке дегеніміз не?
а) Неке ер мен әйелдің ерікті тең одағы ә) Неке – махаббаттың іс жүзіне асуы
б) Неке – ер мен әйел арасындағы табиғи қажеттілік в) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс
5. Зерттеу мәліметтері бойынша кім көп шаруашылық қызметтерді атқарады?
а) Әйелдер ә) Ерлер
б) Балалар в) Барлығы бірдей
6. Қай елде ата – анаға дұрыс қарамаушылықтың салдары отбасының ажырасуына себеп болады?
а) Арменияда ә) Эстонияда
б) Ресейде в) Өзбекстан
7. ҚР “Неке және отбасы” заңында неке жасы неше жас болып саналады?
а) 23 жас ә) 18 жас
б) 17 жас в) 20 жас
8. Қазақстанда халық санын өсіру үшін әр отбасында неше бала болуы тиіс?
а) 7 ә) 2
б) 3 в) 4
IV Үй тапсырмасын бекіту:Тақырыпты,ҚР «Отбасы заңын»оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.