.
.
Тақырыбы: Демократияның басты құралы, Демократияның басты құралы,
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1714 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Демократияның басты құралы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Сайлау. Демократиялық ұстанымдарды өмірге енгізу жалпыға бірдей ашық сайлау өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Демократиялық жолмен сайлау өткізу деп үкіметтің әрекетіне сын көзбен қарауға, онысын жариялауға және балама ұсыныстар енгізуге еркі бар азаматтардың мемлекет басқарушыларды мейлінше әділ жолмен таңдап алуын айтамыз. Сайлау әділеттілігінің өлшемі — бәсекелестік, кезеңділік, өкілеттілік және түпкілікті сайлау жүйелерінің болуымен айқындалады.
Сайлау жүргізу үрдісінде бәсекелестік, ең алдымен, оппозицияның сайлауға қатысуға мүмкіндік алуынан көрініс береді. Сайлауды шын бәсекелестікпен өткізу жағдайында оппозиция өкілдерінің баспасөзге, эфирге шығуы қамтамасыз етіледі, ашық сөйлеуге, жиналыстар өткізуге еркіндік беріледі. Оппозиция пікірі қосымша цензураға ұшырамауы керек. Әділетті сайлау өткізу үшін сайлауға түсетін кандидаттардың бірнешеу болуы шарт.
Оппозиция (лат. oppositio — қарсы қою) —
1) өз көзқарасын, ұстанатын саясатын билік басындағылардың көзқарастарына, саясатына қарсы қоя отырып, әрекет ету;
2) көпшіліктің немесе билік иелерінің пікірлеріне қарсы шығушы партия немесе жеке адамдар тобы. Парламентте үкіметтің құрамына еңбей қалған белгілі бір партия жігін құрайтын депутаттар тобы да оппозиция болуы мүмкін. Оппозиция саяси партиялардың өз ішінде де болады. Кейде жекелеген адамдар тобы партияның белгілі бір ұстанымды қағидаларымен келіспеуі мүмкін.
Фракция (лат. fradio — ұсақтап бөлу) — парламентте, жергілікті билік органдарында немесе өзге ұйымдарда өзінің саясатын жүргізетін саяси партияның ұйымдасқан тобы. Фракция саяси партияның өз ішінде де болады. Партияның өз ішіндегі фракцияны құрушылар оның басты бағытымен келіспеуі, жарғылық қағидаларының кейбіреулеріне қарсы болуы мүмкін.
Сайлаудың кезеңділігі, конституцияда көрсетілгендей, белгілі бір мерзім өткен сайын қайта жүргізіліп отырылуынан көрінеді. Демократиялық қоғамда кез келген жетекшінің сайланбай қалуы немесе қайта сай-лануы әбден мүмкін. Көптеген елдерде кесімді мерзімге сайлаудың соттарға қатысы жоқ. Оның өзіндік қисыны бар.
Өкілеттілік өлшемі түрлі ұлттық, діни, нәсілдік азшылық өкілдерінің үкімет құрамына енуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Демократиялық сайлау жүргізу арқылы билік тұтқасына келген жетекшілер конституцияға сүйене отырып, іс жүзінде өздерінің биліктік құзырын көрсете алуы сайлаудың тіршілік екендігінің көрінісі.
Сайлау жүйесі. Сайлау дегеніміз — әр азаматтың — тұлғаның өмірлік қызметіндегі қажетті, кепілдікті конституциялық минимум болып табылады. Бір жағынан алып қарағанда, азаматтың сайлауға және сайлануға қатысу құқығы болса, екінші жағынан, бұл демо¬кратиялық ұстанымдарды өмірге ендіруге мүмкіндік беретін, әр азамат орындауға тиісті міндет.
Мажоритарлық (франц. majorite — көпшілік) жүйе бойынша өткізілген сайлауда округ бойынша көп дауыс алған кандидат сайланған болып саналады. Бұл жүйенің абсолютті көпшілік дауысты жеңіп алу (сайлану үшін сайлаушылардың 50%-нан астамының дауысын жинау) және салыстырмалы көпшілік дауысты жеңіп алу (өзге кандидаттармен салыстырғанда көп дауыс жинау) сияқты түрлері болады. Мажоритарлық жүйемен сай¬ланған өкімет орнықты болып, байсалды жұмыс жасайды. Депутаттар мен сайлаушылар арасындағы байланыс жақсы жолға қойылады. Елде саяси жанжалдар мен дағдарыстар аз болады.
Абсолютті көпшілік дауыс алу жүйесі бойынша сайлау екі турмен өткізіледі. Алғашқы турда сайлаушылардың жарымынан астанымының дауысын жинай алмаған кандидаттардың салыстырмалы көп дауыс алған екеуі келесі турда дауысқа түсуге құқық алады. Партиялар сайлау барысында ымыраға келеді. Келесі турға өте алмаған кандидаттардың сайлаушылары енді екінші турға өткен кандидаттардың бірін таңдайды. Мұндайда бірінші турда жеңіске жеткен кандидаттың екінші турда жеңіліп қалуы әбден мүмкін.
Шектеуші шарттар. Дүниежүзілік практикада сайлауға қатысушыларды шектейтін шарттар да қол-данылады. Олардың түрлері, мөлшері мен сипаты әр елде әрқалай. Шектеуші шарттар жасқа, азаматтыққа, кейде белгілі бір моральдық нормаларға байланысты алынуы мүмкін.
Кейбір елдерде шектеу жасы сайлаушы мен сайланушы үшін бірдей болып келеді. Мысалы, Қазақстанда – 18 жас, Швейцарияда — 20 жас, Аустралияда, Ұлыбританияда, Ирландияда, Норвегияда — 21 жас, Данияда — 23 жас. Көптеген мемлекеттерде жоғары заңды органдарға үлкен өмірлік тәжірибесі бар адамдар сайлануы керек деген тұрғы ұсталады. Бұл меже де әр елде әрқалай: АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда — 30 жас, Бразилияда, Францияда — 35 жас, Бельгияда, Ливияда, Түркияда — 40 жас.
Сайлау цензі (лат. census — тізім жасау, санау) — конституциямен немесе сайлау туралы заңмен бекітілген, азаматқа сайлауға қатысуға және сайлануға дауысқа түсуге құқық жағдайлар.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §24
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.