Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері -

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2141 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Азаматқа көптеген құқыктық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда көрсетілген және Конституциядан туындайтын міндеттер деп бөлуге болады. Конституциялық міндеттер негізгі болып есептеледі де, оған Конституцияны сайлау және онда тұжырымдалған қағидаларды бұлжытпай орындау міндеттері жатады.
Конституциялық нормаларды сақтамау дегеніміз — мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне, оның халықаралық беделіне және ішкі-сыртқы байланыс қызметіне нұқсан келтіру болып табылады. Сондықтан Конституцияны құрметтеу және оның қағидаларын сөзсіз сақтау — әр азаматтың қасиетті борышы болып есептеледі.
Азаматтың конституциялык міндеті — біріншіден, республиканың заңын сақтаудан, екіншіден, оның өзіне жүктелген міндетті орындаудан туады. Заң талаптарын қанағаттандыру үшін азамат заңның өзін білуі қажет. Іс жүзінде көптеген азаматтар ол заңдарды біле бермейді. Азаматтардың әрқайсысы өзіне, өзінің атқарып жүрген жұмысына байланысты заңдарды оқып-біліп, оны сақтауға тиіс.
Қоғамның өзге мүшелерінің құқығын, бостандығын сыйлау, ары мен абыройын құрметтеу. Азаматтың конституциялық міндеттерінің бірі — басқа адамдар құқығын, бостандығын, ары мен абыройын құрметтеуден тұрады. Азаматтардың құқығы, бостандығы, абыройы, ар-ұжданы оның баға жетпес байлығы болып табылады. Адамның өмірінен, денсаулығына, жеке басының бостан-дығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан басқаның құқығы мен бостандығын құрметтеу қажет және ол адамның өзі тәртіпті, тәрбиелі, мәдениетті және әрбір адам заңмен қорғалатындығын терең түсінуі тиіс.
Салық төлеушілердің міндеттері. Салық, алым, баж салығы — салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Салық жинау жұмысымен республикалық және жергілікті мекемелер айналысады. Төленетін салықтың мөлшерін және оны жинау ережелерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оған өзгерістер енгізе алады. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталады. Салықтар, алымдар мен баж салығын жеке адамдар да, мекемелер де, сол сияқты шетелден келгендер де толеуге міндетті.
Азаматтардың Отан қорғау міндеті. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі түсінігі бойынша — Отан қорғау ең қасиетті борыш болып табылады. Ал қазіргі заң тұрғысынан келгенде де Қазақстан Республикасын қорғау — республика азаматтарының конституциялық міндеті екендігі айтылған.
Әскери қызметтің түрлері төмендегідей:
— солдаттардың, матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзімді әскери қызметі;
— солдат, матрос, сержант, старшина лауазымында шарт бойынша атқаратын әскери қызмет;
— шарт бойынша әйелдердің атқаратын әскери қызметі;
— әскери оқу орындарындағы курсанттардың әскери қызметі;
— прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызметі;
— офицерлер құрамының әскери қызметі.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын әр адам әскери міндетін атқаруы керек. Қалыптасқан жағдайларға байланысты және түрлі себептермен азаматтың әскери міндетінен босатылу мүмкіндіктері де бар. Олар мыналар:
— 16 жасқа толмаған және 50 жастан асқан ерлер;
— 18 жасқа толмаған және 40 жастан асқан әйелдер;
— денсаулығының нашар болуынан әскери қызмет атқаруға жарамайтындар.
Қазақстан мемлекеті — ұлтына, жынысына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың ортақ және өз Отаны.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 38
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.