Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мекшікке қарсы қылмыстар -

Мекшікке қарсы қылмыстар

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1531 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Мекшікке қарсы қылмыстар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға мекшікке қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Жеке адамға қарсы қандай қылмыстарды білесіңдер?
- Жеке адамның бас бостандығы дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады.
Мекншікке қарсы қылмыстар деп – иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады.
Ұрлық деп – бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау. Айыптының бөтеннің мүлкін алған және өз қалауы бойынша мүлікке билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікті іске асырған.
Ұрлықтың мынадай түрлері бар:
- Ұрлық
- Тонау
- Қарақшылық
- Алаяқтық
- Бөтен мүлікті иеленіп алу
Алаяқтық деп – бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған ұрлықтың бір нысаны. Заңда ол бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау не сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік алу ретінде белгіленген.
Алдау-бұл жаңылыстыру, жалған мәліметтер тарату, контрагентке жеткізуі тиіс болған мәліметтерді айтпау. Алдау ауызша, жазбаша не басқа нысанда көрінуі мүмкін. Сенімге қиянат жасау, әдетте, қылмыскер мен меншік иесінің арасында пайда болатын ерекше сенімгерлік қатынастарды мүлікті алып алуға пайдаланудан көрінеді.
Тонау- бұл бөтеннің мүлкін ашық ұрлау. Бұл ұрлық пен алаяқтық қылмыстарына қарағанда ұрлықтың аса қауіпті түрі. Тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолданып иеленуден тұратын белсенді әрекетпен сипатталады.
Қарақшылық деп – ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ышыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету.
Бекіту кезеңі:
- Меншікке қарсы қылмыстар дегенді қалай түсінесің?
- Ұрлықтың қандай нысандары бар?
Сабақты қорытындылау: Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылыстардың түрлері әркетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §18, 100-105 бб. Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.