.
.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы ме мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы ме мазмұны
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2873 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы ме мазмұны туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Конституция — мемлекеттің Негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі — Конституция болып табылады.
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да, олардың бәріне ортақ белгілері болады. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері (унитарлык, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың (монархия елде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқыктары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.
Конституция (лат. constitutio—құрылу, өкім) — қоғамдың және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы.
Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың, әлеуметтанушылардың, құқықтанушылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелерінің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік даналықтың жинақталған нышанының көрінісі ретіндегі Конституцияны қабылдау аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын Негізгі заң болғандықтан, Конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді.
1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні. 1991 жылы 16 желтоксанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын — Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 каңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы — Конституциясы қабылданды.
1995 жылғы Конституция. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдык құрылыстың ұйымдастырылуы жөне болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында "халық" деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының үйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мертебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы оның мазмұндык мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: "Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны референдумда қабылдады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толыктырулар республикалык референдум аркылы енгізілуі мүмкін. Былайша айтқанда, халык Конституцияны кабылдап кана коймайды, ол Консти-туцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Референдум өткізу жөнінде шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу мәселесін Парламенттің қарауына беру туралы шешім қабылдаса, онда референ¬дум өткізілмейді. 1998 жылы және 2007 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.
Конституцияның құрылымы және мазмүны. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан. Бөлімдер:
1. I бөлім "Жалпы ережелер"
2. IІ бөлім "Адам және азамат"
3. III бөлімде Президенттің,
4. IV бөлімде Парламенттің,
5. V бөлімде Үкімет
6. VI бөлімде Конституциялық Кеңес
7. VII бөлімде соттар мен сот төрелігі
8. VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
9. IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер
Конституцияның маңызды ерекшелігі — ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халыктың мәртебесімен байланысты.
Конституцияның жоғары заңдық күші. Қазакстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдык күші бар. Мүның мәні — мемлекеттік органдар кабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға кайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да — жергілікті органдар да, орталык органдар да, кез келген лауазымды түлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 34
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.