Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Адамдар қауымдастықтарының формалары. -

Адамдар қауымдастықтарының формалары.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3127 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 8. Адамдар қауымдастықтарының формалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі формалары мен ұлт арасындағы ұстанымды айырмашылықтарды ашып көрсету.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, бірін –бірі құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қоғам ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Қоғамды құраушы бөліктер?
3. Қоғамдық қатынастар дегеніміз не?
4. Қоғамдық қатынастар мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
3. Білімдерін жан-жақты тексеру
1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсындар?
2. Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындағы байланыстардың мәні неде?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
1. Адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі формалары.
2. Ұлт және ұлттың белгілері.
Қоғам – көпқырлы, күрделі объект. Сондықтан оны зерттеу әдістері де алуан түрлі. Солардың бірі – адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қарастыру.
Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формалары

Ұлтқа дейінгі ұлт
Ұлтқа дейінгі адамдар қауымдастықтарының орнықсыздығы олардың өзге қауымдастықтармен қосылып кетуінен, қосылған кезде аз санды қауымдастықтың өзіне тән қасиеттерінен тез айырылып қалуынан, көп санды қауымдастықтың тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, шаруашылық жүргізу тәжірибелерін игере отырып, өздерінің «басым топқа» («доминирующий») сіңіп кетуінен көрінеді.

Ру – туыстық байланыстар арқылы топтасқан адамдар қауымдастығының өркениетке дейінгі экономикалық қатынастарға негізделген формасы.
Тайпа – адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы. Тайпаның түзілуіне рулық қатынастар негіз болды. Тайпаны да көсемдері, ақсақалдары басқарды, белгілі бір аумақты мекендеп, өздеріне тән кәсіппен шұғылданды, ортақ тілді, дәстүрлері болды. Мүліктік теңсіздіктің шығуы, ақсүйектердің халық бұқарасынан ажырауы, қлбасылар рөлінің артуы тайпаның ыдырауына себеп болды.
Ұлыс – адамдар қауымдастығының тайпадан кейінгі ұлттық түзілімінің алдындағы баспалдақта тұрған сатысы
Ұлт – белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы. Белгілері де салыстырмалы түрде орнықты. Сан жағынан да, сапалық қасиеттері жағынан да адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр. Ұлт – өзінің тіліне, мәдениетіне, дәстүрлеріне берік, ұлттық санасы жоғары қауымдастық. Рухани ресурстарының молдығы оған өзін жаулап алушыларға қарсы, керек десеңіз, ғасырларға созылатын ұзақ күрес жүргізетіндей қуат береді.

Халық деп белгілі бір географиялық ортада (әкімшілік бірлікте, мемлекетте, елде, елдер тобында, өңірде) тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі формалары мен ұлт арасындағы ұстанымды айырмашылық неден көрініс береді?
2. Ұлт қандай ерекшеліктеріне байланысты адамдар қауымдастығының орнықты формасы делінеді?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі формаларына нелер жатады?
2. Ұлт дегеніміз не?
3. Ұлттың қандай белгілері бар?
4. Халық дегеніміз не?
8. Үйге тапсырма:§ 8. Адамдар қауымдастықтарының формалары.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.