Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өмір және оның мәні. -

Өмір және оның мәні.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2570 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 5-6. Өмір және оның мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға өмір және оның мәні туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адами құндылықтарға – мінез құлық, ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерге, бірін –бірі құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: осы тақырыптың мәнің аша отырып, махаббат, бақыт тақырыптары туралы ой қозғау.
Көрнекілігі: хрестоматия.
Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қабілет дегеніміз не?
2. Жад дегеніміз не?
3. Жад қандай қызмет атқарады?
3. Білімдерін жан-жақты тексеру
1. Мектеп баланың бойындағы қабілетті қалай ашады?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
1. Өмірдің мәні.
2. Бақыт түсінігі.
3. Адасу.
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтан, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды»,-деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Адам өмірінің мәні оның қызметінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады.
Тарихтаң түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы-сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз - адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.
Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы бағытты қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, өнер қайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ.
Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардың өз бақытын ерінбей, жалықпай, маңдай терін сыпыра еткен еңбегінен табуының мысалдары айшықтырақ көрінеді.
Коптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға да дайын еді.
Шын махаббат екі жақтың психологиялық үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. Махаббат – адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысты бір маңызды қыры.
Бақыт деген – адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу – әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.
Еңбекпен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мұң ұмытылып, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Адамның өзін –өзі іштей тоздыруы осылай басталады.
Адамның өзін-өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі – бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі – қоғамдағы әділетсіздіктің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді.Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек.
Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыйымен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Суицид дегеніміз не?
2. Жастар арасындағы адасуға не себеп болады?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Өмірдің мәні неде?
2. «Бақыт» дегенді қалай түсінеміз?
3. Адасу дегеніміз не?
1. Үйге тапсырма:§ 5-6. Өмір және оның мәні.
2. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.