Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (Адам.Қоғам.Құқық,  9 – сынып) -

Қоғамның әлеуметтік құрылымы (Адам.Қоғам.Құқық, 9 – сынып)

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5441 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
(Адам.Қоғам.Құқық, 9 – сынып)


Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының
тарих пәні мұғалімі
Кенжеалиева Ботагоз Сағындыққызы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Адам.Қоғам.Құқық пәніне деген қызығушылығын арттыру, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қауымдастық сөздерінің мәнін білуге;
Әлеуметтік таптарды жіктей және мағынасын ашып талдай білуге үйрету;
Қоғамның әлеуметтік таптарына оқушылардың көзқарасын білу.
Әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту мен оқуды бағалау, АКТ қолдану.
Оқыту нәтижесі: Әлеумет, әлеуметтік қоғамдастық сөздерінің мағынасын түсінеді. Әлеуметтік топтар мен таптардың жіктелуін, олардың қоғамдағы үлесі және әлеуметтік қамсыздандырылуы туралы біледі.
Көрнекілігі: бейнежазба, интербелсенді тақта арқылы слайдты пайдалану.
Сабақтың барысы:
Сынып мозайка құрастыру арқылы топқа бөлінді. Топтың атын өздері «Тұлпар», «Тарлан», «Бавария» деп атаған.
Сабақты «Қазақстанның ең бай адамдары» атты бейнежазбаны көрсету арқылы оқушылардың сабаққа зейінін аударып, бейнежазбаға ауызша талдау жасай отырып сабақтың тақырыбы анықталды.
АКТ қолдана отырып тақырыпқа байланысты слайт көрсетілді.
Оқушылардың өз бетімен орындауына топтарға «Қоғамның әлеуметтік құрылымын» бейнелеуге тапсырма берілді. Бұл қатынас арқылы оқушылар жаңа сабақта бұрыннан білетіні мен бүгінгі білгеніне талдау жасай отырып, жүріп жатқан процеске әр оқушы тартылды, өз беттерімен оқуға мүмкіндік туғызылған орта қалыптасты.
Оқулықты және өз білімдерін пайдалана отырып әлеуметтік таптардың жіктелуін, олардың материалдық қамсыздандырылуы, қоғамдағы үлесі туралы мәліметтерді топпен бірлесе отырып қағаз бетіне сөзбен немесе суретпен бейнелеп түсірді. Берілген уақыттан соң әр топ өз тапсырмаларын ортаға шығып қорғады. Тапсырманы қорғауға байланысты әңгімелесу (диалог) жүргізілді.


Суретте: Оқушылардың топтық жұмысы және тапсырманы қорғау сәті.



Суретте: Оқушылардың орындаған жұмысы

Бағалау: Критерийлер бойынша оқушылар өзін – өзі бағалайды.
1. Әлеумет сөзінің мағынасын ашу.
2. Әлеуметтік топ, таптардың жіктеп, ажырату, оларға түсініктеме беру.
3. Әлеуметтік таптардың материалдық қамсыздандырылуы.
4. Әлеуметтік таптардың қоғамдағы үлесі.
5. Әлеуметтік қатынастар сөзінің мағынасын ашу.
6. Тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі.
Берілген критерийлер бойынша 1-3 балл аралығында оқушылар өздерін бағалады.

Рефлексияны оқушының өз көзқарасы бойынша сабақтан алған танымдық, эмоционалдық деңгейін анықтау мақсатында кері байланыс ретінде жүргізілді.

Суретте: Бағалау ағашы рефлексиясындағы оқушының жұмысы.

Түйін:
Топтағы бірлескен оқу арқылы оқушылар өз бетімен жаңа тақырыпты игерді, бір-бірімен тығыз ынтымақтастықта болды, бірлесіп жұмыс жасады. Пікір-талас, ой талқы, өз идеяларын талдау арқылы олардың ой-өрісі кеңейгенін, мысалдар келтіре отырып әлеуметтік таптарды салыстыра алғанын байқадым. Топтағы бірлескен жұмыс және оқушылардың бірлескен сұхбаты арқылы тұйық оқушылардың да белсенділігі артты, қарым-қатынас достыққа, сыйластыққа ұласты. Бір–бірінің идеяларын қолдап, суреттерді сөйлете алу дағдысы қалыптасты. Әңгімелесу барысында өздерінің қабілеттерімен, дарынды және таланттылығымен, көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленетін оқушылар да шықты.

Дерек көздер:

Адам.Қоғам.Құқық, авторлары: Жүкешев Қ., Сапарғалиев Ғ., Асанбекова Г., Мектеп баспасы, 2009,
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы «Мұғалімге арналған нұсқаулық».
Google сайтынан «Қазақстанның ең бай адамдары» бейнежазбасы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.