Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлері. -

Міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлері.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3315 | Размер: | Автор: Нартай4540
.
Сабақтың тақырыбы:§ 12. Міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлеріне түсінік беру. Шарт түрлерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: Азаматтық кодексі, термин сөздер.
Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Меншік құқығын иелену тәсілдері дегеніміз не?
2. Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?
3. Меншік құқығы қандай жағдайларда тоқтатылады?
4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5.Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Міндеттемелер түсінігі.
2. Міндеттемелердің орындалуы.
3. Үлестік және ортақ міндеттемелер.
4. Ақшалай міндеттеме.
5. Шарт еркіндігі мен ттүрлері.
Азаматтық құқықта барынша мол алуан түрлі шарттар көзделген. Міне, осындай шарттардың негізінде міндеметтемелер деп аталатын құқықтық қатынастар пайда болады.Оны басқаша түрде міндеметтелік құқықтық қатынастар деп атайды.
Міндеттемеге сай бір адам белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға тиіс. Ол борышкер деп аталады. Оның пайдасына іс-әрекет жүзеге асырылатын адам несие беруші деп аталады.
Міндеттеме тиісінше орындалуы қажет. Ол заңға және шартқа сәйкес орындалуы тиіс деген сөз. Егер борышкер пайдалану үшін үш бөлмелі пәтер ұсынуға міндеттенсе, ол оны беруге міндетті.Борышкерлердің шарттары бойынша басқа да міндеттемелері заңдардан туындауы мүмкін.
Кейбір міндеттемелерде орындалу мерзімі көрсетілмеуі мүмкін. Азамат А. Азамат К-ға 10 мың теңге қарыз берген. Оны қашан қайтару керектегін айтпаған. Азамат К. Қарызын қайтару үшін ол кезге дейін жалақысын алып үлгермеген. Әлбетте оған қарызын қайтаратын ақшаны табу үшін уақыт керек. Заңда бұл жағдай ескерілген.Азаматтық кодекстің 722-бабы 1-тармағының 3-бөліміне сәйкес ақша отыз күн ішінде қайтарылуы тиіс.
Субъектілер жасайтын барлық заңды әрекеттер мәмілелер деп аталады.Шарт та мәмілелер болып кледі.
Шарт еркіндігі дегеніміз-тұлғалардың өз еркін білдіруі. Біріншіден, азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасасқанда ерікті болады.Екіншіден, адамдар заңнамада көзделген және заңнамада көзделмеген шарттарды жассаса алады.

Жария шарттың ерекшелігі, шартқа бір тарап ретінде әрқашан кәсіпкер(жеке және заңды тұлға) жасайды. Жария шарттың ерекшелігі міндетті түрде кәсіпкермен жасалуында ғана емес. Тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетулердің бағасы, сондай-ақ жария шарттың басқа да жағдайлары оған жүгінгендердің бәрі үшін бірдей белгіленеді, халықтың жекелеген санаттарына арналған жеңілдіктер тек заңнамада ғана белгіленуі мүмкін.
Кәсіпкер жасасатын шарттың тағы бір түрі-қосылу шарты. Оның ерекшелігі мұндағы шарттарды тараптың бірі стандартты түрде белгіленуінде. Тараптың бірі ретінде тауарды сататын, жұмысты орындайтын, қызметтер көрсеттетін кәсіпкер деп түсінеміз.
Заңда көрсетілген шарттың үшінші түрі- тұтынушылық шарт.Оның ерекшелігі бір тараптан оған кәсіпкердің, ал екінші тараптан клиенттің қатысуы болып табылады. Ол «тұтынушы» деп аталады және көп жағдайда қатардағы азамат болады.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Міндеттеме дегеніміз не?
2. Міндеттемелер қалай орындалу керек?
3. Шарт дегеніміз не?
4. Шарттың қаңдай түрлері бар?
7.Жаңа материалды бекіту:
1. Ортақ міндеттемелерді орындау тәртібі қандай?
2. Жария шартың ерекшеліктері қандай?
8.Үйге тапсырма:§12. Міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлері.
9.Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.