.
.
9 класта Адам.Қоғам.Құқық пәнінен өткізілген сабақ жоспары азаматтық
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2317 | Размер: | Автор: Нартай4540.
Тақырыбы : А з а м а т т ы қ
Білімдік мақсаты : Оқушыларды демократиялық мемлекеттегі басты ұстаным – баршаның заң алдындағы теңдігін, азаматтық алудың қан және топырақ құқығы арқылы алынатындығын, « азамат » және « азаматтық » ұғымдарының мазмұнын ашу, еліміздегі қосазаматтық жағдайын , азаматтықтан шығу мен оған қабылдау реттерін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты : Оқушының танымдық белсенділігі мен шешім қабылдау қасиетін , есте сақтау қабілетін дамыту .
Тәрбиелік мақсаты :Оқушыларға тақырыпты меңгерте отырып , олардың бойындағы отаншылдық , елдік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін шыңдау.
Сабақтың түрі : түрлендірілген аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі : ноутбуктер, слайдтар, ҚР Азаматтық туралы Заңы , Азамататтардың құқықтары туралы Жалпыға ортақ Декларация, азаматтыққа байланысты сызбалар.
Сабақтың әдісі :оқытудың ақпараттық технологиясы
І.Ұйымдастыру кезеңі : Амандасып , тугелдеу. Реттілік тексеру .
( компьютерлері мен ноутбуктарының жұмыс жасау қалпына келтіру, іске қосылуын тексеру )
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :
1.Қазақстанның құқықтық жүйесі - халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі.
2.Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.
3.Адам құқықтары және мемлекет .
4.Адам құқықтары жөніндегі комиссия.
5..Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы , кепілдіктері.
Ш.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі :
Барлық оқушыдан ғаламтор арқылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын тауып , оның баптарын үш топқа топтастыру.
Мына өлең жолдарын құқықпен байланыстырыңдар немесе қай топқа жататынын анықтаңыз .
Арыстанның тәрбиесі
Құдайым ұл беріпті арыстанға,
Аң жайы айдан анық танысқанға,
Адамда бір жасында ақыл, әл жоқ,
Туса да әулиеден Гүлстанда.
Бір жасқа бала Арыстан келген күннен,
Сілкініп шыға келді жөргегінен,
Әкесі баласының алдын шолып ,
Көбірек ойға кетті күндегіден.
Өтінем кімді жалдап әкім етем,
Патша ұлы кімнен дәріс оқыр екен,
Түлкінің ақылы мол айласы бар,
Ұстазы әлде ұлымның осы ма екен.
Барысты алсам ба екен қайраты асқан,
Әдісі ерлігімен араласқан,
Бірақ ол білмейді ғой саясатпен,
Азаматтық заң ісін қара басқан.
Жақпады Арыстанға аң баласы,
Пілге тең келеді аңның қай баласы,
Гректер Платонды қандай көрсе,
Сыйлады пілді сондай айналасы.
Баулиын өзім алып балаңызды,
Тілінен бүркіт патша бал ағызды,
Ауыр жүк арқасынан алынғандай,
Арыстан көңілденіп жаңа қызды.
Арадан бір жылдан соң жыл өтеді,
Шәкірттен талай хабар дүр етеді,
Арыстан алдыртады сүйікті ұлын
Қалдырмай үлкен-кіші жиып бүгін.
Не оқып, ұстазыңнан нені білдің ?
Бағына не істемексің өз еліңнің,
Ұстаздар берген мына аттестатым,
Құстарға мәлім болды менің атым.
Олардың айтуынша сияқтымын,
Аспаннан қолмен жұлдыз ала алатын.
Сен маған патшалықты тапсырғанда
Үйретем ұя істеуді барлық аңға.
Аң біткен аузын ашпай мүлгіп қалды,
Опынып патша басын шұлғып қалды,
Аңдарды билеу үшін туған жанға
Құс жайын үйренуден пайда бар ма ?
Халқының қасиетін , жер пайдасын
Осыны оқу керек патшаларға.
