Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар. -

Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1613 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 37. Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары жайлы баяндау.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының ерекшелігі неде?
2. Қандай жағдайларда азаматтардың саяси құқықтары мен ботандықтарына шек қояды?
3. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына шек қою әділдікке жата ма?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Қандай құқықтар мен бостандықтардың саяси мәні бар, бірнешеуін атап көрсетіндер?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек шарттары туралы.
2. Меншік ұғымы.
3. Еркің еңбек ету құқығы.
4. Кәсіпкерлік.
5. Жұмыссыздық жағдайында азаматтың материалдық қорғалуы.
6. Азамат пен мемлекет, азамат пен кәсіпорын арасындағы қатынастар.
Адамға экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар өзінің мүмкіндіктерін материалдық өндіріс және оның өнімдерін пайдалану саласында, сонымен қоса, жеке басының рухани қажетін өтеуі үшін қажет.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне орай Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары мыналар:

 Қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін мемлекеттік және жеке меншікке негізделген экономика құру;
 Кәсіпкерліктің кез келген түрін қолдау, солардың ішінде, әсіресе материалдық игіліктерді өндіретін салаларға, құрылыс пен тасымал және жеке сауда салаларына артықшылық беру.

Меншік құқығы
Иелену құқығы Пайдалану құқығы Өкімдік құқығы
Азаматтың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге заңды түрде ие болуын айтамыз.Оған азаматтың жеке меншік үйі, саяжайы, автомобилі, ақшасы, түрлі заттары жатады, Жеке өндіріс құралдарын пайдаланып, меншік объектіден түсім түсіру, техника мен технологияны пайдалану құқығы жатады. Азаматтың өз меншігіндегі мүлікті сатуы, жалға беруі, мұра етіп қалдыруы,әлдекімге қайтарымсыз сыйлауы түрінде көрініс береді.
Кәсіпкрлік дегеніміз- түрлі тауарларға, қызмет көрсетуге сұранымды қанағаттандыруға бағытталған
азаматтардың қызметі.Қазақстан Республикасының кез келген азаматы өзіне ұнаған , өзінің қолынан келетін кез келген кәсіп түрімен шұғылдана алады.
Еркін еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Еңбек ету құқығы деп еңбекке қабілеті бар адамның өзіне ұнаған кәсіппен айналысып, өз еңбегінің жемісін көріп, өмір сүруге қажетті табыс табу құқығын айтады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексі еңбекке бостандық құқығын жариялай отырып, еңбек шартының жүзеге асуына толық кепілдік береді. Жұмысқа орналасу үшін кәсіпорын азаматпен еңбек шартын жасайды.
Азаматтардың демалу құқығы.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша жұмыстан бос уақытында адамның өз еркімен демалатын уақыты болып саналады.
Азаматтардың тұрғын үй алу құқығы. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша, азаматтар баспана салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіптер бойынша мемлекеттің тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқығы бар.
Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы. Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы олардың өмір сүру құқығымен сабақтасып жатыр. Денсаулық адамға еңбек етуге, табыс тауып, материалдық жағдайын қамтамасыздандыруға, Отаның қорғауға, отбасын құрып, ұрпақ өсіруге мүмкіндік береді.Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы «адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды»
Азаматтардың білім алуға құқығы Қазақстан Республикасында жалпы орта білім алуға барлық азаматтар міндетті.
Азаматтардың маңызды құқықтарының бірі- көркемдік, ғылыми және техникалық шығармашылық еңбекпен айналысу құқықтары.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарына нелер жатады?
2. Ерікті еңбек ету құқығы дегеніміз не?
3. Білім алудың негізгі шарттары?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Азаматтардың маңызды құқықтарының біріне тоқталындар?
8. Үйге тапсырма:§ 37. Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.