Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Саяси мәдениет -

Саяси мәдениет

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3982 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Саяси мәдениет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Саяси мәдениет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Саяси мәдениет деп азаматтардың саяси білімінің, баеаларының және әрекеттерінің деңгейі мен сипатын, сонымен қоса, саяси қатынастарды ретке келтіретін әлеуметтік құндылықтардың, дәстурлердің нормалардың мазмұны мен сапасын айтамыз.
Саяси мәдениеттің негізінде қоғам мүшелерінің саяси құндылықтарды игеруін қамтамасыз етуге бағытталған қызметі — саяси тәрбие жүзеге асырылады. Жеке адам өзінің азаматтық сапалық қасиеттерін, саяси ынтасын, белгілі мәселелерді шешу белсенділігін көрсетеді, өзінің тәртібін саяси нормалар мен демократиялық институттарға саналы және ерікті түрде бағындырады.
Діл (орыс. менталитет, лат. mens—ақыл, ойлау, ой бейнесі, жан құрылымы) — ұжымдық және жеке сана тереңдігінің деңгейі, жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау мен сезінуге дайындығының, құлшынысы мен зауқының жиынтығы.
Саяси мәдениет дегеніміз — қоғамның саяси өміріндегі факторлар мен құбылыстарды үнемі саралап, ой елегінен өткізіп отыру деген сөз.
Популизм (лат. pcpuu—халықтың, бұқараның құқықтары мен мүдделері үшін күрес) — бұқараға негізсіз уәделер беру арқылы танымал болуға тырысу әрекеті. Популистер қашанда, қай елде болмасын, аз болмаған. Олардың саяси мәдениеті төмен елдерде тіпті көп болуы заңды. Үйіп-төгіп берген уәдесінен сайланып алғаннан кейін айнып кете беретін саясатшылар қай заманда да болған.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — халық бұқарасына ақпарат жеткізудің қазіргі замандық арналары — баспасөз, теледидар, радио, өзге де дыбыс бейне тарату құралдарының жиынтығы.
БАҚ-тың қайсысы болса да бұқараны елде және одан тыс жерлерде болып жатқан саяси және өзге оқиғалармен таныстыра отырып, ақпараттық-ағартушылық қызмет атқарады. Демократиялық қоғамда дұрыс шешім қабылдау үшін адамдарды жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету бағытындағы БАҚ-тың қызметі ерекше мәнге ие. Баспа өнімдері, теледидар мен радио бағдарламалары қоғамға қажетті өнім болып табылады.
Бекіту кезеңі:
1. Демократиялық режімдер жағдайындағы БАҚ-тың қызметін әңгімел еңіздер.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын, әдетте, "төртінші билік" деп атайды. Оның мәні неде деп ойлайсыздар?

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 27
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.