.
.
Сабақтың тақырыбы:§ 58. Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті.
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2209 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға сөз мәдениеті, сөз әдебі ұғымдарына назар аудара отырып, өз араларында осы өлшемдердің қарым-қатынас үдерісінде орындалу жағдайы туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық: сөйлеу мәдениеті тақырыбына терең талдау жасап, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, үйретуге үлгі алуға баулу.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қарым-қатынас дегеніміз не?
2. Қарым-қатынас ұғымына нелер жатады?
3. Қарым-қатынастың қандай жақтары бар?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың теңдігі қандай болуы қажет?
2. Қарым-қатынас демократиялылықтың өндіріс үдерісіне әсері бар ма?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынас түрі.
2. Сөйлеу мәдениеті.
3. Сөз әдебі.
4. Тіл стильдерінің жіктелуі.
Тілдік белгілеріне қарай, қарым-қатынас вербальді және вербальді емес болып бөлінеді. Адамдардың белгілі бір тілді қолданып қарым-қатынасқа түсуі вербальді, ал түрлі белгілерді, символдарды, сызбаларды қолдана пікірлесу вербальді емес қарым-қатынасқа жатады.
Адамның әлеуметтік- психологиялық біліктілігі өзін қоғамдық ортада ұстай білуінен, өзгелердің алдындағы міндетін бұлжытпай орындаудан басталады. Қарым-қатынасқа түсіп отырған адамның бойындағы, жүзіндегі, сөзіндегі, қимылындағы кез келген көзге ілінер рәуіштің (нюанстың) өзі ақпарат қабылдап отырған адамның назарынан тыс қалмайды, қайткенде оның санасына із қалдырады.
Адамдардың өзара қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөйлеу мәдениетіне соқпай кетуі мүмкін емес.
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – қоғамдық даму үдерісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттары мен мазмұнын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы.
Сөйлеу мәдениеті, негізінен, ресми келіссөздер жүргізу, өндірістік мәселелерді шешу үдерісінде қолданылатын жалпыадамзаттық денгейде қабылданған, қалыптасқан ережелерден тұрады. Олардың негігі қағидаларына айтылар ойдың дәлдігі, әріптестің қабылдауына сыйымдылығы және сыпайы жеткізілуі жатады. Тіл мен ойдың, ой мен әрекеттің арасында тығыз байланыс бар.
Тіл анық болмаса, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының жетімсіздігі.
Сөз әдебі – дидарласушылардың тіл арқылы ақпарат алмасуын жүзеге асыру үстінде, олардың әлеуметтік рөлдеріне және әңгіменің ресми немесе ресми еместігіне сай таңдап алған қарым қатынас қалыптарының жүйесі. Сөз әдебі қоғамдық санаға сіңісті болып қалған ұстанымдардан тұрады және қарым-қатынасты тіркеу рөлін атқарады.
Сөз жүйесінде қатынас жасаған адам әріптесіне ойын белгілі бір стильді қолданып жеткізеді. Кез келген тілді қолданып ойды жеткізу, алдымен, екі стильге ажыратылады. Олар – ресми және бейресми стильдер.
Ресми стиль дегеніміз – өндірістік тапсырманы орындауға байланысты немесе қоғамдық сипаттағы қызметті атқару үдерісінде қарым-қатынаста қолданылатын сөз саптау ережелері мен реттіліктердің жиынтығы.
Бейресми стиль деп адамдардың қоғамдық өндірістік еңбектен тыс, тұрмыс, демалыс жағдайларында сөз қолдану реттіліктерінің жиынтығын айтамыз.
Ресми стильде сөйлеу мен бейресми стильде сөйлеудің айырмасы- алдыңғысы қоғамдық бақылауда болатын болса, кейінгісі ресми органдардың бақылауынан тыс, адамдардың өз еркімен сөз қолданысы жасалуынан көрінеді.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Тілдің стильдерге жіктелуі деген не?
2. Ресми стильдердің қандай түрлері болады?
3. Ресми стиль мен бейресми стильдің аырмасы қандай?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынастары дегеніміз не?
2. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
3. Сөз әдебі ұғымын қалай түсінесіңдер?
8. Үйге тапсырма:§ 58. Сөйлеу мәдениеті.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.