Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азаматтық – құқықтың жауапкершілік -

Азаматтық – құқықтың жауапкершілік

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1308 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 6 Күні:
Тақырыбы: Азаматтық – құқықтың жауапкершілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық – құқықтың жауапкершілік туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Азаматтық – құқықтық жауапкершілік дегеніміз – шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған суъектіге қолданылатын мүлікті өндеу немесе мүліктің салмақ салу нысандарда болып келетін жауапкершіліктің түрі.
Азаматтық – құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді атқарады.
- Жазалау қызметі – міндеттемені бұзған немесе шығын келтірген тұлғаның мүлкінің азаюы.
- Тәрбиелік қызметі – құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
- Қалпына келтіру қызметі – шығын келген тұлғаның мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Зиян – заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.
Залал – зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған пайдалар.
Моральдық зиян – жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.)
Заңда 18 жасқа дейінгілердің кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14-18 жас аралығындағылар жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болып табылады.
14 жасқа толмағандардың келтірген зияны үшін ата-аналары, қамқоршылары немесе тиістіт мекемелер өздерінің кінәлі емес екендігін дәлелдей алмаса жауап береді.
Сабақты қорытындылау:азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негіздерінде солжауапкершіліктің тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §6, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.