.
.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы саяси сипаттама Қазақстан Республикасы саяси сипаттама
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1984 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы саяси сипаттама туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Егемендік (орыс. суверенитет, франц. souverainete — жоғарғы билік) — мемлекеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын мемлекеттің мәні. Бұл ұғым мемлекеттің өз билігін өз қолына алуын, өзінің жер аумағына, жер қойнауындағы қазба байлықтарына, суға, аспан кеңістігіне иелік етуін, экономикасын басқаруын білдіреді.
Мемлекеттік биліктің бірлігі қазіргі Қазақстанда тек бір ғана мемлекеттік биліктің болу мүмкіндігінен және бар екендігінен, оның тәуелсіз толыққанды биліктерге бөлінбейтінінен көрінеді.
Егемендік пен тәуелсіздік — бір тарихи оқиғаныц екі сатысы. Бұл тұжырым бүкіл дүниежүзілік тарихи үрдістегі заңдылықты түсіндіру құқығына ұмтылмайды, қазіргі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін алуына қатысты алғанда ғана объективті болады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Қазақстан Республикасына саяси сипаттама берілген. Ол сипаттаманың аса маңызды қағидаларының бірі, Конституцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны" болып табылады. Бұл ашық және азаматтық қоғам құрудың бастамасын көрсетеді.
Демократиялық мемлекет ұғымы — алдымен консти¬туция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға болатынын білдіретін жөне халықтың құрылтайшылык билігі үстемдік ететін, мемлекетті республикалық құрылыстағы құрылым ретінде танытатын ұғым.
Зайырлы мемлекет — азаматтардың дін ұстануы мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігін білдіреді. Дін мемлекеттік идеологияға ықпал ете алмайды. Қазақстанда мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ. Бұл Қазақстанда кең таралған екі әлемдік дін — ислам мен православиелік діндерге бірдей қатысты. Дін негізінде саяси партия құруға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар тек конституция және соның негізінде жасалған салалық заңдарды басшылыққа алып жұмыс істейді.
Конститу циялыц мемлекет — құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі ұстанымдары, азаматтар үшін: "Заңда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат", мемлекеттік лауазым иелері үшін: "Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат" деп тұжырымдалады.
Мемлекеттің әлеуметтік сипаты өз азаматтарына конституция бойынша кепілдік берілген білім алу, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениетті дамыту, тұрғындардың шұғылданушылығын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табысы аз тұрғындар тобын қорғау сияқты әлеуметтік шараларды жүзеге асыруынан көрінеді.
Әлеуметтік мемлекет — социалистік мемлекет емес. Ол нақты экономикалық мүмкіндіктерге сай, жүзеге асыруға болатын әлеуметтік қамқорлықтарды ғана міндетіне алады. Ал азаматтардың өздері еңбекпен, кәсіпкерлікпен айналыспаса, олардың санасын масылдық пен теңгермешілік психология меңдегенде, әлеуметтік мемлекет оларды тұңғиықтан сүйреп шығара алмайды. Сондықтан адам мен адам құқығын, бостандығын бекіте отырып, ҚР Конституциясы (II бөлім) жеке адамның лайықты өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету тек мемлекеттің ісі емес, алдымен, оның өзінің, адам мен азаматтың санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін көрсетеді.
Бекіту кезеңі:
1. Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 28
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.