Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Моральдың негізгі санаттары -

Моральдың негізгі санаттары

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1603 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Моральдың негізгі санаттары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Моральдың негізгі санаттары туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Моральды бағалау ұғымдары. Адамның өзін ұстауына жетекшілік етуге қатысты мораль санаттары (категориялары) деп аталатын бағалаушы ұғымдар қолданылады. Олардың негізгілеріне ізгілік, зұлымдық, парыз, жауапкершілік, ар-намыс, абырой жатады. Санат белгілі бір сапалық қасиетті білдіреді. Ол күптарлық (жақсы) яки келеңсіз (жаман) қасиет болуы мүмкін.
Ізгілік пен зұлымдық— моральдың негізгі бағалаушы ұғымдары. Олардың мәні салыстырмалылығынан көрі-неді. Мысалы, ізгілік пен зұлымдықтың санат ретіндегі мәртебесі бірдей, ал бағалаушы ұғым ретіндегі мәндері қарама-қарсы: ізгілік жақсы қасиетті көрсеткенде, зұлымдық жаман қасиетті көрсетеді. Осы ұғымдар арқылы адамдардың әрекеттері не "жақсы" немесе "жаман" деген баға алады.
Жақсылық жасау — ізгілік, ал жамандық жасау — зұлымдық. Әлем халықтарының фольклорында, көркем әдебиет шығармаларында ізгілік пен зұлымдық арасындағы бітіспес күрес көрсетіледі. Адамдардың басым көпшілігі ізгілік жағында, оның жеңгенін қалайды. Оның себебі, ол бастан адам жаратылысының, ізгіліктілігінен болса керек. Бірақ ізгіліктің орнай қоюы оңайға түспейді. Өйткені, ізгілік ашық қимылдайды, зұлымдық — өтірікті, қулықты, сатқындықты пайдаланады, мақсатына жету үшін құрал таңдамайды, жасырын әрекет етеді.
Ізгілік — ешқандай марапаттауды күтпейді, ол адалдықпен жан байлығының арқасында жасалынады.
Зұлымдық — табиғи және қоғамдық болып белінеді. Олардың біріншісіне: жер сілкіну, сел, дауыл, түрлі аурулар, табиғат апаттары жатады. Адамдардың қоғам өміріне қатысуымен жасалатын зорлық, кек, күншілдік сияқты қылықтар қоғамдық зұлымдыққа жатады. Жер бетінде болып жататын соғыстар, төңкерістер, құлдық миллиондаған адамдардың еркінен тыс азап шегіп, зұлымдықты бастарынан өткізуге мәжбүр етті. Өштесудің, агрессияның, жаппай қырудың, тонаушылықтың қауіптілігі сонда, ол отбасы, ұлт, халық, ел, мемлекет сияқты жоғары құндылықтарды жоюға бағытталады.
Моральдық парыз. Моралъдық парыз (немесе борыш) адамныц өзгелердің — отбасының, ұжымның, топтың, ұлттың және қоғамның алдындағы міндеттілігін айқындайды және қоғамның объективті дамуынан пайда болады. Моральдық парызды түсінумен, онымен есеп-тесумен, өзінің әрекетін осыған бағындырумен адамдардың моральдық санасының деңгейі анықталады. Мораль¬дық парыз — адамның алдына қоғам қоятын міндет. Бұл міндет қоғамның тарихи дамуына сай өзгеріп отырады.
Өмірде адамдардың моральдык борышы мен оның жеке бас мүдделері үйлесе бермейді. Кейде адам бір нәрсені канша ұнатпаса да, оны істеуге мәжбүр болады. Адамның моральдық парызды орындауы, алдымен, өзгелер үшін керек.
