.
.
Сабақтың тақырыбы:§ 13. Нарық және нарықтық қатынастар. Нарық және нарықтық қатынастар.
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3367 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тауар, нарық, ақша ұғымдарына түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Адамның негізгі қажеттіліктерін атаңдар.
2. Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады?
3. Экономикалық жүйе дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Білімдерін жан-жақты тексеру
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
1. Тауар.
2. Нарық.
3. Ақша.
4. Ұсынысжәне сұраныс заңы.
Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім тауар деп аталады. Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым. Нарықтың өзі тауар өндірісінің пайда болуына байланысты өмірге келеді. Тауар – айырбас үшін арнайы дайындалған өнім.
Нарық – тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын, айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді.. Басқаша айтқанда, нарық дегеніміз – нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Ақша экономиканың даму тарихында ерекше текті тауар болып келеді. Ақшаның ерекшелігі – оның әмбебаптығынан, жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрініс береді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үдерісінде делдал-тауар қызметін атқарады.
Ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның шығу тарихы.
жез
қола
ҮІІ ғасырдан бастап күміс қолданылды
алтын
Ақшаның қолданылуына байланысты мынадай қасиеттері бар:
Ақша дегеніміз – жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар.
Тауар құнын анықтаудың бір-біріне қарама-қарсы екі тұжырымдамасы бар. Олардың біріншісі – Маркстің тұжырымдамасы. Бұл теорияға сай әр тауардың құны және бағасы болады, құнның негізіне тек бір ғана өндіріс факторы еңбек алынады. Кез келген тауар – еңбектің жемісі. Әр тауарға сіңірілген еңбектің көлемі сол тауардың басқа тауарға айырбасталу сәйкестігін, демек, құнның ақшалай көрінісі ретіндегі бағасын айқындайды.
Нарық заңдылықтарынан қорытылып шығарылған тұжырымдама бойынша, тауардың құны оны өндірушінің өндіріс факторлары үшін (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының жиынтығымен айқындалады.
Осы екі тұрғыны біріктіре отырып, біз тең салмақты баға теориясын – өндірушінің бағасы мен сатып алушы бағасының арасындағы балансты аламыз. Тауар өндірушінің бағасы мен сатып алушының бағасы арасындағы тең салмақты орнату механизмі ұсыныс пен сұраныс заңында тәптіштей сипатталады.
Нарықтық баға құрыу үдерісінде сұраныс пен ұсыныс шешуші рөл атқарады.
Сұраныс деп сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін айтамыз.
Сұраныс заңы былай тұжырымдалады: баға төмен болған сайын, сатып алынатын тауар саны арта түседі және керісінше, баға жоғары болған сайын, адамдар сатып алатын тауардың саны азая береді.
P, теңге
Сұраныс сызығы:
P-баға, D- сұраныс, G- тауар көлемі.
D
G, дана
Тауар өндірушінің белгілі жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемі ұсыныс деп аталады.
P, теңге
Ұсыныс сызығы:
S P-баға, S- ұсыныс, G- тауар көлемі.
G, дана
Ұсыныс пен сұраныс өзара әрекеттесуінің нәтижесінде нарықтық баға қалыптасады.
P, теңге
S Нарықтағы теңсалмақтылықтың орнығуы.
X P-баға, D- сұраныс, S- ұсыныс,
G- тауар көлемі, X- теңсалмақтылық нүктесі.
D
G, дана
Нарықтың өмір сүруінің басты шарттарының бірі – тауар өндірушілердің арасындағы бәсеке. Бәсеке жоқ жерде нарық та болмайды.
Бәсеке дегеніміз – нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас.
Бәсекелі нарық негізгі үш белгісімен ерекшеленеді:
1) Онда сатушылар мен сатып алушылар көп болады, бірақ олардың ешқайсысы өз бағасын орнықтыра алмайды;
2) Сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер біртекті болады және бірін бірі жеңіл алмастырады;
3) Нарыққа кіру де және одан шығу да қиындық келтірмейді.
Монополия бәсекеге қарама-қарсы котегория болып табылады. Монополия жағдайында сатушы тек біреу ғана болады және тауар өндіруші ұсынылатын тауардың көлеміне толығымен өзі бақылау жүргізеді. Сондықтан ол неғұрлым көп түсім түсіру үшін сұранысқа сәйкес мүмкін болған кез келген бағаны қоя алады.
Монополия – кәсіпорынның немесе кәсіпорындар тобының нарықта билік жүргізуге, бағаға бақылау жасай алатын және оны айқындайтын жағдайға ие болуы.
Қазіргі кезде нағыз монополиялар іс жүзінде жоқ. Алайда табиғи монополиялар деп аталатын, жергілікті телефон компониялары, электр қуатымен, сумен, газбен жабдықтайтын кәсіпорындар бар. Әдетте, мұндай табиғи монополиялар мемлекеттің меншігінде болады немесе оның бақылауымен әрекет етеді.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Ақша қандай қызмет атқарады?
2. Тауардың құны мен бағасының арасындағы айырмашылықты атаңдар.
3. Ұсыныс пен сұраныс заңын тұжырымдандар?
7. Жаңа материалды бекіту:
8. Үйге тапсырма:§ 13. Нарық және нарықтық қатынастар.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.