Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Саясат және билік -

Саясат және билік

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4280 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Саясат және билік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Саясат және билік жүйесі туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары: Саясат. Саясат (грек, politika—мемлекеттік, қоғамдык іс)—адамдардың бұқарамен, қоғамдың бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі. Мемлекеттік деңгейде шешілуге, билік жүргізуге қатысы бар істердің, халық бұқарасының немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың. Мүдделерін қозғайтын өрекеттердің бәрі саяси сипат алады. Мемлекеттік билікке қатысы бар мәселе саясаттағы ең мәнді мәселе болып табылады.
Саяси жүйе деп шеңберінде саяси өмір өтіп жататын және мемлекеттік билік жүзеге асырылатын мемлекеттік мекемелерден, саяси партиялардан, қоғамдың бірлестіктерден тұратын институттар жүйесін айтамыз. Саяси жүйе саяси билікке қатыстының бәрін — саяси ұйымдасуларды, саяси нормаларды біріктіреді, саяси көзқарастарды, тұжырымдамаларды, дәстүрлерді қалыптастырады.
Саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға президент, парламент, үкімет, сот органдары жатады.
Билік деп адамдар арасындагы еріктік қатынастардың формасын айтамыз. Ол адамдардыц, әлеуметтік топтардың тәртібіне, олардыц қоғамдың қызметінің сипаты мен бағытына әсер ете алуынан көрініс береді. Адамдар арасындағы еріктік қатынастар әлеуметтік қатынастарды да айқындайды. Бұдан биліктің әлеуметтік қатынастар формасы ретінде де қызмет ететіні көрінеді. Билік — басқаруға келген адамның немесе адамдар тобының өз еркін іске асыру қабілеті. Билікке қол жеткізуші өзгелердің әрекеттерін өз еркіне бағындыру, басқару және жұмсау мүмкіндігіне ие болады.
Билік бөлісу тек қана жоғары биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына, олардың өзара әрекеттесуі мен бірін-бірі "тежеу және қарсы салмақ" жүйесін пайдалана отырып бөлісу қағидаларына негізделіп жүзеге асырылады. Бұл қағида биліктің толық бір органның қолында шоғырлануына жол бермейді. Ол мемлекеттік билік ағашының заң шығарушы, атқарушы және сот бұтақтарының арасында тұруы керек.
Халық —билік қайнары. Демократиялық қағидаларды жүзеге асырудың басты кепілі — халықтың саяси сауаттылыц деңгейі болып табылады. Бұқара өзі өмір сүретін қоғамға лайықты, өзінің тағдырына тура әсер ететін заңдардың жазылып, талқыланып, қабылданып жатуына енжар қарамай, осы үрдістерге белсене ат салысуы керек. Сонда ғана әділетті заңдар дүниеге келеді.
"Халық" ұғымына қатысты қарама-қарсы екі көзқарас бар. Оның біріншісі — халықтың қасиеттілігін, асқақтығын дәріптейді. Халықты жеңу, жойып жіберу мүмкін емес, ол бәрібір түбінде әр нәрсені өз орнына қоятын фактор деп қарайды.
Бекіту кезеңі:
1. Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
2. Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
3. Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 21
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.