.
.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Сайлау үдерісі.
Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1261 | Размер: | Автор: Нартай4540«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі»
мемлекеттік мекемесінің
құқық негіздері пән мұғалімі
Рыскүл Қуаңбаева
Сабақтың тақырыбы: Сайлау үдерісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сайлау алдындағы үгіт,сайлауға қатысу
Білімділігі: шарттары,сайлаудқаржыландыру,дауыстарды санау туралы кеңінен түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау,сөйлеу мәдениетін дамыту
Тәрбиелігі: Оқушыларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: жарыс сабағы
Сабақтың түрі:сұрақ -жауап
Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: сайлау туралы заң
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын сұрау.
Үй жұмысына байланысты сұрақтар қою.
1.Сайлау дегеніміз не?
2.сайлау цензі дегенді қалай түсінесің? (тізім жасау)
3.Қ.Р-да қандай сайлау жүйелері қолданылады?
III.Жаңа сабақты меңгеру.
Оқулықты пайдаланып, оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмалары: 3 топқа бөлінеді,әр топ өзтапсырмаларын оқулықты пайдаланып, тез және дұрыс орындаулары керек.
1-топтың сұрақтары.
1.Сайлауалды үгіт-насихаты не үшін жүргізіледі?
2.Сайлауалды үгіт-насихаты қай уақытта аяқталады?
3.Сайлауалды үгіт-насихаты қалай жүргізіледі?
4.Кандидаттарға БАҚ-та қандай мүмкіндіктер беріледі?
II-топтың сұрақтары
1.Сайлауалды үгіт-насихаты кезінде сайлау комиссиялары қандай қызметтер атқарады?
2.Жергілікті және өзін-өзі басқару органдарының осы науқанда атқаратын жұмыстары қандай?
3.Кандидаттың бағдарламасы дегенді қалай түсінесіңдер?
4.Саяси партия кандидатының сенімді өкілдерінің қызметі қандай?
III-топтың сұрақтары
1.Қандай жұмыстар республика бюжетінен қаржыландырылады?
2.Сайлау қорлары қалай құрылады?
3.Қордағы ақшаның жалпы саны жайлы ақпарат қай жерде және қашан жарияланады?
4.Сайлауды қаржыландыруға кімдерге рұқсат етілмейді?
IY.Мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары:
Тақырыптың соңындағы практикалық тапсырмалардың жауабын табу.
Y.Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды , топ мүшелерін бағалау.
YI.Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу,қайталау
-
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.