.
.
Бала құқығы Бала құқығы (тренинг)
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2284 | Размер: | Автор: Нартай4540(тренинг)
Мақсаты:Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.
Қатысатын сыныптар:1-11
Өтетін орны:Холл
Көрнекіліктері:Слайдтар.презентациялар,Конституциялар, Бала құқықтары туралы конвенция.
Тренингтің жүру барысы:
Жүргізуші:Қымбатты ұстаздар,оқушылар.Сіздер бүгін «Бала құқығы» атты тренингке жиналыпсыздар.
1 жүрг. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады.Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.
Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда
Б.з.д V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде
Шыңғыс ханның «Ұлы жасасы»,Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына,қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.
Міне,балалар,адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы»,міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-бап-тан тұрады.Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз,еліміз,халқымыз алдындағы парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.
2-жүрг. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы,әнұраны,елтанбасы секілді қадірлеу,құрметтеу-біздің парызымыз»деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып,жат қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау,өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз.Әрбір адам өзінің де,өзге елдің де заңына бағынуға міндетті.Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
1жүрг.ХХІ ғасыр адам өқөыөтары мен бостандығын бірінші орынға қойды.Әрбір еркін мемлекет адам құқығын құрметтеуге,оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндетті.Адам құқықтары халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
Слайд. Бала есімі мен азаматтағы
1 жүрг.Бала құқығы туралы Конвенцияда «Барлық бала есімі мен азаматтық алуға құқықты» деп жазылған.
Бала дүниеге келгенде оның ата-анасы арнайы мекемеде оған есім беріп, тіркеп отырады.Сендердің барлықтарында туу туралы куәлік бар.
2 жүрг.Ол куәлікті сендердің ата-аналарың арнайы мемлекеттік мекеме-азаматтық хал актілерін жазатын білімнен алған. Куәлікте сенің есімің,фамилияң,әкеңнің аты,туылған ай,жыл,күнің,ұлтың жазылған.
Бұл сенің даралығыңның белгісі.
2 слайд.Бала әрқашан бала
Конвенция-Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?
Балалар-бұл бесік арбадағы нәресте,бала бақшаға асыққан сәбилер,бастауыш,5-7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді.Олар- жеткіншектер,яғни өздерін ересек сезінеді.
16-17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.
1 жүрг. Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік:18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат.Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім,жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.
2 жүрг. Конвенцияда балалардың қандай құқықтары анықталған.
Слайд «Балалар өз азаматтығы жайында не біледі?»
2жүрг. Сұрақ.Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
3-сынып оқушыларын әңгімеге тарту.
-Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.
-Мен демалуға құқықтымын.
-Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.
-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.
-Мен дүкенге баруға,ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
-Ойнауға,туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
1 жүрг. Көріп отырсыздар,3 сынып оқушылары өз азаматтығы жайында көп біледі екен.Олар мұны кітаптан емес,өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына,неге рұқсат етілгеніне қарап біледі.
Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.
2 жүрг.Балалар мына құқықтарды атағанын ескертеміз:
-мектепте тегін оқуға
-ойнауға
-демалуға
-театрға баруға
1 жүрг.Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмірі мен
денсаулығын қорғап,балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған.
2 жүрг. «Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
5 сынып оқушыларын әңгімеге тартайық.
-Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей.тек жақсылық істеуге құқықтымын.
-Ең бірінші мен өмір сүруге,оқуға,дем алуға,қыдыруға құқықтымын.
-«Менің құқығым бар» сқзінен міндетті түрде емес,бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
-Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
1 жүрг. «Құқықты болу»-бұл қайсыбір әрекетті атқаруға мүмкіндіктің болуы. Құқық-бұл қоғам мен мемлекетіміз адамға рұқсат еткеннің бәрі,яғни қоғам мен мемлекет бекіткен,жалпыға бірдей тәртіп ережелерін орындау.
Слайд
Жүргізуші:Құқық оқу мәселесінде қалай болмақ?
8 сынып оқушыларын әңгімеге тартайық.
-Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма?
Қаламасам оқымаймын! Бұл менің құқығым.Жоқ бұлай болуы мүмкін емес.Өйткені мемлекеттің Заңында адамның құқығымен қатар міндеті де айқын көрсетілген.
-Декларацияның 26-бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында көрсетілгендей:
1.Бастауыш білім баршаға міндетті ал техникалық және кәсіптік білім- көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.
2.Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне,сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке достыққа ықпал етуі тиіс.
3.Ата-аналар балалары үшін білім беру түрін тандауға құқықты.
4.Қазақстан Республикасының азаматтары тегін орта білім алуға міндетті.
-Әрбір баланың жақсы оқып,сабақта өмірге өажетті жаңа және пайдалы білімдерді беріп отыруға құқығы бар.Құқық-адамның міндеті де болып табылады.
-Құқық адамға тек жақсы,игі істерді жасау үшін берілген.Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.
Жүргізуші.Слайд.Тіршілік.
-Тіршілік ету,өмір сүру туралы не білесіңдер?
-Тіршілік- бұл жүректің соғуы, қозғалысымыз.тыныс алып, ойнауымыз.
-Тіршілік-бұл үлкен ғимараттар салу,бос уақытты тиімді пайдалану.
-Өмір-бұл қуаныш,шаттық,денсаулық.
-Тіршілік бұл жүгіру,секіру,жүру,сабақ оқу.
- Өмір- өзің өзі қоршаған табиғатты аялай білу,үлкендерге көмек беру.
Қорытынды сонымен біз өз құқығымыз жөнңнде бүгінгі тренингте бірақ нәрсе ойымызға түйдік. Б.Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қыз болып өсейік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.