.
.
Мерзімі___________ Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2122 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы:§ 30. Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға ежелгі түркі тайпаларының құқықтық нормаларын, ұлттық құқық жүйесінің бастаулары, қазақ хандарының құқықтық жүйелеріне түсінік беру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтық жүйе дегеніміз не?
3. Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?
4. Зайырлы мемлекеттегі діни нормаларға көзқарас қандай?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Әлеуметтік нора мен құқықтық норма ұғымдарының арасында қандай айырмашылықтар бар?
2. Құқық пен заң арасында қандай байланыстар бар?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Түркі құқық жүйесінің негіздері.
2. Отбасылық құқық.
3. Моңғол құқық нормаларының таралуы.
4. Ұлттық құқықтық жүйенің орнығуы.
Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық жүйесі Қазақстанның ұлан – ғайыр өлкесін мекендеген көшпелі тайпалар- сақтардың, олардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылысындағы әскери-демократиялық үдерістерден бастау алады.
VII ғасырдың басында Алтай өлкесінде құрылған Түрік қағанаты- Шығыс және Батыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінеді.Әрбір қағанат өз алдына жеке саяси құрылым болып, өздерін «ел» деп аталады.Қағанаттарда құқықтық ғұрыптар қалыптасып, төру деп аталған жазба заңдар пайда болды.
Түрік қағанатында экономика мен сауданың дамығандығы тауар деген ұғымның қалыптасуынан көрінеді. Бұл сөз XIII ғасырдағы түркі ескерткіштерінде кездеседі. Қазір де тауар, табыс дегенді білдіретін бұл сөз М.Қашқаридың сөздігінде мал-мүлік, өндірілген өнім ұғымдарын білдіретіні айтылады. Тауарға байланысты қатынастар заңмен реттеліп отырады. Тауарды сатуға, сатып алуға, біреуге мұра етіп қалдыруға болатын еді.
Басқа қоғамдар сияқты, Түрік қағанатында да әрқилы қылмыстар- кек алу, барымта, тонау сияқты түрлі зрлық-зомбылықтар болып тұратын. Мұндай қылмыстар үшін жазалар қолданылады.
Өлім жазасы өте сирек, ал жазаның өзге түрлері, соның ішінде, дүре соғу жиі қолданылады. М.Қашқаридың жазбаларында «Қанды қанмен жумас болар» деген мәтел кездеседі.Ежелгі түркілерде қылмыстыға жаза тартқызудың тиімді түрі-құн төлету болды.Түрік қағанат тұсында қалыптасқан құқықтық ұғымдар кейінгі дәуірлердегі саяси құрылымдардың мемлекеттік-құқықтық әміріне мықтап сіңді де оларды қазақ халқы мирас етіп қабылдап алды.
Қазақстан қоғамы дамуының табиғи-тарихи үдерісін XIII ғасырдағы моңғол-татар шапқыншылығы бұзып жіберді.
Моңғол-татарлар үстемдігі орнағаннан кейінгі кезеңде тарихқа танымал заңдар жинағы – «Шыңғыс ханның жасасы» пайда болды. «Жаса» бойынша басыбайлық тәртіп орнатылады. Әскери және құқықтық тәртіпті бұзушыларға өлім жазасы қолданылады.
Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғасырдың орта шнінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты.Қасымханның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталады.
«Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде малға, мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады. Екінші бөлімде түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған. Үшінші бөлім- әскери қызмет атқару ережелеріне және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған. Төртінші бөлімге елшілік қатынастарды реттейтін номалар- елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшілерін қабылдау, шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген. Бесінші бөлімде аруақтарға арнап ас беру, түрлі той-думандар, тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.
Қасымханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берген.
Қазақтың құқық жүйесіне келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды. Ол «Жеті жарғыда» бірпсыпыра жаңа, прогресті құқықтық ережелер бар.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
Салыстырмалы анализ жасап кесте толтыру
«Қасым ханның қасқа жолы» «Есім ханның ескі жолы» Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Ислам дінінің құқыққа әсері қандай болды?
2. Отбасылық құқық дегеніміз не?
3. Төру ұғымы нешінші ғасырға дейін қолданылып келді?
8. Үйге тапсырма:§30. Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.