Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері -

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1455 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 4 Күні:
Тақырыбы: Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Жеке меншік деген не?
- Заттық құқықтар деген не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Мәміле дегеніміз – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
Мәміле – бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілені жасау – мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
Мәміле – арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер.
Әкімшілік актілер дегеніміз – жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару орындарының актілері.
Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге:
- бір жақты
- екі жақты деп бөледі.
- Бір жақты мәмілелер – біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруді қажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады.
- Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар арқылы жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шарт еркіндігінің қағидасы:
- Шартты жасау еркіндігі;
- Шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
- Жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
- Тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
- Тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдреді;
Сабақты қорытындылау: сенімхат – бұл тұлғаның (сенім білдіруші) екнші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.