.
.
Тақырыбы: Қарым – қатынастағы демократиялық Қарым – қатынастағы демократиялық
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3281 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қарым – қатынастағы демократиялық туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қарым-қатынастың үрдісіне қатысушылардың теңдігі. Қарым-қатынастың үрдісіне қатысушылар қоғамда алатын орны және бір-біріне қатысты еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда екі түрлі жағдайда болып келуі мүмкін. Оның
біріншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер;
екіншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең емес пікірлесушілер.
Еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер бір-бірінен тәуелсіз, бір-біріне билік жүргізе алмайтын, демек, пікірлесу үрдісінде қысым көрсете алмайтын, еркін сөйлесіп, өз мүдделерін қорғауга екі жағының да мүмкіндігі тең дидарласушылар жатады.
Қарым-қатынас үрдісіндегі демократиялылық. Еріктік қатынастар тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдар арасындағы қарым-қатынас үрдісінде теңсіздіктер болып отырады. Басшы — қызметкерге, профес¬сор — студентке, асыраушы — асыраудағы жанға т.б. қолында тұрған еріктік тұтканы пайдаланып қысым жасауы мүмкін. Қоғамдық қызмет бабында ондай қысымдар жасауға себеп те, мотив те көп.
Қарым- қатынастағы демократиялылық деп қоғамда аштын орны мен еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдардың пікірлесуі урдісіндегі теңдіктің қамтамасыз етілуін айтамыз.
Қарым-қатынастағы демократиялылықтың өндіріс үрдісіне әсері. Қазіргі заманғы менеджмент адамдар ұжымының өндірістік қызметінің алға басуына қажетті үш шартты атайды. Олардың
1. сатылы бағыныстылық,
2. қаражат,
3. бірге жұмыс істейтін адамдардың қарым-қатынас мәдениеті.
Осы үш фактордың бірі болмаған жағдайда, ешқандай материал¬дық немесе моральдық игілікке қол жеткізу мүмкін емес.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 58
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.