.
.
Сабақтың тақырыбы:§ 55. Руханият Руханият
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2055 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға руханияттың қоғам дамуымен байланысы, рухани дамудың мәдениеттегі рөлі туралы оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге, рухани сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
2. Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Мәдени дәстүрлерге не жатады?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Қазіргі жастардың талғамдары қандай?
2. Қазіргі жастар талғамдары жағынан өзіндік стильдерімен ерекшеленеді.
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Руханияттың қоғам дамуымен байланысты.
2. Көркемөнердің рухани жетілуіне әсері.
Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты – руханият. Керек десеніз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. Руханият – адамның дүниетанымының кеңдігінен, санасының жоғарылығынан, ізгілік үшін белсенділігінен, өзгелерге сүйіспеншілікпенен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, арлылық, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады.
Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді.
Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелілігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді.
Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарылығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.
Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені, руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.
Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады.
Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әртүрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.
Тіл – аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек.
Мәдениетті адам өзінің мәдени деңгейін үнемі арттырып, істе жоғары саналылық танытып, дүниежүзілік әдебиет және көркемөнер жетістіктерімен үзбей танысып отырады.
Нағыз өнер туындысы жұмысшыны да, ғалымды да, ұшқышты да, кәсіпкерді де... бәрін толғандырады. Өнер – әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар жаңа мағлұмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Руханият адамға қалай келеді?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атандар?
2. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
3. Мәдениеттіңмәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?
4. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?
8. Үйге тапсырма:§ 55. Руханият.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.