Ар — тұлғаныц өзін-өзі моралъдық бақылауына қабілеттілігініц формасы ретінде көрініс беретін әдептпік санайтын. Парыз бен мотивке қарағанда ардың өзгешелігі адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіну негізінде істе-ген әрекеттерін өзі бағалауды қоса қамтуынан көрінеді. Ар адамның намысын, абыройын кетірмеуге тырысуы сияқты, адамды өз әрекетімен өзін сыйлаттыруды көздейді, сонымен қоса, тұлғаның қоғамдық қызметке толық берілуін міндеттейді. Қоғамның объективті қажеттіліктерінен туындайтындықтан, ар адамды өзінің де, өзгенің де пікіріне сын көзбен қараттырады, адамды өз әрекетіне ғана емес, айналада болып жатқанның бәріне жауапкер-шілікпен қарауға итермелейді.
Намыс — моральдық сананың кең таралған ұғымдарының бірі. Ар сияқты, бұл да әдептік санатқа жатады, жеке адамның өзінің қоғамдағы мәртебесін тұтынуын және қоғам тарапынан оның мойындалуын көрсетеді. Өзінің мазмұны мен сипаты жағынан намыс ұғымы абырой ұғымына жақын. Жеке адамның өзіне-өзінің және қоғамның жеке адамға қатынасының формасы ретінде көрініс беретін намыс, қадір сияқты адамның өзін ұстауын және айналасындағылардың оған қатынасын ретке келтіреді. Абырой — моральға қатысты алғанда, адамдардың теңдігін негізге алса, намыстың өлшемдері өр адамның әлеуметтік жағдайларына сәйкес ажыратылады. Әркімнің намысының және оны қорғау мүмкіндігінің деңгейі әр түрлі болады.
Абырой — тұлғаның өзінің жеке басын бағалауын көрсететін, адамның өзіне өзінің және қоғам жеке адамның моралъдық қатынасын бейнелейтін моральдық сана әдептік санат. Адамның өз абыройын тұңғыш оның өзіне-өзі қоятын талаптарына негізделіп, тұлғаның өзін-өзі бақылау формасында көрініс береді. Адам өзінің абыройға кетірмеуді көздей отырып, бұл тұрғыда қоғам жағынан қойылып отырған талаптарды тыңғылықты орындауға тырысады.
Эгоизм (латын, ego — мен) — әзімшілдік, жеке басының мүддесін басқа адамдардың мүддесінен, қозамдық мүддеден артық санайтын қағида. Өзімшілдік жағымсыз қасиет деп бағаланады. Бірақ феодалдық қоғамның сословиелік-иерархиялық ұйымдарымен күресі кезінде "адам бақытты болуға құқықты" деп ұран көтерген шақта өзімтттілдіктің белгілі рөл атқарғаны бар.
Альтруизм (франц. altruisme, латын. alter — басқа, бөтен) — қара басының қамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын адамгершілікті қағида. Альтруизм — мағынасы жағынан өзімшілдікке қарама-қарсы санат.
Моральдық мұрат. Әр адамның көңілінде өзі нысана еткен, ардақ тұтатын бейне болады. Әсіресе жастар жағы ондай мұраттарға көбірек бой алдырады. Моральдық мұрат адамның өзі өмірде көріп, кездесіп жүрген қадірлі адамдардың бейнесінде, кейде көркем шығармалардың кейіпкері, өнер шеберлері кейпінде болуы мүмкін.
Моральдық мұрат (грек, idea— түр, бейне, түсінік, ұғым) — бойына жоғары деңгейдегі үлгі боларлықтай моральдық қасиеттерді жинақтаған тұлға бейнесінде көрініс берешін адамгершілік жетпілгендік туралы түсінік. Ол топтың адамгершілік өлшемдері мен қоғамдык мұрат сәйкес келеді.

Мұрат — қоғамдық құбылыс. Қоғам өзгерген сайын ол да өзгеріп отырады. XVIII ғасырдың әйел мұратын қазіргі ғасыр әйел мүратымен салыстыруға болмайды. Қазіргі әйел — кәсіпкер, зиялы, мақсаткер адам. Қазір жеке адамның қасиеттерін де басқаша бағалаймыз. Әр қоғамда бағалау өлшемдері әр түрлі болған. Орта ғасырлардағы серілерге, хандарға, батырларға, билерге, шешендерге немесе қайта өрлеу дәуіріндегі ақсүйектерге қойылатын мұрат талаптарын қазіргі ұрпаққа қоя алмаймыз.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 50
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.