.
.
Тақырыбы: Адамдардың қарым – қатынасы Адамдардың қарым – қатынасы
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4304 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамдардың қарым – қатынасы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қарым-қатынас. Адамдардың әлеуметтік субъект екендігі, ең алдымен, оның тек адамдар ортасында ғана өмір сүре алатындығынан көрініс береді. "Адамдар арасында өмір сүру" деген сөз: "әрдайым өзінің айналасындаты адамдармен үнемі қарым-қатынас үстінде болу" деген сөз. Қарым-қатынас адамдар арасында саналы түрде, көпшілік жағдайда міндетті әрі ресми, кейде ерікті түрде болатын эмоциялық қатынас жасау әрекеті болып табылады.
Қарым-қатынас деп адамдардың қызметті бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын, адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен пікір алмасуын, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін және сол қатынастың кері байланыс арқылы тудырған салдарын айтамыз.
Адамдардың бір-бірімен "қарым-қатынасы" ұғымына мыналар жатады:
— пікірлесіп отырған адамдардың кім екендігін танытатын, оларды бір-біріне жақындастыратын (немесе алыстататын) құрал;
— адамдардың органикалық және рухани қажеттерін өтейтін шарт;
— адамдардың өмір сүру формасының бірі;
— адамдардың психикалық қызметін күшейткіш құрал;
— адамды тәрбиелеу құралы.
Қарым-қатынастың жақтары. Қарым-қатынастың-коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады. Қарым-қатынастың коммушікативті жағы (латын. communicatio — біріктіремін, байланыстырамын) — адамдардың танымдық-еңбек үрдісіндегі өзара әрекеттесуінің —ой, ақпарат, идеялар алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы (ағылш. interaction — өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) — адамдардың бір-біріне әсер ете әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үрдістер мен құбылыстардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы (латын. perceptio — қабылдау) — адамның әлеуметтік объектілерді (өзгелерді, топты т.б.) қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үрдісін көрсетеді. Егер сөз сахнадағы әртістің перцепциялық қабілеті туралы болса, онда оның залда отырған көрермендердің талғамынан шығу мүмкіндігі туралы деп түсіну керек.
Қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың көптеген түрлері болады. Адамдарды бір-бірімен кездестіріп, пікірлесуге алып келетін қозғаушы күштердің (себептердің) сипатын қарай қарым-қатынас —ресми және бейресми деп бөлінеді.
Адамдардың өмірлік қызметінің екі аясы бар. Олардың
1. қоғамдық орындардағы өндірістік қызмет аясы,
2. тұрмыстағы өндірістен тыс қызмет аясы.
Қарым-қатынас үрдісінде аталған екі жағдай да кездесіп отырады. Осыған сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастың екі түрі болады. Қоғамдык орындарда, қызмет бабымен қатынасқа келуді ресми қарым-қатынас дейміз.
Ресми қарым-қатынастың өзіндік бірізділікке түсірілген қалыптасқан ережелері болады. Олар ресми әдеп нормалары деп аталады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас қоғамдық орындардан тыс жерлерде де тоқтаусыз жүріп жатады. Адамдар тұрмыста туысқандарымен, көшеде, стадионда, парктерде т.б. өндірістен тыс пікірлеседі. Олар қарым-қатынастың бейресми түрлеріне жатады.
Қарым-қатынастың формалары. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың формалары көп. Олардың арасында ресми жүздесуде де, бейресми жүздесуде де кең таралғаны — төте және жанамалы қарым-қатынас формалары болып табылады. Tөme жүздесу бір адамның екінші адаммен бетпе-бет кездесуі арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан адамдар өздерінің танысу көкжиегін жанамалау арқылы қалауынша кеңейте алады.
Жанамалы жолмен қарым-қатынасқа түсу адамдардың өзгелермен жанамалы құралдардың бірін пайдаланып жүзеге асатын формасы жатады. Жанамалы құралдарға ақпарат тарату немесе байланыс құралдары (газет, журнал, теледидар, радио, кино, өзге аудиовизуальды және басылатын ақпарат тарату құралдары, телефон, хат, телеграмма т.б.), ғылыми немесе көркемөнер туындылары т.б. жатады.
Қазіргі замандық социолог, психолог, философ ғалымдар адамдар қоғамының ықпалдастында олардың бірлесіп әрекет етуінің нәтижелі болуы үшін негізгі үш шарттың болуы қажет деп есептейді. Оның біріншісі — қаражат, екіншісі — иерархия, үшіншісі — адамдардың бір-бірімен мәдениетті қарым-қатынас жасай білуі.
Бекіту кезеңі:
1. Қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінетіндеріңіз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
2. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңіздер.
3. Қарым-қатынастың формалары қандай?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 55
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.