Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі. -

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2046 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 44. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Конституциялық Кеңестің құрылымы мен құрамын, оның тәуелсіздігі туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ҚР –ның Конституциясы.
Әдісі: баяндай отырып, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?
2. Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Сот төрелігі деген не?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Судьяларды сайлау арқылы емес, арнайы тағайындаудың себебі неде?
2. Сот жүйесінің құрылымы қандай?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Конституциялық Кеңес және оның құрамы.
2. Кеңестің тәуелсіздігі.
3. Конституциялық іс жүргізу.
4. Кеңестің негізгі қызметі.
5. Конституцияның қорғалуы.
Конституциялық Кеңес жеті адамнан тұрады. Қазақстан аумағында туылған, жасы отыздан асқан, жоғары білімі бар, кемінде бес жыл заңгерлік қызмет стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары Конституциялық Кеңестің мүшелері бола алады. Конституциялық Кеңестің мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыстырылмайды.
Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелерін Парламент палаталары тағайындайды. Конституциялық Кеңестің тағайындалған құрамы Қазақстан Республикасының Президентіне ант береді.
Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып есептеледі, Конституция мен Конституциялық Кеңес туралы Президенттің жарлықтарын орындайды. Олар өздерінің міндеттерін билік тармақтарынан тәуелсіз атқарады. Конституциялық Кеңестің қызметіне араласушылыққа, оның мүшелеріне қысым жасауға немесе басқаша түрде ықпал етуге жол берілмейді. Конституциялық Кеңес те, оның мүшелері де ешқандай органның алдында жауап бермейді.
Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің иммунитеті (қолсұғушылық) болады – оларға ешкім қысым жасай алмайды, билігіне араласпайды, тәуелсіздігіне қол сұқпайды.
Мемлекеттік орган ретінде Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары мәртебесін қамтамасыз етеді.
Конституциялық Кеңес өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
- Конституциялық нормаларды сақтай отырып, олардың бұлжымастығын, яғни жоғар мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілер қабылдағанда, ұйымдастыру шараларын жүзеге асырғанда, конституциялық нормалардың орындалуын қадағалайды;
- Мемлекеттің тұтастығын, саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін конституциялық ережелердің қатаң сақталуын бақылайды;
- Конституциялық идеялар мен қағидаларды – әлеуметтік мемлекет, құқықтық қоғам, азаматтық қоғам, қазақстандық отаншылдық идеяларын ұстанады.
Конституциялық іс жүргізудің өзіндік ерекшеліктері Конституциялық Кеңестің сот жүйесіне жатпайтындығынан, мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекшелігінен және мемлекеттің дұрыс басқарылуына қызмет ете тұрып, мемлекеттік биліктің де тармағына жатпайтындығынан көрініс береді. Конституциялық іс қозғау жөнінде өзінің талаптарын білдіретін субъектілер конституциялық істі жүргізуге қатысушылар болып есептеледі. Оған жататындар: Республика Президенті, Сенат төрағасы, Мәжіліс төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінен кем болмайтын тобы, Премьер-министр, республика соттары, қабылданған актілерінің Конституцияға сәйкестілігі тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.
Конституциялық Кеңес іс жүргізу жөнінде өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде қабылданған өтініш бойынша қорытынды шешім шығарады.
Конституциялық Кеңестің шешімі, нормативтік немесе нормативтік емес қаулыс, қорытындысы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және республиканың бүкіл аумағында міндетті, түпкілікті болып табылады, оған қатысты наразылық білдірген шағым айтуға болмайды.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Конституциялық Кеңес не үшін қажет және ол қандай қызмет атқарады?
2. Конституциялық Кеңестің құрамын жасақтауда демократиялық қағидалар неден көрініс береді?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Конституциялық Кеңестің тәуелсіздігі деген не?
2. Конституциялық Кеңестің құрамы неше адамнан тұрады?
3. Конституциялық Кеңестің иммунитеті деген не?
4. Конституциялық іс жүргізу және оның ерешеліктері қандай?
8. Үйге тапсырма:§ 44. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.