Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мораль және құқық -

Мораль және құқық

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3593 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Мораль және құқық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Мораль және құқық туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Мораль — қоғамдық сананың формасы. Адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік нормаларға сай ұстайды. Олардың өзгелерге қатынасын айқындайтын әдептік сапалары болады. Ол сапалар: ізеттілік, ибалылық, мейірбандық, әділеттілік, ізгі ниеттілік сияқты моральдық санаттардан көрініс табады. Қоғамдық идеялардың құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мораль, сонымен бірге, адамдардың қызметінде және тұрмыстағы өзара қатынастарында басшылыққа алатын қағидалары. Бұл қағидалар адамның адамгершілікке лайықты немесе лайықсыз әрекет етуін, өмірде неге ұмтылып, неден іргесін аулақ салуы қажет екендігін белгілеп отырады.
Мораль (лат. moralis — әдет-ғұрып) — адамдардың бір-бірімен және қоғаммен қатыпастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын әлеуметтік институт, қоғамдық сананың бір формасы.
Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді. Мораль күнделікті өмірде болып жататын адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге қажетті ұстанымдарды белгілейді. Ал бұлар жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы.
Моральдық тазалық— адамгершіліктің ең биік шыңы. Әдеп пен мораль адамдардың әрекеттерінен, өзара қатынастарынан шығады. Себебі жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен жауапсыздық, арлылық пен арсыздық, ұждандық пен ұждансыздық адамның мінезі мен әрекетінен көрініс береді. Ал бұлар жеке және қоғамдық сипатта көрінуі мүмкін.
Моральдың негізгі атқаратын функциясы — адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпақка тәжірибе қылып жеткізу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайтындықтан, өзі жинақтаған барлық рухани игіліктерін, соның ішінде моральдың-адамгершілік тәжірибелерін өзінен кейінгілерге — жас ұрпақ өкілдеріне қалдырып отырады. Дүниеге келіп, өмір жолын бастаған жас адам өзіне қажетті рухани байлықтың бәрін өзі жасай алмайды, өзгелер, алдыңғы ұрпақ өкілдері жасап кеткен мұраны пайдаланады, сонымен қоса, оны сақтайды және үнемі жетілдіріп отырады. Осы тұста жеке адамның алдына тартылған моральдық мұрадан таңдап ала білу қажеттігі туады, ол моральдық мұрат іздейді.
Моральдың қоғамдағы функциясы. Мораль қоғамда реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызмет атқарады.
Мораль адамның қоғамда өзін ұстауын барлық салада реттейді. Адамгершілікті мұрат адамға өмір сүруде жалпы бағыт береді және өзін ұстау нормасын түзуге қызмет етеді.
Моральдың танымдық функциясының мәні — адамның рухани өлемін зерттей отырып, оны дұрыс талғамға және қылыққа үйретуінде. Өмірдің мәніне моральдық көзқарас, адамның өзінің кемелдігін және қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуі тұлға дүниетанымының құрамдас бөлігі ретінде көрінеді.
Мораль жене құқық: әрекет аялары. Моральдың құқықтан мәнділік айырмашылығы мынада: мораль — жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Құқық мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылыктар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік орындарының араласуымен жүзеге асырылады. Бұлардың алдыңғысына адамдардың ыңғайсыз жағдайға түсіп, өз кінәсін мойындауы адам санасында басты рөл атқарса, соңғысына жазалау, күштеу (айып, абақты) түрінде қол-данылатын заң ықпал етеді.
Моральдың идеялық мазмұнының негізі — "ізгілік" немесе "зұлымдық", "жақсы" немесе "жаман" деген қатынастарды көрсетуінен туындайды. Егер адамның қылығы адамгершілік ұстанымдарына сәйкес келмесе, онда ол ішінен ыңғайсызданып, өз әрекетін тез түзеуге тырысады. Бұл, әрине, ұятты жоғары қоятын адамдарға тән. Ал ұятпен санаспайтындар мұндай ұстанымдарды бұзып жүрсе де, одан ешқандай ыңғайсызданбауы мүмкін. Ондай адамның қылығы қоғамдық талқылауға ұшырап, пікір тудырады. Моральдың қоғамдық өмірді реттеушілігі осыдан көрініс береді. Моральдық қағидаларды бұзған адамдарға қоғам қарсылық көрсетіп, оны өз ортасынан аластауға тырысады. Ал моральдық норманы сақтаушы адамдарды қоғам сыйлайды, қолдайды.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 49
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.