.
.
Сабақтың тақырыбы:§ 51-52. Моральдың негізгі санаттары. Моральдың негізгі санаттары.
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2067 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мораль және құқық олардың әрекет аяларын түсіндіру.
Тәрбиелік: заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Моральдың бағалау ұғымдары.
2. Мораль санаттары.
3. Моральдық мұрат.
Адамның өзін ұстауына жетекшілік етуге қа+тысты мораль санаттары деп аталатын бағалаушы ұғымдар қолданылады. Олардың негізгілеріне: ізгілік, зұлымдық, парыз, жауапкершілік, ар, намыс, абырой жатады. Санат белгілі бір сапалық қасиетті білдіреді. Ол құптарлық (жақсы) немесе келеңсіз (жаман) қасиет болуы мүмкін.
Ізгілік пен зұлымдық – моральдың негізгі бағалаушы ұғымдары. Олардың мәні салыстырмалылығынан көрінеді. Мысалы, ізгілік пен зұлымдықтың санат ретіндегі мәртебесі бірдей, ал бағалаушы ұғым ретіндегі мәндері қарама-қарсы: ізгілік жақсы қасиетті көрсеткенде, зұлымдық жаман қасиетті көрсетеді. Осы ұғымдар арқылы адамдардың әрекеттеріне не «жақсы» немесе»жаман» деген баға алады.
Жақсылық жасау – ізгілік, ал жамандық жасау – зұлымдық.
Ізгілік пен зұлымдық бір-біріне қарама-қарсы болса да, бір-бірінен ажырағысыз. Олар күн мен түн, ақ пен қара сияқты мәңгілік бірге және бірін – бірі толықтырып тұрады.
Ізгілік – ешқандай марапаттауды күтпейді, ол адалдықпен жан байлығының арқасында жасалынады.
Зұлымдық – табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Олардың біріншісіне: жер сілкіну, сел, дауыл, түрлі аурулар, табиғат апаттары жатады. Адамдардың қоғам өміріне қатысуымен жасалатын зорлық, кек, күншілдік сияқты қылықтар қоғамдық зұлымдылыққа жатады.
Ізгілік пен жауыздық күресінде , ізгілік жеңсе, оны әділеттілік, ал жауыздық жеңсе, оны әділетсіздік деп бағалаймыз. Ізгілік үшін күресу керек, ізгілік іс жасап жатқандарға көмектесу керек. Ізгілік үшін таза, арлы күрес қажет.
Моральдық парыз адамның өзгелердің – отбасының, ұжымның топтың, ұлттың және қоғамның алдындағы міндеттілігін айқындайды және қоғамның объективті дамуынан пайда болады. Моральдық парыз – адамның алдына қоғам қоятын міндет. Бұл міндет қоғамның тарихи дамуына сай өзгеріп отырады. Моральдық парызды міндет емес, қажеттілік деп түсіну қажет.
Ар – тұлғаның өзін-өзі моральдық бақылауға алу қабілеттілігі ретінде көрініс беретін әдептік санат. Парыз бен мотивке қарағанда ардың өзгешелігі адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіну негізінде істеген әрекеттерін өзі бағалауды қоса қамтуынан көрінеді.
Ар – адамның қоғамдық тәрбиемен жетілдіруге болатын қабілеті. Арлылық адамның өзінің әрекеттерінің адамгершілік мәнін тануының тиімді формасы ретінде немесе келеңсіз қылығы үшін эмоциялық күйзелісі ретінде көрініс беруі мүмкін.
Намыс – моральдық сананың кең таралған ұғымдарының бірі. Ар сияқты, бұл да әдептілік санатқа жатады, жеке адамның өзінің қоғамдағы мәртебесін тұщынуын және қоғам тарапынан оның мойындалуына ұмтылысын көрсетеді. Өзінің мазмұны мен сипаты жағынан намыс ұғымы қадір ұғымына жатады.
Намыстың ең басты ерекшелігі – оның асқақтығында, қасиеттілігінде. Сондықтан адамдар бар мүмкіндіктермен оны қорғауға тырысады.
Қадір – тұлғаның өзінің жеке басын бағалауын көрсететін, адамның өзіне-өзінің және қоғам мен жеке адамның моральдық қатынасын бейнелейтін моральдық сана ұғымы, әдептік санат.
Эгоизм (латын.ego – мен) - өзімшілдік, адамның жеке басының мүддесін басқалардың мүддесінен, қоғамдық мүддеден артық санауы.
Альтруизм (франц.altruisme, латын.alter- басқа, бөтен) – қара басының қамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуге бағытталған адамгершілікті санат.
Альтруизм – мағынасы жағынан өзімшілдікке қарама-қарсы санат. Альтруист адамның бойынан мейірімділік пен қайырымдылық төгіліп тұрады.
Моральдық мұрат (грек. Idea – түр, бейне, түсінік, ұғым) – бойына жоғары деңгейдегі үлгі боларлықтай моральдық қасиеттерді жинақтаған тұлға бейнесінде көрініс беретін адамгершілік жетілгендік туралы түсінік.
Адамның ішкі мақсты мұратты құрайды. Адам сол жоғары мұратқа жетуге ұмытылады.
Мұрат адамды белгілі бір мақсатқа бағыттап, оның өмірін жақсартады, келелә әректтер істеуге итермелейді.
Мұрат – қоғамдық құбылыс. Қоғам өзгерген сайын ол да өзгеріп отырады. XVIII ғасырдың әйел мұратын қазіргі ғасыр әйел мұратымен салыстыруға болмайды. Қазіргі әйел- кәсіпкер, зиялы, мақсаткер адам. Қазір жеке адамның қасиеттерін де басқаша бағалаймыз. Әр қоғамда бағалау өлшемдері әр түрлі болған.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар және оларға қысқаша сипаттама беріңіздер?
2. Моральдың бағалаушы ұғымдарына нелер жатады?
3. Моральдық мұрат дегеніміз не?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Қазіргі өмірде альтруист адамдар көп пе? Олардың қайтарымсыз әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
2. Мұрат-қоғамдық құбылыс. Осы тақырыпта пікіралмасу.
8. Үйге тапсырма:§ 51-52. Мораль және құқық.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.