.
.
Тақырыбы: Руханият Руханият
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1885 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Руханият туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Руханияттың қоғам дамуымен байланысы. Адам¬дарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты — руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. Руханият — адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, сана-сыныц жоғарылығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы-адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді.
Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Рухани қоры мол адам күнделікті қызмет соңында тіршілік күйбеңімен жүрген адамдардан өзгешеленіп тұрады. Рухани байлыққа ұмтылатын адам күнделікті өмірде ұшырасатын небір кесапаттарды жеңіп отырады, қоғаммен және табиғатпен үндес өмір сүреді.
Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі.
Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.
Тіл — аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі ролі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек.
Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы. Өнер — әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар.
Өнердің тамаша туындыларын көрген сәтте бізді әсемдікке күштарлық, ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар шын мәнінде терең эстетикалық ләззат бере алады. Мұндай шығармалар жаңа мағлұмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді.
Әдеби шығармалар адам өмірінің сырлы, белгісіз жақтарымен, белгілі бір дәуірдегі ой және сезімдер дүниесімен таныстырады. Нағыз музыка өзінің әсемдігімен эмоциялық шабыт беріп, біздің көнішмізді көтеріп, жаңа ой, жаңа сезім тудырады. Өнер туындысы арқылы берілген халық өмірі жайындағы білімдердің маңызы өте зор. Бұл білімдер тарихшылар, экономистер, саясатшылар мен заңгерлердің еңбектеріндегі білімдерден бейнелілігімен өзгеше. Өнердің бейнелеу объектісі алуан түрлі және өте бай. Өнер адамдардың ойын, сезімін, қуанышы мен ренішін, өзара қатынастарын ашып көрсетеді. Сонымен бірге біз өзімізден де қандай болсын жаңа қасиет, ерекшелік тауып, өзіміздің жеке басымызды терең түсіне бастаймыз. Адам және оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдык қатынастар — өнердің басты объектілері. Шын суреткердің шығармаларынан адамның мінезі, әрекеті және өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастарынан, олардың мораль¬дық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды кейіпкерлермен бірге жағымсыз кейіпкерлерді де көреміз. Жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы шеберлер жасаған кейіпкерлер адамгершілік дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып отырады. Олар қаншалықты көп қырлы, типті, мінезді болып келсе, біз үшін соншалықты қызықты.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.
2. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
3. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?
4. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 53
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.