ІҮ.Жаңа білімді игеру кезеңі :
1.Азаматтық туралы жалпы түсінік.
2.Қазақстан Республикасы Конституциясы азаматтық туралы.
3.Қосарлы азаматтық.
4.ҚР азаматтығын алу және азаматтықтан шығу.
Азамат– белгілі бір мемлекеттің тұрақты халқының қатарына жататын және осы мемлекеттің барлық құқығына ие болып, барша міндеттерін орындайтын адам .
Азаматтықты дәлелдейтін құжаттар : туу туралы куәлік, жеке куәлік, паспорт.
ҚР Конституциясын ғаламтор бойынша тауып , әр бапта азамат сөзі кездесетініне көңіл бөлінеді.
«Мемлекет азаматы» деген сөз нені білдіреді ?
Осы ел тұрғыны ;
Осы елде дүниеге келген адам ,
Елі үшін көп еңбек сіңірген адам ;
Мемлекет аумағында тұратын адам ;
Төлқұжатында азаматтығы бар адам ;
Өз қылығы не әрекеті үшін жауап беретін адам ; т.б.
Азаматтық алу
Азаматтыққа қабылдау
Ү.Білімді тұрақтандыру кезеңі : ҚА азаматтық туралы Заңның 1-21 баптары бойынша жұмыс жасалады.
Төмендегі жағдаяттар тақырыпты меңгергендігін тексеру үшін беріледі .Жағдаяттарды оқып , ҚР Азаматтық Заңының қай бабы жауап бола алатынын анықтаңдар.
1.Айман Түркия азаматына тұрмысқа шыққысы келеді. Бұған оның ата-анасы қарсы, себебі , олар бұл жағдайда қыздары Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылады, мұның өзі жұмыс тауып алуын және өзге елге кеткен жағдайда отбасына келіп тұруын қиындатады деп қауіптенеді. Виза жоқ,еркіндік.
2. Марат пен Гулхан Қазақстан азаматтары, бірақ олар контракт бойынша Литвада жұмыс істеп жүр.Екеуі ұлды болды. Гүлхан осыған байланысты баланың азаматтық алуы қиын болады деп қауіптенеді. Қан құқығы
3.Бір егде адам Қазақстан Республикасының Австриядағы консулдығына өзіне азаматтық беру жөніндегі өтінішпен жүгінді.Тексере келгенде Польшаның бейбіт халқына қарсы жасалған қылмысы үшін халықаралық сот тарапынан өмір бойы абақтыға жабуға үкім етілген, қазірде жасырынып жүрген нацист қылмыскер екендігі белгілі болды. 17-бап
4.Шевченколар отбасы Қазақстан республикасының Киевтегі елшілігіне өздеріне азаматтық беру жөніндегі өтінішпен жүгінді. Олардың өздері ешқашан Қазақстан аумағында тұрмаған, бірақ онда көп жылдан бері отағасының әпкесі қартайған ата-анасымен тұрады.16 бап
5.Израилдік кәсіпкер өзіне Израиль азаматтығына қоса Қазақстан азаматтығын беруді сұрап өтініш жасады. Қазақстан аумағында оның көптеген туған- туысқандары тұрады, оның өзі де қызмет бабымен Қазақстанға жиі келіп, осында ұзақ уақыт тұрып қалатыны бар. Израиль азаматтығынан бас тартатын ниеті жоқ, бұлай етсе ол өзінің кәсіпкерлік зиян тигізіп алуы мүмкін. 17 бап
ҮІІ. Сабақты қортындылау кезеңі :
ҚР Азаматтық туралы Заңы 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданып, 1992 жылы 1 наурызда күшіне енді.
Азамат – азаматтық – азаматтық алу – азаматтыққа қабылдану – азаматтық құжат- азаматтықты тоқтату ұғымдарын пайдалана отырып , өз еліңнің белсенді азаматы ретінде Қазақстаннның жарқын болашағы үшін қандай үлес қосар едің ?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру : §32 , « Мен – Қазақстан республикасының азаматымын » электронды шығармашылық жұмыс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.