Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Саясат және билік. -

Саясат және билік.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4452 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 21. Саясат және билік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға саясат, саяси жүйе, билік бөлісу ұстанымдарының мазмұнымен таныстыру, азаматтардың мемлекеттік істерге, билікке араласудағы рөлін құқықтық мәртебесін, қоғамдағы орнын ашып көрсету.
Тәрбиелік: өз құқығын дұрыс пайдалануға, өзгенің құқығын сыйлауға, мемлекет істеріне белсене қатысуға үйрету.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Отбасына қатысты Қазақстанның демографиялық саясатының мәні неде?
2. Қазақстан Республикасы неге отбасының тұрақты болуына, онда балалардың көбірек болғанына мүдделі?
3. Отбасындағы қатынастар.
3. Білімдерін жан жақты тексеру

1. Отбасының қандай тұрпаттары бар?

Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар

Моногамды отбасы Полигамды отбасы


4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Саясат.
2. Саяси жүйе.
3. Халық-билік қайнары.
Саясат (грек. Politika-мемлекеттік, қоғамдық іс) – адамдардың бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешуге бағытталған қызметінің ерекше түрі.
Саясат пен айналысатын адам сипаты және мүдделері жағынан әртүрлі, көптеген параметерлері бойынша біріне –бірі ұқсамайтын адамдармен және топтармен жұмыс істейді. Саясатта ыждағаттылықпен шешілуге тиісті мәселелелерге шетелдермен жасалатын қатынастар, ұлтаралық және этносаралық байланыстар, ұлттық диаспоралардың мәдениетіне, тіліне, дәтүріне қатысты мәселелер жатады.
Саяси жүйе деп шеңберінде саяси өмір өтіп жататын және мемлекеттік билік жүзеге асырылатын институттар жүйесін айтамыз. Саяси жүйе саяси билікке қатыстының бәрін-саяси ұйымдастыруды, саяси нормаларды біріктіреді, саяси көзқарастырады, тұжырымдамаларды, дәстүрлерді қалыптастырады.
Билік деп жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың әрекетіне, тәртібіне, олардың қоғамдық қызметінің сипаты мен бағытына әсер ете алуынан көрініс беретін адамдар арасындағы еріктік қатынастардың ерекше формасын айтамыз. Билік- басқаруға келген адамның немесе адамдар тобының өз еркін іске асыру қабілеті.Мемлекеттік билік біреу ғана. Оның қайнары-халық.

Демократиялық ұстанымдарды жүзеге асырудың басты кепілі-халықтың саяси сауаттылық деңгейі болып табылады.
Заңның орындалуының халық сайлаған депуттатар тарапынан бақылауынан көрініс береді.
Белгілі бір аумақты мекен еткен тұрғындардың механикалық жиынтығы халық бола алмайды. Римдік шешен, ойшыл, мемлекет қайраткері Цицерон (б.з.д. 106-43): «...халық дегеніміз- белгілі бір жағдайлармен бірігіп қалған адамдардың кез келген жиынтығы емес, құқық және мүдделердің ортақтығы мәселелерінде келісіп, бірге әрекет ете алатын адамдардың жиналуы»,-деген болатын.
Халық ұғымына қатысты қалыптасқан түсінікте халықтың қасиеттілігі, асқақтығы дәріптеледі. Халықты жеңу, жойып жіберу мүмкін емес, ол бәрібір түбінде әр нәрсені өз орнына қоятын фактор деп қарайды. «Көп – қорқытады, терең- батырады» деген халық мақалы да осыны меңзейді.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Тарих сабағында алған білімдерін пайдалана отырып, халық ұғымына қатысты ойларын ортаға салу.
2. Саясат дегеніміз не?
3. Саяси жүйе дегеніміз не?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Билікті бөлісу ұстанымдары дегеніміз не?
2. Билік дегеніміз не?
8. Үйге тапсырма:§ 21. Саясат және билік.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.