Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Еңбек шарты. -

Еңбек шарты.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3079 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 15. Еңбек шарты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау қажеттігін түсіндіру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Еңбек заңы.
Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Ерікті еңбек құқығы деп нені айтамыз?
2. Жұмыс беруші деген кім?
3. Мамандық бойынша жұмыстың маңызы қандай?
3. Білімдерін жан-жақты тексеру
1. Кәсіпорындар және олардың түрлері
4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5.Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Еңбек шарты.
2. Еңбек шартының мерзімі.
3. Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі.
Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек. Осыған байланысты жұмыс беруші мен нақты қызметкердің арасында жасалатын еңбек шарты негіздерінің екі тобы ерекшеленеді.
1-топқа мәнісі еңбек заңнамасымен көзделінген шарттар жатады. Сондықтан оларды еңбек шартының дербес тараптарын орындауға қабылдайды және тараптардың еркіне қарамастан келісімге енгізіледі.
2-топқа тараптардың өздері қоюы мүмкін жағдайлар жатады. Өз кезегінде олар қажетті және қосымша болып бөлінеді. Қажетті жағдайларсыз еңбек шарттары жасалмағандар қатарына жатады. Онда жұмыс орны міндетті түрде белгіленуі тиіс.
Еңбек шартында қызметкерлердің атқаратын жұмыстары туралы талап қойылуға тиіс. Онда қызметкер қай мамандық, қай біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс істеуге міндеттенетіні ескертіледі.Көптеген ұйымдарда қызметкерлердің лауазымдық міндеттері көрсетіледі.Қызметкердің жұмыс орнын (еңбек қызметтерін) еңбек шарты тараптарының екі жақты келісімі бойынша өзгертуге болады. Еңбек шартының тағы бір қажетті жағдайы еңбек шарты жасалған күннен кейінгі жұмысты бастау уақыты туралы болмақ.
Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шарты жазбаша түрде жасалады.Шарт кем дегенде 2 дана етіліп жазылады, жұмыс беруші мен қызметкер қол қояды. Заңда еңбек шартының ұстанымдық мазмұны беріледі. Жұмыс беруші еңбек шартын жасасу үшін қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарын талап етуге құқылы, қызметкер өзінен талап етілген және заңнамамен ұжымдық еңбек шартында қарастырылған басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті . Шартқа сәйкес жұмысты атқару үшін белгілі білім мен біліктілік қажет болса, қызметкер осындай білімі барлығын растайтын құжатты тапсыруға міндетті. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді.
Тараптар белгілі бір мерзімге шарт жасауы мүмкін. Бұл жағдайда шарттың өзінде оның алты айға, бір жылғы, т.б. мерзімі көрсетілуі керек. Шарттың мерзімі өтісімен, ол өз әрекетіне тоқтатады. Шарт белгілі бір жұмысты орындау кезеңіне жасалуы мүмкін. Шарттың дәл әрекет ету мерзімі белгісіз.
Еңбек шарты қызметкерлермен бұрынғы қызметкер ұзақ уақыт жұмысқа шықпаған мерзімге жасалуы мүмкін. Қызметкерлердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан аспауға тиіс. Ол қызметкерлердің ауырып қалуына , басқа да дәлелді себептерге байланысты жұмыс тоқтатылса, ол уақыт аралығы сынақ мерзіміне кірмейді. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе , онда қызметкер сынақтан өткен болып саналады.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру
1. Еңбек шарты деген не, оған қандай шарттар жатады?
2. Еңбек шарты қандай мерзімдерге жасалуы мүмкін?
3. Еңбек шарты қалай тоқтатылады?
7.Жаңа материалды бекіту:
1. Екі ұшты мерзімге жасалған еңбек шарты дегеніміз не?
8.Үйге тапсырма:§ 15. Еңбек шарты.
9.Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.