.
.
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 5 Күні: Халықаралық құқық туралы жалпы түсінік
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2180 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: Халықаралық құқық туралы жалпы түсінік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға халықаралық құқық туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;
7)ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Құқық – бұл мемлекет кепілдік беретін және санциялайтын, нормативтік –құқықтың актілерде көрініс табатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті, ресми белгіленген заң нормаларының жүйесі. Құқықта екі тарапты бөліп көрсетеді:
1. Жария құқық-бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, мемлекеттің билік пен бағыныштылық, субординация негізінде құрылған барлық жария институттарының жария билік ретіндегі құрылысы мен қызметі
2. Жеке құқық-бұл жеке істер саласы, яғни, ерікті жеке тұлға, субъектілердің автономиялығы, заң алдыңдағы теңдігі, олардың өзара бағынышты болмауы негізінде құрылған институттар мәртебес
Халықаралық құқық – бұл мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың және басқа да қатысушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін заң қағидалары мен нормаларының жиынтығы. Бұл нормалар шарттарда, конвенцияларда, пактілерде көрініс табады және ынтымақтастық пен күрес жағдайында мемлекеттердің қарым-қатынастарын реттейді
Бекіту – «ратификациялау» - мемлекеттік биліктің жоғарғы органының халықаралық шартты бекітуі. Қазақстанда барлық халықаралық шарттарды Парламент бекітеді.
Халықаралық жария құқық – мемлекеттер мен мемлекеттік – құқықтыұ сипаттағы саяси құрылымдардың, сондай – ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы қатынастарды реттейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты-халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, агрессия мен бейбітшілікті бұзу актілерін басу, бейбітшілікті бұзуға алып келетін даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу, халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту және т.б.
Халықаралық жеке құқық – бұл әр түрлі мемлекеттерге тиесілі субъектілердің арасында туындайтын азаматтық – құқықтың, отбасылық, еңбек қатынастарын не шетелдегі объектілерге қатысты қатынастарды реттейтін құқықтың нормалардың жиынтығы.
Сабақты қорытындылау: халықаралық құқық қандай да бір ұлттық құқық жүйесін кірмейтін және ұлттық құқық нормаларын кіргізбейтін құықтың нормалардың ерекше жүйесін білдіреді
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §30, 165-169 бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.