.
.
Сабақтың тақырыбы:§.28. Некенің тоқтауы және бұзылуы Некенің тоқтауы және бұзылуы
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2582 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылар білімін тиянақтау, өмірмен, ата-анамен байланыс орнату. Некенің қай кезде қандай себептермен бұзылатынын және оны бұзу жолдары туралы заңның, отбасы, неке туралы құқықтың негіздерін баяндау.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, өмір суруге баулу.
Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын туғызу, танымдық белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: «Неке және отбасы туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Отбасы дегеніміз не?
2. Отбасының қоғамдағы қызметі қандай?
3. Некеге тұрудың қандай шарттары бар?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. «Неке және отбасы туралы» Заң қашан қабылданды?
2. Қандай жағдайларда неке қиюға жол берілмейді?
3. Жалған неке дегеніміз не?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Некенің бұзылуы
2. Некені сот тәртібімен бұзу
3. Некенің жарамсыздығы
Некенің бұзылуы- отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет.
Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі әртүрлі. Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:
- Тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы, т.б);
- Тұлғааралық келіспеушіліктер (өзара сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемдікке салыну);
- Ішкі жағдайлар (жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).
Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз- жұбайлардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі зайыптылар арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі зайыптылар арасындағы құқықтық қарым- қатынастардың тоқтатылғанын білдіреді.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы некені бұзудың екі түрін белгілейді.
1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу.
2. Некені сот тәртібімен бұзу.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ;
2. Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын;
3. Ерлі зайыптылардың өзара келісімі жағдайында жүргізіледі.
Некені сот тәртібімен бұзу
1. Кәмелетке жасқа толмаған ортақ балалары болса;
2. Жұбайлардың біреуі некені бұзуға келісім бермесе;
3. Ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмаса, бірақ өз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан жалтарса неке сот тәртібімен бұзылады.
Некенің жарамсыздығы дегеніміз- некеге тұрғаннан бастап пайда болған барлық құқықтық салдарды жою. Некенің күшін жоюдың мәнісі мұндай неке бұрын – соңды болмаған деп танылады, ешкімге құқықтар мен міндеттер жүктемейді. Мысалы, бірлесіп тапқан мүлік тепе-тең мөлшерде бөлінбейді, алимент алу немесе талап ету құқығы жойылады:
- Некеге тұрушы ер адаммен әйелдің өзара келісім нәтижесінде құрылмаса;
- Заңда көрсетілген неке жасына толмаған болса;
- Неке, араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар арасында жасалса;
- Некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен отбасы мүшелеріне, жеке басына, қоғамға қауіпті ауруын жасырып келсе, неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.
Сот некені жарамсыз деп танығаны туралы шешімнің көшірмесі үш күн ішінде АХАЖ органдарына жіберіледі. Неке тіркелген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Неке дегеніміз не?
2. Некені тоқтату дегеніміз не?
3. Қандай жағдайлар некені тоқтатуға негіз бола алады?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Ажырасу ұғымына анықтама беріңдер. Оның қандай жағымсыз жағдайлары бар?
2. АХАЖ органында некені тоқтату қандай жағдайларда жүзеге асады?
3. Некенің жарамсыздығы дегеніміз не?
8. Үйге тапсырма:§28. Некенің тоқтауы және бұзылуы.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.