.
.
Сабақтың тақырыбы:§ 56. Мәдениеттілік. Мәдениеттілік
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2047 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мәдениеттілік адамның қоғамдық ортада өзін ұстау әрекетінен, тәрбиесінен, сыпайылық, қрапайымдылық, кішіпейілділік қасиеттерден тұратынын түіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге, рухани сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Адамның рухани дамуы үшін не қажет?
2. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
3. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?
2. Тілдің мәдениеттегі рөлі қандай?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші.
2. Өздігінен білім алу.
3. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану.
Мәдениеттілік- қоғамдық құбылыс, ас ішер алдында қол жуудан бастап, адамзаттың ақылы мен ойының биігіне дейін қамтитын кең ұғым. Мәдениетті болу- ең алдымен, адам қоғамы жасаған рухани байлық – ғылым негізін игерумен тығыз байланысты.
Мәдениетті адамның жақсы қасиеттерінің бірі – сыпайлық. Мәдениеттіліктің тағы бір белгісі – қарапайымдылық, кішіпейілділік.
Жеке адам мәдениетінің өлшемдеріне адам өмірінің барлық жағы – еңбекке, қоғам мүдесіне қатысты ұстанымы, басқа адамдармен қарым-қатынас мәдениеті, өзін ұстауы, киінуі, жұмыстан бос уақытында немен шұғылданатыны кіреді.
Адамның жеке бас мәдениеттілігі оның өзіне қоятын талабына байланысты. Шыншыл және адал адам өз арына, намысына нұқсан келтіретін әрекеттер жасамайды. Сондықтан ол барлық жағдайда да ұстанымды, адал қалпынан айнымайды.
Шыншылдық дегеніміз – мәдениетті адамның ішкі дүниесінің әсемдігі мен мейірбандығының көрсеткіші ғана емес, ол философиялық және эстетикалық санат.
Мақсатты өмір сүргісі келетін адам әрқашан өздігінен білім алуға ұмтылады. Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды.
Білім - таусылмайтын байлық. Адамның тірнектеп жинаған білімі- оның ешкім тартып ала алмайтын меншігі.
Адамның қабілеті білімнің бір саласын ғана емес, оның бірнеше саласын, солардың ішінде, бір-бірімен байланысы жоқтарын да меңгеріп алуға мүмкіндік береді. Шоқан Уалиханов қоғамдық, саяси, ғылыми қызметтерін қатар жүргізіп, философия әдебиетпен айналысқан. Өзі географ, этнограф, тарихшы, саяхатшы, суретші бола тұра, өмірінің соңғы күніне дейін өздігінен білім алуға деген құштарлығын жоймаған. Өз халқының мәдени жетістіктері мен ерекшелігін өзге тілде жазып қалдырған.
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп Абай айтқандай, білімділердің айтқан ойларының, әйтеуір бір талапты жасқа кез боларына еш күмәнданбауы керек.
«Білімді өлсе- қағазда аты қалады, өнерлі өлсе – істеген заты қалады». Қазіргі ұрпақтың өздігінен білім алуға ұмтылысы қуанарлық. Олар бірнеше тілдерді, компютерді меңгеріп, жаңа білім салаларын үйренуге талпынып жүр.
Біздің қоғамымыз тарихта бұрын болмаған деңгейде ғылыми білімді өрістете түсуді, оны өмірлік практикада қолдана білуді талап етеді. Қоғамның даму үдерісі алдымен бұқараның қоғамдық білімдерді – саясаттану, философия, әлеуметтану, құқық, тарих, психология – ғылымдары негіздерін меңгеру арқылы ділін өзгертумен қамтамасыз етіледі. Олардың міндеті – қоғамдық өмір құбылыстарын теориялық жағынан түсіндіріп, практикалық міндеттерді шешу жолдарын іздестіру, келешекті болжау. Қоғамдық ғылымдар адамдардың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, жеке адамның рухани және адамгершілік қасиеттерін шыңдап бекіте түседі, даму жолын нұсқайды.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Білімнің қажеттігі, адамның өмірлік қызметіндегі рөлі туралы пікірталас ұйымдастыру.
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Адамның мәдениеттілігі неден көрініс береді деп ойлайсыңдар?
2. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
3. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
4. Алған білімің не үшін қажет деп ойлайсындар?
8. Үйге тапсырма:§ 56. Мәдениеттілік
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.