Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері. -

Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4395 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 38. Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтардың негізгі міндеттерін, салық төлеушілердің, Отан қорғау міндеттерін баяндау. Осы міндеттердің қоғам үшін, мемлекет үшін маңызы зор екеніне түсіндіру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына алған білімдерін өрбіте отырып, білімге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарына нелер жатады.
2. Еркін еңбек ету дегеніміз не?
3. Азаматтардың денсаулық сақтау құқығы деген не?
4. Меншік иесінің құқықтары нешеге бөлінеді?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Азаматтардың маңызды құқықтарына нелер жатады?
2. Кәсіпкерлік пен шұғылдану құқығын өмірдегі мысалдар мен түсіндіріңдер?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Азаматтардың негізгі міндеттері.
2. Конституциялық міндеттер.
3. Салық төлеушілердің міндеттері.
4. Отан қорғау.
Азаматтың құқығы мен бостандығының өзіндік мәні болғанымен, оның атқаратын міндеттерін бөле қарауға болмайды. Кез келген адамның өзгелерге қатысты алғанда – басқа адамдардың, қоғамның, мемлекеттің алдында атқаруға тиісті белгілі бір міндеті болады. Бұл міндеттер заңмен белгіленген, оларды орындамау ыңғайсыз жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Азаматқа көптеген міндеттер жүктеледі. Оларды Конституциядан туындайтын міндеттер деп бөлуге болады. Конституциялық міндеттер негізгі болып есептеледі де, оған Конституцияны сыйлау және онда тұжырымдалған қағидаларды бұлжытпай орындау міндеттері жатады.
Қазақстан мемлекетінің Негізгі Заңы, халықтың еркін білдіретін мемлекеттің құқықтық негізі мен азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайтын, мемлекеттің тәуелсіздігі мен дербестігін бекітетін аса маңызды мемлекеттік акт болғандықтан, оның қағидаларын барлық лауазымды адамдардың, барлық азаматтардың бұлжытпай орындау міндеті туындайды.
Азаматтардың конституциялық міндеті- біріншіден, республиканың заңын сақтаудан, екіншіден, оның өзіне жүктелген міндетті орындаудан туады.
Азаматтардың конституциялық міңдеттерінің бірі- басқа адамдар құқығын, бостандығын, намысы мен қадірін құрметтеуден тұрады.
Салық, алым, баж салығы – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Төленетін салықтың мөлшерін және оны жинау ережелерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оған өзгерістер енгізе алады. Салықтар, алымдар, баж салығын жек адамдар да, мекемелер, сол сияқты шетел азаматтары да төлеуге міндетті.
Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі түсінігі бойынша, Отан қорғау – ең қасиетті борыш болып табылады. Қазіргі заң тұрғысынан келгенде де Қазақстан Республикасын қорғау – республика азаматтарының конституциялық міндеті екндігі айтылған. Барлық азаматтар өздерінің әскери борышын өтеуге тиіс. Әскери қызмет – мемлекетке қызмет етудің ерекше түрі. Оның ерекшелігі- республика азаматтарының Қарулы Күштер қатарында болып, тиісті әскери білім мен біліктерді меңгеріп, Отан қорғауға міндетін атқарумен байланысты.

Қазақстан мемлекеті – ұлтына, жынысына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың ортақ және өз Отаны.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтардың негігі міндеттерін айтып беріңдер?
2. Отанды қорғау міндетін, отансүйгіштікті қалай түсінесіңдер?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Конституцияда көрсетілген және Конституциядан туындайтын міндеттерге нелер жатады?
2. Салық, алым, баж салығы дегеніміз не?
3. Әскери қызметтің қандай түрлері бар?
8. Үйге тапсырма:§ 38. Қазақстан Республикасы Азаматтарының міндеттері.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.