.
.
Сабақтың тақырыбы:§ 9. Мемлекет. Мемлекет
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3401 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мемлекет ұғымы, түрлері, тарихи тұрпаттары жайында түсінік бере отырып, оның қоғамдық өмірге қатысы жайлы баяндау.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі формаларына нелер жатады?
2. Ұлт дегеніміз не?
3. Ұлттың қандай белгілері бар?
4. Халық дегеніміз не?
3. Білімдерін жан-жақты тексеру
1. Сызбаны толтыр.
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
1. Мемлекет ұғымы.
2. Мемлекеттің түрлері.
3. Мемлекеттің тұрпаты.
4. Қоғамдық өмір аялары.
Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
- Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
- Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.б.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
- Мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болады;
- Мемлекеттің ең маңызды белгісі – оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
- Мемлекет әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
- Мемлекет заңдар және басқа нормативтік – құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекеттер иелік етіп отырған жер көлеміне және тұрғындарының санына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.
Аумағы жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет –Ресей Федератциясы,одан кейінгі орындарды тиісінше Канада,Қытай,АҚШ және т.б.
Мемлекеттер тұрпаты жағынан:аграрлық,индустриялдық және постиндустриялдық болып бөлінеді.Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
Қоғамдық өмір аяларын тұтас жүйені құрайтын жүйешелер ретінде қарастыруға болады.Әдетте,қоғамдық өмір аяларын экономикалық,әлуметтік.саяси мәдени деп төртке бөліп қарастыруға қабылданған.
Қоғам өмірінің эканомикалық аясы шеңберінде белгілі бір эканомикалық уклад негізінде өндірісті ұиымдастыру,өндірістік қатынастар,адамның еңбегі,соған тиісті алатын материалдық игіліктері-тұрғын үймен,киіммен,тамақпен,көлікпен,тағы басқа заттармен қамтамассыз етілу мәселелері қарастырылады.
Қоғам өмірінің әлуметтік аясы қоғам мүшелерінің толып жатқан макро және микротоптарға бөлінуін,сондай-ақ топ пен топ,топ пен қоғам,топ пен адам,адам мен тұтас қоғам арасындағы қатынастарды қамтиды.
Қоғам өмірінің саяси аясына мемлекет және мемлекетті басқару,билік,саяси құрылым,идеология,қоғамдық-саяси бірлестіктер және олардың қызметі,мемлекетті басқару органдары(парламент,үкімет,сот билігі),сайлау және референдум өткізу мәселелері қамтылады.Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы қоғамдық сана формаларының-ғалымның,білімнің,өнердің дамуын және олардың өзара байланыстарын қамтиды.
Қоғамдық өмір аяларының бәрінің басын қосқанда-қоғамның салыстырмалы тұтас жүйесін құрайды.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Мемлекет дегеніміз не?
2. Мемлекеттің қандай түрлері бар?
3. Мемлекттің тұрпаты жағынан нешеге бөлінеді?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Қоғамдық өмір аяларын атандар?
2. Мемлекеттің қандай белгілері бар?
8. Үйге тапсырма:§ 9. Мемлекет
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.