Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік -

Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3740 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 46. Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құқық бұзушылықтың мәніне сипаттама беру, азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге, азаматтық құқық субъектілері, құқықтық қабілеттік, әрекет қабілеттілігі ұғымдарына тереңірек мағлұмат беру.
Тәрбиелік: заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Құқықбұзушылық
2. Азаматтық құқық
3. Азаматтық құқықтық қатынастар
4. Азаматтық құқық субъектілері
5. Азаматтық – құқықтық жауапкершілігі
Адамдар арасындағы қатынастар, олардың әрекеттері жалпыға ортақ және баршаға түсінікті әлеуметтік нормалармен реттеліп отырады. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырудың өзектілігін ешқашан естен шығармай, адамдардың санасына заң ережелерін сақтау міндетін үнемі орнықтырып отыру қажет. Өздерін құқық өлшеміне лайық ұстауды әркім білуі керек. Заң талабы іс жүзіне асырылып жатқан қоғам мүшесінің құқық өлшеміне лайық болуы төмендегілерден көрінеді:
1. Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
2. Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
3. Азаматтардың заңда белгіленген талаптарды сақтауы.
4. Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұлжытпай орындап отыруы.
Қоғам мүшелерінің әрекетінің сипатына қарай: материалдық игілік өндірушілер және материалдық емес салада істеушілер деп екіге бөліп қарастыру қалыптасқан.
Азаматтық құқықтың объектілері материалдық және рухани игіліктерге жіктеледі. Материалдық игіліктерге адамның өмірлік қызметінде пайдаланатын мүліктік және табиғи құндылықтар- үй, киім, көлік, еңбек құралдары, жер, су, қазба байлықтар, өсімдіктер дүниесі, т.б. жатады. Мүліктік емес құндылықтарға адамның өмірі, денсаулығы, жеке адамның қадірі, ары, атағы, абыройы, іскерлігі, жеке және отбасы құпиясы, авторлық құқығы және басқалар жатады.
Материалдық объектілер адамдар арасында туатын азаматтық-құқықтық қатынастардың қайнары ретінде қызмет етеді. Адамдар өздеріне міндеттер ала отырып, азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Мәміле- адамдардың азаматтық құқық пен өзара міндеткерліктерді орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.
Азаматтық-құқықтық іс қозғау үшін мынадай шарттар болуы керек:
А) құқыққа қарсы әрекет;
Б) жауапкердің кінәсі;
В) шығын келтірілуі;
Г) құқыққа қарсы әрекеттің жауапкері мен келтірілген шығын арасындағы себептік байланыс.
Азаматтық құқықбұзушылық әдейі немесе байқаусызда жасалуы мүмкін.
Азаматтық құқық адамдар арасындағы мүліктік қатынастармен қоса, мүліктік емес қатынастарды да азаматтық заң тәртібімен реттеп отырады.
Азаматтық-құқықтық байланыстың субъектісі жеке адам ғана емес, адамдар ұжымы да болуы мүмкін. Азаматтық құқық субъектісі болатын ұйымдар мен кәсіпорындар заңды тұлға деп аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі болуға азаматтығы жоқ адамдар немесе шетелдіктер де құқылы.
Азаматтық-құқықтық байланысқа қатынасушылардың белгілі бір сапалық қасиеттері болуы керек.Олар: құқықтық қабілеттілік немесе әрекет қабілеттілігі. Азаматтық құқықтық қабілеттілік адам дүниеге келісімен пайда болады да, дүниеден өтісімен тоқтатылады. Азаматтың өзінің әрекеттерімен азаматтық құқыққа ие болуы және оны пайдалана білуі, өзі үшін азаматтық міндет алып, оны орындауы әрекет қабілеттігі болып табылады.
Заң кәмелеттік жасқа толмағандар белгілі жасқа жеткенде құқығын кеңейтуді қарастырады. 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болады және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс береді. 18 жасқа толғаннан бастап әрекет қабілеттілігі толық түрде көрінеді.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Құқықбұзушылық дегеніміз не?
2. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?
3. Заң талабы жүзеге асырылып жатқан қоғам мүшелерінің құқық өлшеміне лайық болуы неден көрініс береді?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Азаматтық құқық ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Құқық қабілеттілігі дегеніміз не?
3. Әрекет қабілеттігі дегеніміз не?
4. Әрекет қабілеттілігі неше жастан бастап толық түрде көрінеді?
8. Үйге тапсырма:§ 46. Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.