Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы -

Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2788 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән: Адам, қоғам, құқық Сынып: 9 б Сабақ: 39 Күні:
Тақырыбы: Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Адамның жеке бас бостандығы мен өмірі. Адамның басының қоғамдағы жағдайы — мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш. Қазақстан Республикасының Конституциясында басқа заңдарында азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Егер өзінің өміріне, денсаулығына, қадіріне нұсқан келетін жағдай болса, адам мемлекеттік органдардан қорғаныс іздеуге, заң бойынша көмек сұрауға, президенттің өзіне шағым етуіне құқылы. Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар азаматтың құқығына заңсыз қол сұғылуына жол бермеу шараларын қарастыруға міндетті.
Адамның ең қарапайым да табиғи қүқьны — өмір сүру күқығы болып табылады. ҚР Конституциясы бойынша ешкімнің өз бетінше азаматты өмір сүру құқығынан айыруға, адам өмірін жоюға хақысы жоқ.
Лауазымды адам — сот, тергеуші өзінің қызмет бабын пайдаланып, адам бостандығына заңсыз қол сүқса, ол өзінің өкілеттігін заңсыз қолданғаны үшін жауапқа тартылады. Айыпталушыдан күш жұмсау арқылы алынған айғақтың заңды күші болмайды.
Сот және тергеу жұмыстарында куәгердің көрсетуінің маңызы зор. Куәгер тергеу үрдісінде, сотта айғақ болудан бас тарта алады.
Ұждан бостандығының негізгі кепілдігі — діни бірлестіктердің мемлекеттен ажыратылуы. Мемлекет, оның органдары, лауазым иелері діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды, нендей бір дінге немесе дінге сенбеушілерге артықшылық бермейді. Сонымен бірге Конституция діннің қоғамдағы орнын анықтап береді. ҚР Конституциясы бойынша республикада діни негіздегі партиялар құруға жол берілмеуі түрлі дінге сенушілердің өзара тыныштықта, татулықта болуын қамта¬масыз етуге тиіс.
Адамның ары мен абыройы. Конституция адамныц өнегелі сапасы — оныц ары мен абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықтарда да ар мен абырой кісінің жоғары бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының "малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы" деген мақалы да арды аса қастерлеуінің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады.
Заң бойынша, біреуді қорлау — қылмыс деп танылады. Тіл тигізу — жалпы адамзаттық ұстаным қағидасынан алып қарағанда, адамның қадірін қорлау болып табы¬лады. Заң жеке адамның арын, ұжданын және абыройын қорғаумен бірге, оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына да жол бермейді.
Тұрғын үйге полиция қызметкері "қылмыс жасады" деген күдікті адамның ізіне түскенде және қылмыскер қоғамдық тәртіпке, адамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайда ғана кіре алады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 35
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.