Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қоғамдық бірлестіктер. -

Қоғамдық бірлестіктер.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3257 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 26. Қоғамдық бірлестіктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға қоғамдық бірлестіктер, олардың түрлері, саяси партиялар мен олардың жіктелуін баяндау.
Тәрбиелік: оқушыларды өз ойын ашық айтуына, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып,патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Унитарлы мемлекет дегеніміз не?
2. Дүниежүзіндегі унитарлы мемлекет қатарына қандай мемлекеттер кіреді?
3. Федерация дегеніміз не?

3. Білімдерін жан жақты тексеру
1. Конфедерация дегеніміз не?

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Қоғамдық бірлестіктер.
2. Саяси партиялар.
3. Саяси партиялардың жіктелуі.
Басқарудың демократиялық әдістерінде қоғам өміріне халық бұқарасы араласып отырады. Бұқара түрлі ұйымдарға, топтарға, ассоцияларға, партияларға бірігеді.

Партия дегеніміз- белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді ұйымдасқан бөлігі. Саяси партиялар алдына айқын мақсат қояды, өздерінің идеологиялық ұстанымдарын ұстана отырып, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, қоғамның саяси өміріне және ұйымдастырылуына әсер етеді.
Саяси партияның өзге қоғамдық бірлестіктен ұстанымды айырмашылықтары болады.
Олар мыналар:
 Саяси партияның негізгі мақсаты- билік үшін күрес жүргізу;
 Саяси партия жұмысының негізгі ұстанымдары оның жарғысында көрсетіледі;
 Саяси партияға мүшелік индивидуалды және есепті болады;
 Саяси партияның мақсаты мен міндеттері бағдарламалық құжаттарында түйінделеді;
 Саяси партияның өзінің рәміздері мен атрибуттары болады.

Авангардтық партияларға централизм, қатаң субординация, төменгі органдардың жоғары органдарға сөзсіз бағынуы тән. Мұндай партия белгілі бір тарихи жағдайларда тоталитарлық партияға айналады.
Парламенттік партиялардың мақсаты- саяси билікті жеңіп алу. Алайда олар мемлекеттік құрылғылардағы көпшілік орынды сайлауда жеңіп алуға тырысады. Бұл партиялар қоғам мен мемлекеттік саясатын ашық талқылайды, кеңестер береді, өз шешімдерін ұсынады, жүргізіліп жатқан шараларға қарсылықтарын ашық білдіреді.
Саяси партиялар дегеніміз – уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын, қоғамдағы саяси белсенді адамдардың динамикалық ұйымы болып табылады.
Саяси партиялардың атқаратын негізгі иіндеттері:
-қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың арасында делдалдық қызмет атқарады;
-сайлау науқанын идеялық және ұйымдық жағынан қамтамасыз етеді;
-депутаттық кандидаттар ұсынады.
Түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің ортақ мүдделеріне қарай бірігуінің формалары мен түрлері қоғамдық ұйымдар деп аталады. Оларға – одақ, ұйым, қоғам, қозғалыс, ассоциация, комитет гильдия, т.б. жатады. Көпшілік жағдайда олардың қызыметтерінің сипаты «халықтық», «азаматтық», «бұқаралық» деген анықтаушы сөздермен айқындалады. Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық бірлестіктердің бұл түрін үкіметтен тыс ұйымдар (ҮТҰ) деп те атайды.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Қоғамдық бірлестіктер саяси сипатына қарай нешеге жіктеледі?
2. Саяси партия дегеніміз не?
3. Саяси партияның өзге қоғамдық бірлестіктерден қандай қағидалы айырмашылықтары бар?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы ұстанымды айырманы салыстырындар?
2. ҚР саяси партияларды атандар?
3. Саяси партиялар қалай жіктеледі?
8. Үйге тапсырма:§ 26. Қоғамдық бірлестіктер.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.