.
.
Пән Құқықтану міндеттемелік құқық
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1687 | Размер: | Автор: Нартай4540Сынып: 11 «Б» Сабақ: 5 Күні:
Тақырыбы: міндеттемелік құқық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға міндеттемелік құқық туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Шарт анықтамасын беріңдер?
- Мәміле деген не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: міндеттемелерді орындау дегеніміз – борыш-қордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Бұл әрекеттерге мүлікті беру, жұмыс орындар, ақша төлеу және т.б. жатады.
Несие беруші – борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.
Борышқор – міндеттемедегі несие берушінің пайдасын белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.
Айып төлеу (айыппұл, өсім) – міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізі алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.
Кепілақы – бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның есепшотына беруі.
Кепілдік – негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.
Кепіл – бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.
Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.
Кепіл зат – кепілге салынған мүліктің кепіл ұстаушының иелігіне берілетін кепіл түрі.
Сабақты қорытындылау: Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін, олар міндеттемені орындауды күрделендіруге немесе тиісінше орындауға алып келуі мүмкін
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §5, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.