Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының адвокатурасы -

Қазақстан Республикасының адвокатурасы

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1592 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының адвокатурасы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адвока және нотариат туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;
7)ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Адвокатура – заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік.
Адвокатураның мңндеттері:
- Жеке және заңды тұлғаларңа заңдық көмек көрсету;
- Құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу;
- Заңдылықты сақтау және нығайту;
- Жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қолсұғушылықтан қорғау;
- Заңдылық үшін күресу; Сот әділдігін жәрдемдесу;
Адвокат – адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсеткен, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат.
Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік көмек көрсетеді:
- Кеңестер, түсініктемелер беру;
- Талап-арыздардын, шағымдар мен қолдау хаттарын толтыру және құқықтың сипаттағы өзге де құжаттарды толтыру;
- Тергеу және алдын ала тергеу кезінде қорғау;
- Қылмыстық істер бойынша сотта жәбірленушілерді, азаматтық талапкерлерді және азаматтық жауапкерді ұсынады;
- Азаматтық істер мен әкімшілік заң бұзушылық істер бойынша соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік қызмет атқарады;
- Азаматтарға және ұйымдарға заінамаға қайшы келмейтін заңгерлік көмек көрсетеді;
- Әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалауға құқығы бар;
Нотариат – даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі.
Нотариат қызметіне:
- Мәмілелерді куәландыру;
- Мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік; Азаматтың тірі екендігін куәландыру;
- Құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;
- Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;
- Атқарушы жазбалар жасау; Құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді;
Сабақты қорытындылау: адвокатура мен нотариат-бұл заңдық әрі нотариалдық көмек көрсететін заңгерлердің ерікті түрде ұйымдасқан бірлестігі
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §29,157-165 бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.